Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сынып: 6 «А»
Пәні: қазақ тілі
Мақсаты:
- Білімділік: Сын есім түсінік беру.
- Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін өзіне тән белгілерін білу, сөйлем талдауға, төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
- Тәрбиелік: Мейірімділікке, адамгершілікке бірінің ойын, пікірін сыйлауға, құрметтеуге, отанды сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Схема, кеспеқағаз, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.
Жаңа технология: Сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) сұрақ-жауап
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің жасалуы?
- Деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?
ә) 123-жаттығу дара зат есімдер, дерексіз зат есімнің жалпы және жалқы екенін тауып айту.
Өз атын буынға бөлу. Дыбыстық талдау.
Поэзия минуты: Тәулсіздік.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсаты, міндетін таныстыру.
Эпиграф: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой».
Оқушылардың дәптерлерін арттырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.
а) сұрақ-жауап
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің жасалуы?
- деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?
ә) 123-жаттығу дара зат есім, күрделі зат есімнің жалпы және жалқы екенін тауып айту.
Өз атын буынға бөлу. Дыбыстық талдау.
Поэзия минуты: Тәуелсіздік.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсаты, міндетін таныстыру.
Эпиграф: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой»
Оқушылардың дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.
а) Жаңа сабақ. Схема арқылы түсіндіріліп өтіледі. Сын есім туралы түсінік. Сын есім дегеніміз-қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сының, сапасын, түр-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табы.
Сынын: | Биік |
Көлемін: | Кіші, тар |
Мысалы:
Салмақтық | Жеңіл |
Сапасын | Жақсы, сараң |
Дәмін | Ащы, тұщы |
Мезгіл-мекенге | Тасты жер |
Қатысты | Сусыз, арна, балалы үй |
І. Өзіндік жұмыс: Жаңа сабақты пысықтау.
Мақсатында128-жаттығуды өз беттерінше орындайды. Жеке бағдарлама.
(карточкалар)
ІІ. Ойлан тап: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты.
- Оқушылар елімізге қатысты 20 сын есім сөз ойлап айту.
Мысалы, Біз … … … … … … … … … … … … … … … елміз.
- Әр оқушы өз есімінің алғашқы дыбысына байланысты сын есімдер тауып айту.
Мысалы, Әйгерім … … … … ақ. (Заттың түрін-түсін білдіру, өзіне тән белгілер айтып отыру).
- Тақтамен жұмыс. 129-жаттығу оқып шығып өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар. Мағыналы белгілерін ажырату.
- Сатылай кешенді талдау. Жаттығудағы сын есімнің біреуіне сатылай кешенді талдау жасау. 130-жаттығу.
Өздері білетін мақалдар жазу, жаттау.
- Сатылай кеш, талдау.
а) лексика-грамматикалық.
- «Ақмола» сөзін септеу.
- Терме диктант: Мына мақал-мәтелдерден сын есімдерді теріп жазу.
- Айлалы батыр алдырмас.
- Ақылды кісі ісіне сенеді.
Әлсіз кісі күшіне сенеді.
- Әлсіз адам сүріншек.
- Ақылсыз адам еріншек.
- Білекті бірдіжығады,
Білімді адам мыңды жығады.
- Сергіту сәті.
- Әдемі, айлакер, күшті, кәрі сөздерінің синонимдерін табу.
- Биік–
Ұзын–
Суық–
Жақсы–
Сөздерінің антонимдерін табу. Сөйлем құрау.
- Ауызша: 127-жаттығу мәтінді құрастыру, мәтінде сын есім болу керек.
Семантикалық карта
Сын есім | Сұрақтары | Тұлғасына қарай | Құрылысына қарай | Негізгі сын есім | Туынды сын есім | Мағынасына қарай |
|
Семантикалық карта
Заттың түрін, түсін білдіретін сын есім | Заттың көлемін | Заттың аумағын | Заттың салмағы | Заттың сапасын | Заттың дәмін, иісін | Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сын есім |
|
- Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту. Сонымен заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, түрін-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табын не дейміз?
Уақыт қалса: Бұйығы, ашық, қайырымды, бойшаң, ашушаң, байқағыш, ойлы көзді, салмақты, жақсы оқиды, сабақ, жолдас, көмек. Тірек сөздерін пайдаланып сыныптастарыңның біреуіне мінездеме жазу.
Үйге тапсырма: 131-жаттығу.
Өлең құрамындағы сын есімдерді тіркескен сөзімен қоса теріп жазу.
Мәнерлеп оқу, ереже.
Өз әжелерің туралы шағын шығарма жазу.
Көшіріп жазып, оқып келу. /ж.б./
Бағалау: Бағалау. Бағаларын журналға, күнделікке қойып беру.
Мұғалім қорытынды сөзі:
Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасаң.
Әп-сәтте өсе қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң.
Білімде сондай қарағым.
Біртіндеп сіңер бойыңа.
Ұғып ал, білім боларын,
Шам-шырағың жолыңда,–
деп сабағымды қорытамын.
Семантикалық карта.
Дұрыс жауапқа «+» белгі боямыз.
Мысалдар
Сын есім | Кім? Не? | Қашан? | Қандай? қай? | Ақ, қызыл, көк | Таза, жақсы | Көшіп, өнерлі | Ащы, тұщы | Кіші, тар, қысқа |
Сын есім | ||||||||
Заттың түрін, түсін | ||||||||
Негізгі сын есім | ||||||||
Дәмін білдір | ||||||||
Көлемін, аумағын |