И.Байзақов «Алтай»

Сабақтың тақырыбы: И.Байзақов «Алтай»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Иса Байзақовтың өмір жолынан

мәлімет    беру. Алтай өлеңінің мазмұнын ашып түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен

байлықтарын және ақын өлеңіндегі

бейнелеуіш сөздермен түсіндіру

Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға машықтандыра

отырып, өлеңді талдай білу дағдыларын,

сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,

туған жер табиғатына деген

сүйіспеншілікке  тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Алтай тауының суреті, сызба –

кесте, автор портреті, интерактивті тақта, слайдтар

Формасы: Жекелей, фронтальды

Сабақтың түрі: Поэзия сағаты

Әдіс – тәсілдер: тренинг, талдау – жинақтау, шығармашылық,сөздік жұмысы,

өздік  жұмыстар, топтастыру

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру бөлімі:   «Психологиялық тренинг» слайд -3

  1. Сабаққа әзірлеу эмоциясы:Сабақ эпиграфын айту:

Ұқыпты – ұтар, Іздеген – табар,

Оқыған – озар, Еріншек — тозар

III. Үй тапсырмасын сұрау:   С.Мұқанов Көкшенің  кеудесінде  —  Түсінгендерін сұрау

  1. Үй тапсырмасын бекіту: слайд — 4
  • Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген?
  • Осы мәтінді ауыз әдебиет үлгісіне жатқызуға болама?
  • Мәтін авторы кім?
  • Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?
  1. Y. Жаңа сабаққа дайындық эмоциясы: — Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

«Табиғат – туған үйіміз» деген үлкен тараудың шығармаларының бірі И.Байзақовтың Алтай өлеңін өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның қысқаша өмір баянымен таныстыру.

Байзақов Иса (слайд – 5)- (1900- 1946 ж)  Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған.

Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.

Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітіргенЕңбек Қызыл Ту орденінің иегері.

  1. Жаңа сабақ «Ассоциациялық аймақ құру» слайд — 6

Оқушылардың іздену жұмыстары тыңдалады. «Қазақстан таулары»

Оқулықпен жұмыс:   — мұғалімнің оқуы;   — оқушыларға тізбектей оқыту;  — өлеңді талдау

Сөздік жұмысы : аясында – бауырында, құшағында
қиясында – биігінде
өршіл – биікке құмар
күйік – мұң, қайғы
Шығармашылық жұмыс: Өлең ішінен тау сұлулығын бейнелейтін эпитеттік бейнелеуіш сөз тіркестерін тауып, дәптерге жазу

Талдау жұмысы: Өлең бойынша шумақ, тармақ сандарын анықтау

Тез, ойлан: (Өлең бойынша сұрақ – жауап):

  1. Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді?
  2. Опалған бұлтты кімге және неге теңейді?
  3. Ақшақарды неге теңейді?
  4. Тау сұлулығын кімге теңейді?
  5. Тауды көргенде адамның көңіл – күйі қандай сезімде болады?
  6. Алтайдың биіктігі туралы ақын не дейді?
  7. Алтай жерінен қандай кендер шығады?
  8. Алтай аясын қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?

9.Күзде тау да қандай өзгеріс болады?

Рефлексия:Мен қандаймын?

Өзіңізге ұнайтын тау жануарларынан  үш жануарды жазыңыз.

Жауабы:      1. Ортада сізді солай қабылдайды

  1. Басқалардың сіз туралы ойы
  2. Сенің өзің туралы ойың

Өздік жұмыс:

  1. Алтай тауының әсемдігі (Жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)

2.Алтай тауының биіктігі (өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған, бұлт жете

алмаған)
3.Алтайдың аңдары ( киік, арқар, таутеке)

4.Алтайдың кен байлығы (күміс, алтын, мырыш)

YII. Бекіту:Жұмбақ шешу, мақал – мәтелді жазу

Ой – толғау

Мен, Алтай өлеңін оқып отырып біздің елімізде Алтай тауының бар екенін білдім. Ол тау өте биік, әдемі тау екенін байқадым. Таудың сұлулығы таң қалдырды. Тау алқабында аю, қабылан, елік сияқты аңдар мекендейді екен. Алтай жерінен алтын, күміс шығатынын білдім. Осындай байлықты мен мақтан етемін. Туған жеріміздің табиғатын әрқашан қорғап, қамқорлық жасауымыз керек.

YIII. Үйге тапсырма:

  • Өлеңді жаттау
  • Ақтөбе облысындағы таулар туралы мәлімет жинап, жазу
  1. Бағалау
  • Балалар – гүлім менің, Балалар – күйім менің.  Балалар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің – дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңемекпін. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін сендерге мынадай «Шуақты күн»  төсбелгісін сыйлаймын.Мадақтау, мақтау