Ұлттық ойындар.

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар:

— Төрт түлік малға нелер жатады?

— Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған?

— Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз?

— Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?

  1. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Ұлттық ойындар туралы түсінік.

— Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).

  1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
  2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.
  3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.
  4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.

2) Оқулықпен жұмыс:

а) мұғалім оқиды;

ә) оқушылар оқиды;

б) сөздікті пайдаланып, аудару;

в) жаңа сөздерден сөйлем құрау;

г) сұраққа жауап беру.

3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру.

4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).

  1. Әнұранның авторлары кім?
  2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  3. Иелік форма қалай жасалады?
  4. Зат есім дегеніміз не?
  5. Төрт түлік малды ата.
  6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  7. Өзің туралы айт.
  8. Сөз құрамы неден тұрады?
  9. Досың туралы айт.
  10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  11. Көптік жалғауларын ата.
  12. «Кітап» сөзін септе.
  13. «Отан» сөзін тәуелде.
  14. Абай Құнанбаев кім?
  15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата.
  16. Сергіту сәті:

«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т.б…

  1. Сабақты қорытындылау:

а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау;

ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу.

  1. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу.