Көп мағыналы сөздер.
Тақырып Көп мағыналы сөздер.
Мақсат:
1а. Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін бекіту;
1ә. көп мағыналы сөздердің әр түрлі мағынада қолдану білуге дағдыландыру;
- оқушылардың ойлау, салыстыру, талдау қабілеттерін арттыру
- ана тіліне қызығушылықтарын арттыру
Саб.түрі: аралас сабағы
Технолог: А-КТ
Жұмыс түрі: жеке, фронтальдық, өздік
Әдіс-тәсілдері: лексикалық диктант, «адасқан сөз» ойыны, үлестірме материалмен жұмыс, тестілеу, топтастыру
Құрал-жабдықтары: оқулық, эл.оқулық, үлестірме материал, кесте, эл. презентация.
Саб.барысы:
1 кезең | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату. «жетістіктер ағашы». Балалар, біздің Жетістіктер ағашымыз бүгін жалғыз. Оған жапырақпен жабылуға көмектесейік. Алдарыңда жатқан түсті жапырақтарды алып, ағашқа жапсырайық. Қызыл жапырақты таңдағандарыңға бүгінгі сабақ табысты болады. Сары түстіні таңдағандар белсенділік танытады. Жасыл түсті таңдағандар өжеттілігіңмен таңғалдырады. Естеріңде болсын, ағаштың әдемілігі сендердің қалауларыңа байланысты. | ||||||||||
2. Сабақтың мақсатын қою: көп мағыналы сөздерді қайталап, білімдерімізді бекіту. | |||||||||||
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Ө/т қайталау. Лексикалық диктант. 1.Екі не одан да көп мағынаға ие болған сөздер 2. сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы 3. бұлақтың көзі тіркесіндегі ауыспалы мағынадағы сөз 4. лексика нені зерттейді? 5. тәтті ұйқы тіркесіндегі ауыспалы мағынадағы сөз Шағын топтық жұмыс. «Адасқан сөз» ойыны. Ауызша. Топтап бөлінген сөздерді оқып, адасқан сөздерді табыңдар.Топтар бір-бірін тексереді.
| |||||||||||
2-кезең | 1-тапсырма./үлестірме материалмен жұмыс/ Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз) Марат ауыр жүк көтерді.____________________________ Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі.___________Дастарханға ыстық тамақ та келді.__________________Туған жердің әрбір ағашы, әрбір тасы да маған ыстық. .____
2-тапсырма. Эл. презентациядағы суреттерге қарап, көп мағыналы сөздерді анықтап, тура мағынасын түсіндіріңдер.
3-тапсырма. Түсіндірме диктанты. Сөйлемдерді жазып, көп мағыналы сөзді табыңдар. Тура және ауыспалы мағынасын ажыратыңдар. Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Самсаған қалың жарық көрінді. Талғат шкафтан қалың қызыл кітап алды. Тізімнің аяғы көрініп қалды. Мен сөзінің аяғын айтқызбадым.
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 54-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Көп мағыналы сөздерді табыңдар. Тәтті, жұмсақ, қатты. | ||||||||||
3- кезең Өздік жұмысы
Бекіту Бағалау Ү/т | 5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін беріп, оларды мағыналары жағынан топтастырып, кестені толтыру керек. Адамның көзі. Қол. Ақ, әдемі. Қолды болды. Қара. Малдың көзі. Қызу еңбек . Қайнаған су. Таза бұлақ. Иненің көзі. Таза жүрек . Сұлу. Бас. Бос сөз.
| ||||||||||
Эл.оқулықтан тестілеу.
57-жаттығу. |