Дауыссыз дыбыстарға жаттығу жұмысы
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстарға жаттығу жұмысы
Мақсаты: білімділік-дауыссыз дыбыстарды тиянақтау мақсатында жаттығу жұмысын жүргізу талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту; дамытушылық-ойлау қабілетін дамыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру; тәрбиелік — қазақ тілін құрметтеуге баулу, ақыл-ой тәрбиесін беру;
Әдісі: сатылай талдау; деңгейлеп оқыту;
Түрі: тиянақтау
Көрнекілігі: сызба-кесте,слайд.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
- Біліміңді тексер: тест
1.Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
а) Күз дігүні ә) Күздікүні б) Күзді гүні в) Күздігүні
2.Дауысты дыбыстарды көрсет.
а) р,л,й,у,м ә)б,в,г,ғ,д б)ы,і,а,ұ,ү в)щ,ш,ц,һ
3.Ашық дауыстыларды көрсет.
А) а,ө,ұ,ү,у ә) а,ә,ө,о,е,э б) ұ,ү,ы,і,и в) м,н,ң,к,қ
4.Еріндік дауыстыларды көрсет.
а) о,ө,у,ү,ұ ә) а,ә,е,э,ы,і,и б) о,ө,ә,э,и,і в) е,і,ы,о,у,ұ
5.Салдырдан жасалған дауыссыз
а) үнді ә) қатаң б) ұяң в) қысаң
6.Қатаң дауыссыз қанша?
а) 10 ә) 12 б) 9 в)15
7.Ұяң дауыссыздар саны қанша?
а) 6 ә)7 б)9 в)10
8.Үнді дауыссыздар саны қанша?
а) 7 ә) 6 б) 8 в) 9
III. Сатылай кешенді талдау
Асты сызылған сөздерге сатылай талдау.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық.
Б.Момышұлы.
Б.Момышұлы кім? Нақыл сөздің мәнін қалай түсінеміз?
ІІІ. Деңгейлік тапсырма.
Адасқан әріптер
І топ. Т,ө,к,е,с-төсек; Д,е,ң,ө,г,е,к,л-дөңгелек; Ғ,а,ы,л,м-ғалым; б,к,и,і-биік
ІІ топ. А…а ті…ің-…азына…
Тәуе…сіз ел …ірегі-бі…ім..і ұ…пақ.
ІІІ топ. Қай жағынан оқысаң да,бірдей айтылатын сөздерді тауып жаз. Мысалы: қазақ, мақам, қырық.
IV топ «Ұйқасын тап»
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап….,
Онда қызық ойын бар,
Оған көңіл…
Ойнаңдар да ойлаңдар,
Қызығына бойлаңдар!
Бәрін қарап шығыңдар,
Әріп санын таныңдар.
- Графикалық диктант.
қ-ү 1.Білім
ү-қ 2.Қалам
қ-қ 3.Мектеп
ұ-ү 4.Сызғыш
1 2 3 4
Нүктелерді қосқан кезде қандай фигура шықты?
- Жұмбақ шешу: әріпті жұмбақ(әріптерді біліп ал!)
- Екі тіреу 2.Дыбыстың озып тұрмын баршасынан,
Басқышы біреу. (н) Төменде жарты ай жатыр шалқасынан. (й)
3.Өркеші дерсің түйенің, 4.Бәрін құрбым біле түс,
Екі «л»-ді қатар сүйедім. (м) Айтшы неге ұқсайды
Қатар тұрса «1 мен 3». (в)
VІ. Қорытынды.Жүйесін тап!
Ребус «Кітап-алтын қазына» (шығармашылық жұмыс)
VII. Үйге тапсырма. Барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын мақал-мәтелдер жазу (біреуіне дыбыстық талдау).
VIII. Бағалау