Ең үздік тіл жанашыры

   Ең  үздік  тіл  жанашыры

Мақсаты: оқушылардың  еліне, ұлтына, тіліне  деген  сүйіспеншілікті  арттыру, тілді  ұлттық  мұра  ретінде сезінуге, тіл мәдениетін  сақтай  білуге  үйрету,  тіліміздің  қадір-қасиетін  бойларына  дарыту.

Көрнекілігі: ұлағатты  сөздер,  интерактивті  тақта.

Жоспар

1.Ұйымдастыру

2.Кіріспе  сөз

3.Жыр  шашу

4.Таныстыру

5.Мақал  жауап

6.Поэзия  минуты

  1. «Қиялға ерік берелік,  өлең  құрап  көрелік!»

8.Суреттер  сөйлейді

9.Шешендік  әлемінде

10.Тапқырлық

  1. Сөз мерген
  2. Қорытынды

Мұғалім: М.Жұмабаев  атамыз « Тіл-адам  жанының  тілмашы, тілі   кем  болса, адамның  кем  болғаны »  деген  екен. Тіл-тарих  тереңіне  бойлатып, өнер бұлағына  сусындататын  рухани әлеміміздің  сарқылмас  бұлағы. Мемлекетіміздің тарихи  тағдыры, мақсаты  тіл  арқылы  баянды   болмақ. Тіл-байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл-мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл-біздің  ұлттық  намысымыз, арымыз.Ана  тілімізді  қастерлеп,  құрметтей  білу-біздің  қасиетті  борышымыз.

Бүгінгі  біздің  байқауымызға  жыр  шашуын алып  келген 6-класс  оқушыларын  қарсы алайық!

Ендігі  кезекті байқауға  қатысқалы  отырған  оқушыларымызды  ортаға  шақырайық!

Хасен  Арсен 11-класс

 «Мақал  жауап» ойыны

1.Өнер  алды  не?

2.Қар  жана  ма?

  1. Қандай кілт аспанда  болады?

4.Уайым түбі  не?

5.Адамның   қай  жеріне  нан  піседі?

6.Сөз  өнері  немен  тең?

7.Қаһарлы  сөз  не бұзады?

8.Еңбек  түбі  не?

9.Әдепті  бала  қандай  бала?

10.Аңдамай  сөйлеген  қалай  өледі?

11.Айтылған  сөз  немен  тең?

12.Сөз  неден  өтеді?

13.Таяқ  неден  өтеді?

14.Сөзі  ненің  оғындай?

15.Тіл  неден  өткір?

16.Тіл  не  жарады?

17.Тауық  түс  көре  ме?

18.Көрдім  деген  неше  сөз, көрмедім  деген  неше сөз?

19.Балалы  үй  қандай?

20.Ашу  не? Ақыл  не?

  1. Ананың сүті мен  баланың  тілі  бірдей  ма?

22.Бір  қазанға  сыймайтын  қандай  бастар?

 

Сен  -тілісің   адамзат  Абайының,

Сен- тілісің   ұрпақтың  талайының,

Сен-тілісің  Махамбет,  Мұхтарлардың,

Алуан-алуан  қаламдас  ағайынның.

 «Қиялға  ерік  берелік,  өлең  құрап  көрелік»

Берілген  сөздерді  қатыстырып  өлең  құрау.

Ана  тіл, қасиетті,  құдірет, ерікті,  күмбірле, ел, алысқа.

Ана  тілім, күмбірле  сарайымда!

Құдірет  берген  ана тіл  талай  ұлға.

Қасиетті  сол  тілдің  арқасында

Ерікті  ел  боп  алысқа  қарайын  да!

Суреттер  сөйлейді.

«Қазақстанның  болашағы-қазақ  тілінде» тақырыбында  сурет  салу.

Қазақ  халқы-шешен  халық. Шешендік  өнер қазақ  халқында  ықылым  заманнан  бері  бар.Олай  болса,  келесі  кезекті   “Шешендік  әлемінде”  бөліміне  береміз.

«Шешендік  әлемінде»

«Еңбек-бәрін  де  жеңбек»тақырыбында  өз  пікірін  қорғау.

 Тапқырлық. (Жұмбақтар  шешу)

Қабат-қабат  қаттама,

Ақылың  болса, аттама.

(Кітап)

Таңмен  көзін ашады,

Әлемге  нұрын  шашады.

(Күн)

Көреді  бәрін өзгенің,

Көре  алмайды  өздерін.

(Көз)

Кесе кесе  мұқалды,

Жони  жони  жұқарды.

(Пышақ)

Жаралғанға  жабысқан.

(Көлеңке)

Белін  бекем  байлаған,

Қоқысты  қоймай  айдаған.

(Сыпырғы)

1.«Сөз  мерген»   сайысы

2.Тұрақты  сөз    тіркестерінің  мағынасын  ашу.

3.Ақыл  қосты-кеңес  берді

4.Ат  ізін  салмау-хабарласпау

5.Бармағын  тістеу-өкіну

6.Жағасын  ұстау-таңдану

7.Ешкімнің  ала  жібін  аттамау-қиянат  жасамау

8.Айды  аспанға  бір  шығарды-аты  шықты,  таң  қалдырды

9.Отқа  май  құю-өршіту

10.Шашбауын  көтеру-жағымпаздану

11.Тіс  қаққан-ысылған

12.Ізі  суымады-көп  уақыт  өтпеді

13.Тырнақ  астынан  кір  іздеу-бәле  іздеу

14.Жер  жұту-жоқ  болу

15.Арасынан  қыл  өтпейді-өте  тату

16.Кірерге  тесік  таппау-ұялу

17.Шаңырағына  ат  ойнатты-астан  кестен  етті

18.Сөзі  мірдің  оғындай-өткір  сөз

Қорытынды.

Мұғалім:  Ана  тіліміз қазірде  үлкен  өріске  жол  тартты.Дегенмен «Ана  тілі-қазақ  тілі» деген  сөзді  қағазға  емес,  көкірегімізге  жазатын  уақыт  жетті.Олай  болса, біздің  мақсатымыз-Ана  тілімізді  қадірлеу,  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  көтеру.

Қымбатты  шәкірттер!  Өзінің  байлығы,  сұлулығы  және  икемділігі  жағынан  дүние  жүзіндегі  озық  тілдермен  теңдесе  алатын  ана  тілің  бар  екенін  ұмытпа!Оқу-білім , еңбек  жолында  ана  тіліміздің  қамқоры  бола  біліңдер!