Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту калай оқу керектігін үйрену
Қараша | 5—күн (07.11.2014ж) | Сарғожаева Асылхан Алымқызы | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту калай оқу керектігін үйрену | |||||
Жалпы мақсаты: | Сабақ үрдісіндегі диалогтық оқытудың маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау. Диалогтік оқыту түрлерін тиімді пайдалануға ықпал ету. | |||||
Күтілетін нәтиже: | 1.Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді; 2. ЖАДА ұғымын сабақ үрдісінде қолдануды біледі; 3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады. 4. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді. | |||||
Түйінді идеялар: | Коучинг – бұл білім алуға және дамуға мүмкіндік беретін үдеріс, сол арқылы мұғалімдер өздерінің кәсіби қызметін жетілдіретін болады. Білімді бірлесіп алуда олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді.Тиімді сұрақ қою маңызды. Диалогтік оқу әдісін қарастыра отырып, жеке тұлғаны сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу | |||||
Уақыты | Коуч әрекеті | Қатысушылар әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
1000-1045
Ой шақыру
Мағынаны ашу | 3минут | Қатысушыларды қарсы алу | Қалаған орындарына отырады | Коуч сырттай бақылайды | ||
5 минут | Сергіту сәті. Жағымды орта қалыптастыру | “Сағат бойынша достар” | Бірге қимылдау, сырттай бақылау | Бағыттау бетшелері | ||
3минут | Топқа бөлу(Түрлі суреттер арқылы) Топ ережесімен таныстыру. | Түрлі суреттердің атауындағы бас әріптер бойынша топқа бөлінеді | Коучингке қатысушыларға бағыт беріледі | Түрлі бейнелері бар суреттер топтамасы | ||
5 минут | Презентация арқылы таныстырылым. Слайдтар бойынша әңгімелесу әдісін зерттеген Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің үш түрі кестесіне мұғалімдердің назарын аудару. | Таныстырылымды көреді, әңгіме түрлерін анықтайды, деректерді талқылайды | Сырттай бақылау | Слайд | ||
5 минут | 1-тапсырма Пікірталас жүргізу «Қазақстандағы мүгедек адамдардың жағдайы» | Әңгімелесу әдісінің үш түріне сәйкес: 1-топ әңгіме-дебат құрастырады 2-топ кумулятивтік әңгіме құрастырады 3-топ зерттеушілік әңгіме құрастырады | Мадақтау, смайликтер беру | Слайд, смайлик | ||
7минут | 2-тапсырма Бейнежазба көрсету Көрсетілген бейнежазбаға сәйкес мұғалімдерге сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу. Талқылау | Жұпта, топта талқылайды. | Сырттай бақылау, бағыт беру | Бейнежазба | ||
14 минут | 3-тапсырма Постер жасау, қорғау “Мүгедектерге қамқорлық”
| Өз тәжірибелеріне сүйеніп топтық жұмыс жүргізу | Сырттай бақылау, бағыт беру | Флипчарт, маркер, стикер, түрлі-түсті суреттер | ||
3минут | Кері байланыс жүргізу | Рефлексия жазады | Өтілген сабақты формативті бағалайды | Стикерлер | ||