Баяндауыш

8

Сабақтың тақырыбы:  Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: баяндауышты сөйлемде ажырата білулерін меңгерту.

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  анализ-синтез т.б

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

   ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Жигсо 2.

  1. Тақырыпты оқу.
  2. Топтастыру
  3. Қорғау
  4. Сұрақтар қою 5 сұрақ
  5. Баяндау, түсіндіру.

Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

   Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:

Құрылысына қарайСұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?
ДараЗаман өзгерген,білім күшейген.

Қазына – халықтікі.

КүрделіАбай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

ҮйірліҚиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

Баяндауыш болатын сөз таптарыСөйлемдер
ЕтістіктерМен өте қуандым

Сен қайда жүрсің?

Сын есімдерБәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Ел тоқ.

Зат есімдерСендер бақытты адамсыңдар.

Ат – көлік, қамшы – қару.

Сан есімдерЕр кезегі – үш.

Үш жердегі үш – тоғыз.

ЕсімдіктерМедеуі – мен.

Өтегені — өзі.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөзОт жылт еті.

Мылтық тарс етті.

 

Бекіту, Топтастыру стратегиясы: Баяндауышты топтастыру.

 

 

 

 

Жаттығумен жұмыс:    38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

….-ынтымақ.                     ….-сәлем   берді                        ….-төрт

….-байлық                          ….-бөлінбейді.                          …..-жетім.

….-оқу.                               …..-білерсің                               ….-жаман

39-Жаттығу.

 

Автор орындығы: Оқушылар баяндауыш бойынша сұрақ қояды.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:    Әдебиеттен баяндауышы бар 5 сөйлем жазу.