Толымды және толымсыз сөйлемдер
Тақырыбы: | Толымды және толымсыз сөйлемдер | ||||||||
Мақсаты: | Толымды және толымсыз сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің түрлерін ажырата білуге , сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру | ||||||||
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші: | Толымды және толымсыз сөйлемдерді ажырата алады, сөйлем мүшелеріне талдай алады. | ||||||||
Жұмыс түрі: | Топтық | Модуль:СТО, ДО,Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ | |||||||
Мұғалімнің жазбалары: Әдісі: Сұрақ-жауап, Миға шабуыл, топтастыру , Инсерт т.б
| |||||||||
№ | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Ресурстар | ||||
1 | Ұйымдастыру | Оқушылардың көңіл-күйлерін смайликтер арқылы анықтау (сабақ басында және соңында) Трениинг «Тамаша екен!» Жақты және жақсыз сөйлемдер бойынша топтарға бөлу. Топ ережесін сақтап отыруларын ескерту. | әр оқушы шеңберге тұрып, өздерінің жақсы қасиеттерін айтады,
Топтарға бөлінеді, Бағалау парақшасымен танысады | Көңілдері көтеріледі
Сабақ кезеңдерімен танысады | Топ ережесі | ||||
2 | «Миға шабуыл» Үй тапсырмасын тексеру | Оқушылар үй тапсырмасын бір-біріне сұрақ қою арқылы пысықтайды.(Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар)
| Оқушылар жұпта отырып бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды | Өз ойларын айтады. Диалог орнайды. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді. | Бағалау парағы | ||||
3 | Қызығушылық ояту | Толымды және толымсыз сөйлемдердің ережесі интербелсенді тақта арқылы түсіндіріледі. | Толымды жән толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіреді. | Толымды және толымсыз сөйлемдерді біледі. | Интербелсенді тақта | ||||
4 | «Мағынаны тану» Жаттығулармен жұмыс | Сыныпты жақты және жақсыз сөйлемдер арқылы 2 топқа бөлемін.
І топ:118-жаттығу І топ: 119-жаттығу
| Қарамен жазылған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтап, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай бөлінетін сөйлемнің қай түрі екенін атайды. | Топ ережелеріне сүйенеді
Топпен жұмыс жасайды, толымды және толымсыз сөйлем түрлерін жетік меңгереді. | Оқулық
Бағалау парақша-лары
| ||||
5 | Ақыл картасын салу | І топ: Жақты және жақсыз сөйлем. ІІ топ: Толымды және толымсыз сөйлем
| 2 топ та берілген тақырыптар бойынша топпен жұмыс жасайды. | Әр топ өз постерлерін қорғайды, топтар бірін-бірі стикермен бағалайды | Маркер Постер стикер Бағалау парақша-лары | ||||
6 | Семантикалық кесте | І, ІІ топтарға тапсырма бірдей беріледі І топтың сөйлемі: Менің барғым келеді. ІІ топтың сөйлемі: Оның ән айтқысы келеді. Мәди қатты жүгірді. Қарлығаш- дәрігер. Қырағы Ердос ұшақты анық көрді. Мен көлеңкедегі екеуді бірден тани алмадым. Келгендерді байқамады. | Жақты және жақсыз, жалаң және жайылма, толымды және толымсыз сөйлемдерді сызбаға орналастыру. | Топпен жұмыс жасайды, топтар бір-бірінің жұмыстарына баға береді | Маркер
Бағалау парақша-лары А4 сызба қағаз | ||||
7 | Шығармашылық тапсырмалар
| І топқа сурет беремін, сол бойынша эссе жазады, сөйлемдерді анықтайды. ІІ топ құрамында толымды және толымсыз сөйлемдер құрастырып сөйлем мүшелеріне талдайды
| Суретке қарап толымды және толымсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып эссе жазады. Сөйлемдер құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдайды. | Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері артады, тілдері дамиды, шығармашылық қабілеттері молаяды. Сөйлем мүшелеріне талдауды естеріне түсіреді. Толымды және толымсыз сөйлемдерді ажырата алады. | Бағалау парақша-лары Суреттер А4 қағазы
| ||||
8 | Рефлексия | Кестені толтыру мақсатын түсіндіремін | «ИНСЕРТ» әдісі бойынша сызбаны толтырады. «Мен қандаймын?» ойыны арқылы әр оқушы өзінің қандай екенін айтады. | «Білемін, білдім, білгім келеді» деген сөздерге жауап алынады. Өздерінің жақсы қасиеттерін айтады(жақт ы,жақсыз және толымды, толымсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып) | Кеспе қағаздар | ||||
9 | Үйге тапсырма | Тапсырманың мақсатын түсіндіремін. 2 топқа ортақ тапсырма | ВЕНН диаграммасы арқылы толымды мен толымсыз сөйлемді салыстырады, | Сыни тұрғыдан ойлап, ерекшелігі мен ұқсастықтарын жазады. | Оқушы дәптері | ||||
10 | Бағалау | Бағалау әр тапсырмадан соң бағаланып отырады | Топ басшылары топ мүшелерін әр тапсырмадан кейін бағалап отырады, соңында қорытынды бағасын шығарады | Қалыптастырушы баға мен жиынтық баға қолданылады, әділ қоюға тырысады | Бағалау парақшалары әр топқа | ||||
ы