«Көмекші есімдер, Астана қаласы».

Сабақтың тақырыбы: «Көмекші есімдер, Астана қаласы».

Сабақтың мақсаты: 

білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, көмекші есімдермен сөз тіркестіру және сөйлемдер құрастыру;

дамытушылық: қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;

тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілікке үйрету, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін, Отанын сүюге,тілді құрметтеуге  тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: «Көмекші есімдер» тірек-сызба, «Астана» -слайдтар, тест сұрақтары.

 

Сабақтың барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды  түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа  дайындығын тексеру, сабаққа  назарын аудару.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (барлық ережелерді қайталап келу)

-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.

-Зат есім деген не? Мысалдар.

-Зат есімнің неше септіктері бар? Қандай? Сұрақтарын айтыңдар…

— Ережені бекіту мақсатында  бір  сөз тіркесін  жазып септеңдер. Оқушылар дәптерлерімен ауысып,бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Тақтаға бір оқушы шығып  сөз тіркесін  жазып септейді,оқушылар

сол оқушының  жұмысын тексеріп, қосымша сұрақ қойып бағалайды.

 

Мысалы:

А.с.бос уақыт+ым

І.с. бос уақыт+ым+ның

Б.с. бос уақыт+ ым+а

Т.с. бос уақыт+ ым+ды

Ж.с. бос уақыт+ ым+да

Ш.с. бос уақыт+ ым+нан

К.с. бос уақыт+ ым +мен

 

  1. Жаңа тақырып.Көмекші есімдер. «Астана қаласы».

Тақтадағы «Көмекші есімдер» атты тірек-сызбаға назар аударыңдар.

Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейміз.

Көмекші есімдер : үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,сырты

Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы; үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі;

жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.

Ережені бекіту мақсатында  тақтада жазылып тұрған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді қойып жазыңдар. Оқушылар бір-бірлеп  тақтаға шығады.

 

Керекті сөздер: жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында

Мектептің  кітапхана бар.(ішінде )

Үстелдің оқулық жатыр. (үстінде)

Қаланың өзен ағып тұр.(сыртында)

Үй   тап-таза. (маңы)

Есік  гүлдер өсіп тұр.(алды)

Аяқ кілем төселіп жатыр.(асты)

Ол тақтаның келіп тұрды.(қасына)

Мұғалімнің оқушылар отыр.(жанында)

 

-Сөздіпен жұмыс.

Сөздерді дұрыс оқып,сөз тіркестер,сөйлем құрастырыңдар(ауызша).

Сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріңдер.

 

— Балалар,біздің тәуелсіз еліміздің бас қаласы қандай? –Астана.

Слайдқа назар аударыңдар.

Астана туралы қысқаша мәлімет  тындаңдар.

(Астана туралы слайдтар.)

-Балалар,Астана туралы кім,қандай қосымша мәліметтер  біледі?

Астана туралы ауызекі сөйлесу.

-Мәтінмен  жұмыс .

2- тапсырма, мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу. (3 қатарды жарыстырып, тақтаға шығып орындату). Бағалау.

3- тапсырма,берілген сөздерді тіркестіріп,сөйлем құраңдар. Бағалау.

4.Сабақты бекіту.

-Тест сұрақтары (15 сұрақ). Бағалау.

-Астана қаласы сөзінен сөздер құрастыру.

(ас,аса,тана,ана,ат,сан,сана,нас,қал,қала,ал,сал,қыс,алыс,қыл,салақ,лақ…)

5.Сабақты қорытындылау. Бағалау.

6.Үйге тапсырма: ережені жаттау,

5-тапсырма.-өлеңді жатау,

6-тапсырма.- тапсырманы жазбаша орындау.