Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Сабақтың тақырыбы: Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Сабақтың мақсаты: а) мәдениеттілікке, әдептілікке, табиғатты сүюге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу ;
Б) зат есімнің жекеше, көпше түрінің жасалуын меңгерту;
В) тілдерін, ойларын, дүниетанымдарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, үлестірмелі карточкалармен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сөздікпен жұмыс .
Көрнекілігі: жаңа сөздер жазылған плакат, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ- жауап
- Зат есім дегеніміз не?
- Жалпы зат есімге мысал келтір.
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Деректі зат есім дегеніміз не?
- Дерексіз зат есімдерге мысал айт?
- Дара зат есім, күрделі зат есімдерге мысал келтір.
ІІІ . Жаңа сабақ
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын жаңа сөздермен танысайық :
Қыстыгүні –зимой
Тоңу- мерзнуть
Морозный –аязды
Ғажайып –чудесный
Жаңа сөздерді оқушылар жекелеп, хормен қайталайды.
№1 тапсырма . Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.
- Қазір қандай мезгіл?
- Қыста ауа райы қандай?
- Қыста қалай киінеміз?
- Қыста немен сырғанаймыз ?
- Қыс айларын ата.
- Енді балалар, тақтада берілген сөздерге қарайық:
Шана –шаналар
Шаңғы – шаңғылар
Киім- киімдер
Адам –адамдар
Нені байқадық? Зат есімнің қандай түрі? Жекеше және көпше. Көпше түрі қалай жасалады? Көптік жалғауы арқылы жасалады. Олар : — лар, -лер, -дар, -дер,- тар, -тер. / дәптерге түртіп алу /
Тапсырмалар орындау.
№3 тапсырма Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Әңгімелерін оқыту, көпше түрдегі зат есімдерді атау .
№4 тапсырма. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Зат есімдер | Жалқы есім | Жалпы есім | Деректі з. е | Дерексіз з.е. | Жекеше түр | Көпше түр |
Шана | + | + | + | |||
Ережелер | ||||||
Астана | ||||||
Байлық | ||||||
Махаббат | ||||||
Мағжан Жұмабаев | ||||||
Күн | ||||||
Орындықтар | ||||||
Боран | ||||||
Балдырған |
Зат есімдер | Жалқы есім | Жалпы есім | Деректі з. е | Дерексіз з.е. | Жекеше түр | Көпше түр |
Адамгершілік | ||||||
Алматы | ||||||
Жұлдыз | ||||||
Кітаптар | ||||||
Сезім | ||||||
Абай | ||||||
Өзендер | ||||||
Мұрын | ||||||
Бор | ||||||
Айгөлек |
Зат есімдер | Жалқы есім | Жалпы есім | Деректі з. е | Дерексіз з.е. | Жекеше түр | Көпше түр |
Ой | ||||||
Өскемен | ||||||
Гүлдер | ||||||
Сөз | ||||||
Сөйлемдер | ||||||
Қарағанды | ||||||
Көл | ||||||
Көз | ||||||
Қарындас | ||||||
Ар-намыс |
№5 тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар орындау
ІІІ деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Қыс айлары; …,…,… . Жерді қалың … жапты. Қыста жиі … жауып, … соғады. Ағаш бұтақтары … жамылған. Шанасын сүйретіп … далаға шықты.
ІІ деңгей. 1. Сөздерді аудар. Ясный день, мерзнуть, кончик носа, закаляться, морозный, лыжи, санки, шуба, идет снег.
- Қыс тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жаз.
І деңгей. «Қысқы демалыс» тақырыбына әңгіме жаз .
№6 тапсырма. / 110 – бет, 3- жаттығу /
- Бекіту. Бүгін сабақта не үйрендік?
Не қызықты болды?
Не қиын болды?
Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Бағалау . Бірін –бірі бағалау.
VI . Үйге тапсырма . № 1 мәтін, мазмұнын айту
VII. Қорытындылау.