Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақты дайындаған: Алишева Маншук Нурболатовна

Батыс Қазақстан облысы. Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу  тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1.Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу

тәсілдерін пысықтау арқылы оқушылардың білімін,

біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.

2.Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.

Тапқырлықққа, ізденімпаздыққа,

алғырлыққа,танымдылыққа баулу.Ауызша есептей алу

дағдысын қалыптастыру.Пәнге

қызығушылығын,белсенділігін арттыру.

3.Өз бетімен жұмыс жасай отырып,өзінің де,өзгенің де

еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі:      пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі:     ойландыру,баяндау,көрнекілік әдістері,ойын,сұрақ-жауап

әдістері

Көрнекілігі:          кестелер, суреттер, қажетті дидактикалық

материалдар,үлестірме қима қағаздар

Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту

1.Мен карточкаларды көрсетемін, сендер тек жауабын айтасыңдар.

320 : 8
60 * 6
70 * 4
40 • 5

 

 

 

 

250 : 5
720 : 8
800 : 2

 

 

  1. «Математикалық диктант»

1.Екінші кластың 70 бірлігі және бірінші кластың 690 бірлігі бар санды жаз.

 

  1. Бірінші кластың 22 бірлігі және екінші кластың 107 бірлігі бар санды жаз.

 

  1. Екінші кластың 829 бірлігі және бірінші кластың 7 бірлігі бар санды жаз.

 

  1. 5 разряд 6 бірлік,4 разряд 7 бірлік,

2 разряд 3 бірлік тұратын сан.

 

5.Мыңдар класының 3 бірлігі,бірліктер класының 124 бірлігінен тұратын  сан.    

               ІІ. Мағынаны тану

  1. Есепте (№2)

1-топ:

3 600 * 5 = 18 000

184 308 * 3 = 552 924

 

 

 

2-топ:

18 000 :5 =3 600

552 924 : 3 = 184 308

 

 

3-топ

10 693 * 4 = 42 772

80 599 * 2 = 161 198

 

Оқулықпен жұмыс

  1. Есептерді шығар (№3)

1-топ

жинады – 1т4ц 56 кг

салды — 4/1

керек — ? кг

Шешуі: 1456 : 4 = 364 (кг)

1456 – 364 =1092 (кг)

Жауабы: 1092 килограмм салу керек

 

2-топ

Жинады -1т 4ц 56 кг

Салды – 364 кг

Салу керек — ? кг

Шешуі: 1456 – 364 = 1092 (кг)

Жауабы: 1092 килограмм

 

3-топ

Орамал 180 теңге          — 3 ↓

Бөкебай -? 3 есе қымбат -3  ? – теңге артық

Шешуі: 180 * 3 = 540 теңге (бөкебай)

540*3 – 180 *3 = 1080 теңге

Жауабы: 1080 теңгеге артық төлеу керек

 

Логикалық есептер.

  1. Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)
  2. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? (2 кг)
  3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)
  4. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1 адам)
  5. Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? (3 теңге алып қалу)

 

Өздік жұмыс (№ 4)

Р = 8 см

а = 3,1

в = 1,3

S — ?  3*1 = 3   1*3 = 3   3  = 3

 

ІІІ.  Толғаныс.

 

  1. Тест жұмысы
СұрағыАВС
1Алты жүз төрт мың төрт

жазылғанды тап

60 40460 440604 004
2Бірінші кластың 7

бірлігі және екінші

кластың 3 бірлігі бар санды тап

 

 

7 003

 

307

 

 

3 007

 

35 ондық мың және 80 бірлік санды тап5 08050 08050 008
43 700 санның алдыңдағы саны3 69937 00136 999
57000+200+40+5 мәнін тап70 2457 245700 245

 

  1. Ойын: «Кірпіге көмектесейік»

Балалар кірпігі алма жинауға көмектесулері керек. Ол үшін әрбір алманың алтында тапсырмалар жазылған. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы алманы кірпінің арқасына іле алады.

1-тапсырма: 480 : 10  (48)

2-тапсырма: 358 + 995  (1353)

3-тапсырма: 5 890 – 4 980 (910)

4-тапсырма: 48 + 1 353   (1 401)

5-тапсырма: 1 401 – 910  (491)

6-тапсырма: 302 412 * 2   (604 824)

Бағалау, мадақтау

Үйге тапсырма:

№ 5, №6  — 65 бет