Перронда. Өткен шақтың түрлері.
Сабақтың тақырыбы: Перронда. Өткен шақтың түрлері.
- Сабақтың типі: аралас сабақ
- Сабақтың түріі: тәжірибелік сабақ
- Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау, АКТ
- Сабақтың жабдығы: үлестірмелі парақшалар,
- Сабақ мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары жайлы мағлұматты еске түсіре отырып, өткен шақтың жасалу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық: Білім алушылардың сөздік қорын байыту, тілін ширату, өз ойын ашық айта білуге дағдыланддыру, сұраққа жауап беруге төселдіру.
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, студенттерді түгендеу, аудитория тазалығы, жаңа сабаққа дайындық жүргізу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Зерделеу» стратегиясы. Өтілетін тақырып аясында білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қою.
Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Құрамы жағынан қандай топтарға бөлінеді?
Етістіктің қандай категориялары бар
Етістіктің шақтары жайлы небілесіздер?
Олар қалай жасалады?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:
- Перрон (фр. perron — тас баспалдақ, лат. petra — тас) — көлікке жолаушылар отырғызуға және одан түсіруге, жүк тиеуге-түсіруге, көлікке әр түрлі техникалық қызмет көрсету жұмыстарына оңтайлы салынған алаң не аймақ; бұл темір жол, өзен мен теңіз жағалауында, автотұрақ пен әуе бекетінде жасалады
- Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Жедел өткен шақ | Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. | етістік + (-ды,-ді,-ты, -ті) + жіктік жалғауы |
Бұрынғы өткен шақ | Іс-қимылдың жалпы боғанын көрсетеді | етістік + (-ған,-ген, -қан,-кен,-ып,-іп,-п)+ жіктік жалғауы |
Ауыспалы өткен шақ | Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді | етістік +(-атын, -етін, -йтын, -йтін)+ жіктік жалғауы |
- Бекіту кезеңі:
1-тапсырма. Диалогті оқып, екеуара сөйлесіңіздер. Сөздікті пайдаланып, мәтін түрінде әңгімелеңіздер.
Диалог
Асқар: Наташа, Сәуле сен жазғы демалыста біздің жаққа келе алмайды деген. Сонда жоспарланған бірдеме бар ма?
Наташа: Иә, біз жазда Алматыға Астана арқылы барамыз деп жоспарлағанбыз. Қазір сол саяхатқа дайындық жүргізіп жатырмыз.
Асқар: Ол қандай дайындық?
Наташа: Әркім өзіне тиісті тапсырма алмақ. Мысалы, мен жалпы маршрутты анықтамақпын. Менің ойымша, бөрімізді Марина басқарар. Оның ойынша, Астанаға дейін пойызбен бармақпыз. Астанада көп уақыт аялдамаспыз. Бір-бір жарым аптадан кейін ұшақпен Алматыға ұшпақпыз. Алматыда үш аптадай болмақпыз. Онда «Алатау» профилакториясында тұрмақпыз. Алматыда біз «Медеу» мұз айдынын көрмекпіз, мұражайлармен таныспақпыз. Мүмкіндік болса, Абай атындаға опера және балет театрына бармақпыз. М. Әуезов атындағы драма театрында спектакль тындамақшымыз.
Асқар (күліп): Дүкендерді де ұмытпас шығарсыңдар?
Наташа: Әрине, үлкен-үлкен дүкендерді аралауды ұмытпақ емеспіз. Мен өзіме сәнді көйлек сатып алмақпын. Ақшамды үнемдеп ұстауға тырысармын. Бәрі ойдағыдай болса, бір айдан кейін Семей арқылы пойызбен оралмақпыз. Одан кейін Баянауылдың Жасыбайында демалпақпыз.
Сөздік
Аяқталу – закончиться саяхат – путешествие келісу – договориться анықтау – уточнить басқару – возглавить, управлять жоспарлау – планировать аралау – обходить | мүмкін – возможно жалпы – общий тиісті – обязательное тырысу – стараться, постараться үнемдеу – экономить ойдағыдай – как задумано мұражай — музей |
2- тапсырма. 1) Мәтінді оқып, сөздікпен танысыңыздар. Өткен шақта тұрған етістіктерді тауып, құрамын ажыратыңыздар.
2) «Менің отбасым» тақырыбына ойтолғау жазыңыздар.
Саяхат
Әсемнің атасы Павлодарға Астанадан пойызбен келІпті. Үлкен баласы оған жүрдек пойызға алдын ала билет алып қойыпты. Атасы төменгі орынға отырып келіпті. Плацкарт вагонға билет болмағандықтан, ол купелі вагонмен келіпті. Пойыз он минутқа кешігіп келіпті. Әсем атасын қарсы алуға вокзалға барыпты. Әсемнің әкесі бұл туралы кешке жақын ғана біліп, таңғалыпты
Сөздік
Алдын ала – предварительно Билет болмағандықтан – из-за отсутствия билетов | Төменгі орын – нижняя полка Жүрдек пойыз – скорый поезд Кешігіп келу – опаздать Қарсы алу – встречать |
3-тапсырма. Диалогті оқып, сөздікпен танысыңыздар. Өздеріңіз демалыс кезінде саяхатқа шықтыңыздар ма? Әңгімелеңіздер.
Саяхат
Әсемнің әкесі: Әкей, Астанадан немен келдіңіз?
Ата: Пойызбен жеттім. Ағаңа жүрдек пойызға билет алдын ала сатып алғыздым.
Әсемнің әкесі: Перронда жүк көтерушілер болды ма?
Ата: Әсемжан мені қарсы алып, жүк көтерушілердің қажеті болған жоқ. Вокзалдың іші ығы-жығы. Пойыз екінші платформаға, бірінші жолға тоқтады.
Әсемнің әкесі: Орныңыз жоғарыда болды ма, төменде ме?
Ата: Төменгі орын болды. Плацкарт вагонға билет болмаған соң, купелі вагонға билет алғыздым. Жолсеріктен төсек-орын алып, өз орныма орналастым.
Әсемнің әкесі: Пойыз кесте бойынша келді ме?
Ата: Жоқ, балам, он минутқа кешігіп келді.
Әсемнің әкесі: Сонда неше сағат жүрдіңіз?
Ата: Он сағат жүрдім. Ол түк емес. Ұлым Астанадан шығарып салды, немерем Павлодарда қарсы алды. Астанаға қайтарда ұшақпен ұшамын.
Төсек-орын – постельное белье Ығы-жығы – суета Шығарып салу – проводить | Кесте бойынша – по расписанию Жүк көтеруші – носильщик Жолсерік – проводник |
4- тапсырма. 1. Диалогті оқып, етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
- «Арман қала – Астана» 5 жолды өлең құрастырыңыздар.
Перронда
— Кешіріңіз, Павлодар -Астана пойызы қашан жүреді?
— Пойыздың жүруіне 20 минут қалды. Пойызға отырғызу басталды.
— Пойыз қай жолдан жүреді?
— Бірінші жолдан, екінші платформадан.
— Сіз де Астанаға дейін барасыз ба?
— Иә. Сіздің билетіңіз нешінші вагонға алынды?
— Менің бесінші вагонға отыруым керек.
— Айтыңызшы, келесі станцияда пойыз неше минут тұрады?
— Он минут.
— Астанаға дейін неше сағат жүреміз?
— Он
сағатта жетеміз.
— Жарайды. Сапарыңыз сәтті болсын! ( Счастливого пути!)
5- тапсырма: Үлгі бойынша өз диалогтарыңызды құрастырыңыздар.
… тура баратын пойыз бар ма? … билет қанша тұрады? … қашан жетеді? Келесі станция қандай? Бұл станцияда пойыз қанша тұрады? | Есть ли прямой поезд…? Сколько стоит билет…? Когда поезд прибудет…? Какая следующая станция? Как долго будет поезд стоять на этой станции? |
6-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздікпен танысыңыздар. Өзіңіз жазғы демалысты қалай өткізесіз? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Биыл жазғы демалысты мен Алматыда өткіздім. Біз осы жолы Алматыға пойызбен бардық. Билетті алдын-ала 10 күн бұрын сатып алдық. Біздің қол жүгіміз ауыр болды, сондықтан Алматыға келгенде, бізге жүк көтерушілер көмектесті.
Санаторияға дейін біз таксимен бардық. Бірінші күні бізді саяхат бағдарламасымен таныстырды. Келесі күні біз тауға шықтық. Таудағы табиғат қандай тамаша, хош иісті, таза ауа,бұлтсыз ашық аспан. Таудағы серуен өтеқызықтыболды. Содан кейін біз тау өзенінің жағасына бардық.Тау суы суық болса да, біз суға шомылдық. Өзеннің айналасы жап-жасыл шөп, ағаштар. Өзеннің жағасындағы көгалда адамдар демалып жатыр. Биылғы сапарымды өте көңілді өткіздім.