Кім болғың келеді?

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушыларға мамандықтар туралы түсінік беру. Олардың білімдерін жан-жақты кеңейту.

ә) дамытушылығы: оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ойлау өрісін кеңейту, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

б) тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта Microsoft презентациясы, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндірү.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқушыларды түгелдеу;
  • оқу құралдарын тексеріп, оқушының зейінін сабаққа аудару;
  • жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау.

  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
  • Сөздікті тексеру: ответственный – жауапты

был – болған

варит – пісіреді

ценить – қадірлеу

ІІІ.  Жаңа сабақ.

  1. Сұрақтарға жауап береді? Орыс тіліне аударады. (слайд)
  • Кім үй салады?
  • Кім бала оқытады?
  • Кім сиыр сауады?
  • Кім адам емдейді?
  • Кім нан пісіреді?
  • Кім кітап береді?
  • Кім тамақ пісіреді?
  • Кім киім тігеді?
  • Кім азық-түлік сатады?

 

  1. Сөздікпен танысу:

(слайд)

ұшқыш – летчик

ғарышкер – космонавт

ғалым – ученый

мамандық – профессия

 

  1. Сөз тіркестерін жасаймыз (слайд):

молодой летчик

космонавт сказал

ученый пришел

много профессий

три летчика

английский ученый

первая профессия

новая профессия

 

  1. Мәтінмен жұмыс. (слайд)

Мамандық.

     Мамандық өте көп. Мен мектепте жақсы оқимын. Математика сабағын өте жақсы көремін. Компьютерде есептер шығарамын. Мұғалім маған көп есеп береді. Менің ғалым болғым келеді.          

  • Оқу
  • Аудару
  1. Жуан, жіңішке сөздерді айту (слайд)

мамандық

көп

жақсы

есептер

маған

береді

өте

 

  1. Сұрақтарға жауап беру: (слайд)
    • Не өте көп?
  • Сен мектепте қалай оқисың?
  • Қай сабағын өте жақсы көресің?
  • Компьютерде нелерді шығарасың?
  • Мұғалім саған не береді?
  • Сенің кім болғың келеді?

 

  1. Тапсырманы жалғастыр. Мұғалім, аспаз, дәрігер, әнші, құрылысшы мамандықтардың суреттері бойынша сұраққа жауап береді.  (слайд)

             Ол не істейді?

  • Бұл — мұғалім. Ол бала оқытады.
  • Бұл — аспаз. Ол тамақ пісіреді.
  • Бұл — дәрігер. Ол адамдарды емдейді.
  • Бұл — әнші. Ол ән айтады.
  • Бұл — құрылысшы. Ол үй салады.

 

  1. Сөйлемдерді жаз, асты сызылған сөздерге сұрақ қой. (слайд)

Дәрігер  –  жауапты  мамандық . Дәрігерлік    мамандыққа    медициналық  институтта    оқу керек .   Дәрігерлер  ақ  халат  киеді. Менің дәрігер болғым келеді.

 

  1. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді толықтырып жаз (тәуелдік жалғауды қайталау). (слайд)

Менің шеше…  –  дәрігер.

Сенің шеше…  –  сатушы.

Менің әке…  –  құрылысшы.

Сенің әке…  –  ұщқыш.

Менің аға…  –  студент.

Сенің аға…  –  ғалым.

 

  1. Фонетикалық талдау. Ғалымдар сөзінің дыбыстарын талдаңдар. (слайд)

Ғ -дауыссыз,  ұяң

А — дауысты,  жуан

Л -дауыссыз,  үнді

Ы -дауысты,  жуан

М -дауыссыз,  үнді

Д — дауыссыз,  ұяң

А -дауысты,  жуан

Р -дауыссыз,  үнді

 

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкерінің суреті. (слайд)

Бұл кім?

Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері.

Ал,  сенің кім болғың келеді?

  ІҮ.  Сабақты қорыту.

  • Сөздікті қайталау.
  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?
  • Сенің кім болғың келеді?
  • Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Ү. Үй тапсырмасы.

  • Сөздікті жаттау.
  • 86-бет, 2-тапсырма .