Тәрбие. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте
Сыныбы | Күні | |||
Сабақтың тақырыбы | Тәрбие. Сабақтасқұрмалас сөйлем. | |||
Мақсаты | Оқушыларды тәрбиелі болуға баули отырып, грамматикалық тақырыпты меңгерту. | |||
Күтілетін нәтижелер
| Өздерін тәртіпті, тәрбиелі болуға үйренеді, грамматикалық тақырыпты меңгереді. | |||
Керекті жабдықтар
| Тақта, флипчарт, мақалдар кітабы
| |||
Әдістер: Үй тапсырмасын тексеруде бірін-бірі тексеру, оқыту. лексикалық тақырыпты оқушылардың өздік түсіндірулері. Меңгертуде бірін-бірі оқыту, сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау, топтық , диалогтық әңгіме, АКТ қолдану, визуалдандыру. Бекітуде эссе, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
| ||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||
Кіріспе
| Психологиялық ахуал орнату Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатта қорытындылауы | Оқушылар бір – біріне жақсы тілек тілейді.
1. Оқушылар бір-біріне грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша қалаған оқушысына сұрақ береді. Әр топ екі сұрақтан.
2. Өз отбасы туралы түсірген роликті көрсету
| ||
Тұсаукесер
| Бағалау критерийларымызды бірігіп қарап шығайық . Бағалау парағын толтыру Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? Сабақтың мақсатын айту Бүгінгі сабақта отбасы, оның бала тәрбиесіндегі ролі туралы айтамыз. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталаймыз. Тәрбие туралы мақалдардың мағынасын түсіндіру Эпиграфтың мағынасын түсіндіру Тәрбие – үйренгенді табыстау
Бағалау парағын толтыру | Оқушыларға бағалау критерийлары жазылған парақ көрсетіледі. Оқушылармен келісіледі Үй тапсырмасын орындадым.
Оқушылардың өздері сабақтың мақсатын айтуға талпынуы, оқушылармен бірлесіп шығару
Тақтада ұяшықтар берілген. Солардың астындағы мақалдарды таңдап, мағынасын түсіндіру. Әр топқа 2 мақалдан.
Мақалдарды білемін. | ||
Негізгі бөлім
| «Бала тәрбиесін қалыптастыратын факторлар» Постер шығару Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. С. В. Михалков Бағалау парағын толтыру Постердегі сөздерді қатыстырып, сабақтас не салалас сөйлем құрастыру Сөйлемдерді тәрбиелік мақсатта қорытындылау
Бағалау парағын толтыру | Әр топ өз ойларын ортаға салып, кластер құрастырады, оны постерге салып, қорғайды, түсіндіреді.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Топтық жұмысқа қатыстым
Тақтаға сөйлемдер жазу, талдау
Грамматикалық тақырыпты білемін
| ||
Қорытынды
| «Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді Ғабиден Мұстафин Мұғалімнің қорытындылауы. Бағалау. | Әр оқушы өз бойындағы нашар қасиеттерді қағазға жазып, оны қоқыс жәшігіне тастайды.
Сабақты өз сөздерімен қорытындылау. Өз ойларын жеткізу. Бағалау . Стикерлер.
| ||
Сабақтың өзіндік талдауы
| ||||
Сабақ бойынша өзгертулер
| ||||