Етістіктің шақтары туралы түсінік.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің шағы туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру. Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, Блум жүйесі.
Сабақ түрі: Дәстүрлі.
Көрнекілігі: Етістіктің шақтарына арналған кестелер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын тексеру.
- Етістік дегеніміз не?
есімше
- Қандай түрлері бар? көсемше
тұйық етістік
- Жаңа сабақ.
- Қызығушылықты ояту
- «Шақ» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер, синоним табу.
- «Шақ» сөзімен сөз тіркестерін құрастыру («балалық шақ», «жастық шақ»)
- Мағынаны ажырату
- Білім. Оқушымен жұмыс
- Етістіктің шағы дегеніміз не?
- Ережені ұғу, түсіну.
- Түсіну. Шақтық мағынаға түсініктеме беру.
Шақтық мағына мынадай болуы мүмкін:
- Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет;
- Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет;
- Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын қимыл, іс-әрекет.
- Талдау. Берілген сөйлемдерді талдап, іс-әрекеттің белгілі бір кезеңде іске асатынына көз жеткізу.
1 топ – Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. (Ы. Алтынсарин)
2 топ – Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. (Ж. Жабаев)
Ортақ тапсырма – Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
- Қолдану.
Оқулықтағы 104-жаттығуды орындайды.
1 топ – 1 абзац
2 топ – 2 абзац
Ортақ тапсырма – 3 абзац
- Жинақтау.
Әр топ етістік шақтарына «топтастыру» жасайды.
Келер шақ Етістік шақтары осы шақ
Өткен шақ
- «Ой толғау» Не білдік?
Қорытынды сұрақтар:
- Қимылдың, іс-әрекеттің өту кезеңі қалай айқындалады?
- Етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің шақтары нешеу?
- Үйге: Ереже, 105-жаттығу.