Дина

Тақырыбы: Дина

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға күй атасы  Құрманғазы мен оның талантты  шәкірті   Дина  жөнінде   білетіндерін  толықтыра  түсу.

Дамытушылық: Көркем сөзді сөздік қорларына қолдану арқылы  ауызша  сөйлеу  дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру  арқылы  шығармашылық ізденіске баулынады.

Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беріледі

Көрнекілігі:    Мәтін авторы: С.Бақбергеновтың суреті.

Құрманғазы , Динаның суреттері.

Тірек сызбалар .

                                    Түрі:    Жаңа білім беру.

Әдісі :   сұрақ-жауап , проблемалық жағдаят.

Қолданылатын  технология :

Сын тұрғысынан  ойлау мен жазу  (топпен жұмыс)

       Пәнаралық байланыс:   қазақ тілі , бейнелеу, музыка.

Күтілетін нәтиже:  Мәтін мазмұныны меңгереді.  Жаңа сөздер

үйренеді. Тапсырмаларды орындау арқылы

шығармашылық жұмыс жасайды, өнерді

құрметтеуге деген көзқарасы қалыптасады..

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Ой ашар. ( Оқу құралдарын дайындату, назарларын сабаққа аудару,. Амандасу , түгендеу. Бір –біріне сәттілік.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру .

Зейтін Ақышев .Жаяу Мұса .  Жоспар бойынша мазмұндау.

  • Шоқанның күтушісі , әрі серігі- Мұса.
  • Шоқанның өз нағашысы —  Мұса.
  • Тәттімбеттің Мұсаға бата  беру және Мұсаның өнері.

Үй тапсырмасын қорыту:

  • Мұса Байжанұлы қашан туды?
  • Қай жылы қайтыс болды? ( 1835-1929 )
  • Қандай өлеңдерін білесіңдер?

(«Көгаршын», «Сұрша қыз» «Ақ сиса »)

ІІІ. Қызығушылықты ояту  сатысы ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)

 

Енді жаңа сабағымызға көшпес бұрын мынаны біліп алайық.

-Өнерлі   деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

— Сегіз қырлы бір сырлы  адам .

-Ендеше , өнерлі адам туралы  не білесің және не білемін деп ойлайсыңдар?

 

Жеке жұмыс ( 1 мин)

— жұптасыңдар    ( көршіңмен ақылдас)

  • топтасыңдар

 

биші

ақын                                            әнші

 

 

 

 

жыршы

спортшы

күйші

 

 

( тақтаға жазылады , шыққан топ жоқ сөздерді  ғана жазады)

Олай болса , бүгін біз атақты   күйші Құрманғазы  мен шәкірті  Дина әжеміз  жайлы мағлұмат алмақпыз.

(Әңгіме авторына тоқтала кету)

С.Бақбергенов   Оңтүстік  Қазақстан облысы ,  Созақ ауданында 1920 жылы   дүниеге    келген.  1997 жылы  қайтыс болған.

 

Алдыңғы сабақта  Құрманғазы мен Дина жайында мағлұматтар  жинақтап келуге берілген  тапсырма  бойынша  кім дайындалып келді?

( 2-3 оқушыдан сұрау).

ІІІ .Мағынаны тани білу / бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыра білу/

  • Оқулықпен жұмыс. ( тізбекпен оқу )
  • Тапсырма .( Мағынасы қиын сөздерге белгі қойып отыру).
  • Сөздік жұмыс
  • Дәптермен жұмыс.
  • Суыт- асығыс ,
  • Кілтипандарын –құпиясын
  • Жігері құм болды- дәрменсіз күйге түсті.
  • Құқай –қиындық
  • Сұрақтарға жауап   беру арқылы мәтін мазмұныны айтқызу.

Ой толғаныс  ( оқушы алған білімі арқылы шешімге келеді.) Шығармашылық жұмыс.

«Қайран шешем » күйін магнитафоннан тыңдай отырып  тапсырмаларды орындау

І топ . Мәтіннен осы күйдің шығу тарихы  жөнініде айтылған тұсты тауып

оқы.

ІІ топ  .   Құрманғазының анасы жөнініде пікіріңді білдір.

ІІІ топ. Мәтінге сүйеніп  , солдаттардың қарсы  қарсы алдына келіп  тақаған

Құрманғазының  бейнесін көз алдыңа  еелестетіп көр.

IV топ. Мәтінге сүйеніп , Құрманғазыны  шығарып салып тұрған топ ішіндегі

Динаның бейнесін көз алдыңа елестетіп көр .

V топ. Мәтіннің соңғы  сөйлемін қайталап оқып шық. Осы жолдардағы ойды

өрбітіп , әңгімені өз бетіңше жалғастырып көр.

 

Қорытынды.

Білемін .                    Білмеймін.                              Білгім келеді.

 

Дина                        Не үшін тұтқынға алынды?   Құрманғазының күйлері

Құрманғазы          Ақырғы өтініші не болды?       Динаның қандай күйлері бар

Күйші                                                                      Олардың ұрпақтары бар ма?

 

 

 

Бағалау .

 

Үйге тапсырма:  

 

І топ . Құрманғазының күйлері.

ІІ топ . Динаның күйлері

ІІІ топ . Құрманғазының өмірбаяны .

IV топ.Динаның ұрпақтары

V топ. Сурет салу.