Кезектес салалас
Кезектес салалас
Сабақтың мақсаты: білімділік – кезектес салалас сөйлеммен танысады, салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді; дамытушылық – оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру; тәрбиелік – іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілі: топтық, ұжымдық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқулықтар, бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Дөңгелек стол», «Кубизм», «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Алгоритм», «Білесің бе?» ойындары.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар үй тапсырмасын өзара тексереді (жұппен, топпен).
- Қызығушылықты ояту
Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға салалас құрмалас сөйлем туралы білетіндерін жазады, соңғы жзған оқушы оқиды.
- Мағынаны ажырату
Оқулықтағы мәтінді оқып танысады. «Кубизм» стратегиясы бойынша:
- Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?
- Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстыр.
- Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Оның қандай ерекшелігі бар?
Қолданыңыз. Кезектес салаласқа сөйлем ойла.
Ой ашар. Өздері шығарған өлеңдері мен сүйікті ақын-жазушы шығармаларынан өлең оқыту.
«Алгоритм» ойынының сұрақтары
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
«Білесің бе?» ойынның шарты: мен сіздерге аяқталмаған сөйлем оқимын, ал сіздер алдарыңда жатқан парақтағы сөздерден дұрыс жауаптарын тауып, тез жауап айтуларыңыз керек.
III. Ой толғаныс
Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша 116-жаттығуды тақтаға жазып талдату. Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік? (ауызша)
- Үйге тапсырма. Ереже. 118-жаттығу.
- Бағалау. Топ басшылары бағалау парағын өткізеді.
- Қорытынды.
Бағалау парағы.
№ | Топтағы оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | «Дөңгелек стол» | «Кубизм» | «Түртіп алу» | Қорытынды |