Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар.
ып
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөздердің байланысу түрлері бойынша оқушылардың біліктіліктерін жинақтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушыларды сөздердің байланысу түрлерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа, ұшқыр ойлылыққа,белсенділікке, жан-жақтылыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, тест тапсырмалары , семантикалық карта.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, үй тапсырмасына дайындалып отыруларына ескертемін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге жанасу туралы оқу, 264-жаттығуды жазбаша орындап, талдап келу берілген болатын. Тапсырманы 2-3 оқушыдан сұраймын. Барлық оқушының дәптерлерінен жаттығудың орындалысын тексеріп шығамын.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту: Оқушылармен біріге отырып, жанаса байланысқан сөз тіркесі туралы жинақтап, қысқаша қорытындылаймыз.
ІV. Сөздердің байланысу түрлері туралы жинақтап, оқушылардың білімдерін пысықтау.
- Сыныптағы 16 оқушыға тест тапсырмаларын таратып беріп, белгілетемін, содан соң жинап алып, бағалаймын.
- Сыныптағы 3 топқа, яғни»Алғырлар», «Білгірлер», «Зеректер» деген топтарға бөлемін.
- Әр қатар ішінде қиысу, матасу, меңгеру,қабысу,жанасулары бар бес-бестен мақал-мәтел айту.
- Семантикалық картаны толтыру.
3.Көп нүктенің орнына қосымшаларды қойып, байланыс түрлерін анықтау.
- Сөзжұмбақ шешу.
- Оқулықпен жұмыс 266-жаттығудың ішінен сөз тіркестерін теріп жазып, талдау.
- «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты шағын ойтолғау жазу, ішінде байланыс түрлері болу керек.
- Қорытындылау, ұтқан топтың мүшелерін бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Байланыс түрлерін қайталау, 267 — жаттығуды жазып, талдау.