Қазақ тілін үйренейік
Тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік
Мақсаттары:
Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар арқылы пысықтау.
Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті оқыту, ойландыру, диалог құру.
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Амандасу;
- Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың іске тез арада қосылуы;
- Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын пысықтау.
— Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: — Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек?
— Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы жұмысқа орналасады.Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар,сан есім мен тұйық етістікті қайталайсыңдар.
Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына отырады.
1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе үшінші топ жалғастырады/:
Тіл жетпейтін түкпір … / жоқ/
Сөз — … /дүниенің сәні/
Сөйлесе білген, … /үйлесе біледі/
Тілдің құлпы…/ тіс/
Тәтті сөз… / тас балқытады/
Халықтың тілі… / қайнар бұлақ/.
Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық етістікті септеу; 2 –топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді атау.
2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра аласыңдар.
1- ҚР рәміздері туралы;
2- қазақ тілі сабағы туралы;
3- ҚР спортшылары туралы.
3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель болсын. Жүргізуші : — мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2 рет шапалақтайсыңдар,т.б.
4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі 3- тапсырма:
а) тапсырманы оқу,мәтінді оқу.
ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/.
б) тапсырмаларды орындау.
5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз
C | ||||||||
А | ||||||||
Н |
Е | ||||||||||
С | ||||||||||
I | ||||||||||
M | ||||||||||
Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер.
6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал – мәтел, жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады.
7- Рефлексия. Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа кластер құрып, жауап беріңдер.
8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін бағаласын.
— Бәрекелді,сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер болашақта жақсы маман боласыңдар деп сенемін.
Үй тасырмасы: 216 – б., 4 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.
Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет.