Киімдер. Тәуелдік жалғау
Киімдер. Тәуелдік жалғау
Сабақтың мақсаты:
Басқа,қолға, аяққа,үстіге не киетінімізді айтқыза отырып, жаңа сөздерді меңгерту. Киімдері түсіне қарай ажыратып, қолдануға үйрету.Тәуелдік жалғауды тақырып бойынша қолдана білуге жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: киім атауларын сөйлеу/сөйлесу барысында орынды қолдана білу.
Тұлғалық: жинақылық ,ұқыптылық сияқты жақсы қасиеттерге ұмтылу.
Жүелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақтың типі: жаңа білімді оқып-үйрену,еске сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО болжау,диалогтік әдіс,үнді таспа тыңдау әдістері
Жұмыс түрлері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру;кезекшімен сұхбатасу;назарларын сабаққа аудару;ынтымастық атмосферасын ұйымдастыру | Оқу құралдарын алып,сабаққа әзірленеді; мұғалімнің сұрақтарына жауап береді | |
Сабақтың мақсатымен,жүру тәртібімен таныстырады, бағалау туралы түсінік береді | Мұғалімді тыңдайды. | |
Жұмбақ шешу | Жұмбақ жасырады. | Оқушылар мұқият тыңдап, шешеді.Сабақтың тақырыбын ашады. |
Топқа бөліну | Оқушыларды екі топқа бөледі. | Оқушылар топтарына ат қояды |
Тақтада ілінген суреттерге қарап,оқушылар сұрақтарға жауап береді | -қызығушылықты ояту; | Сұрақ-жауап; |
Жаңа сөздермен үлгі бойынша сөйлемдер құрату | -мағнаны таныту; | Жеке жұмыс,жұптық жұмыс,ұжымдық жұмыс |
-ой-толғаныс; | Жұптық жұмыс | |
-баға қою; | Топтық жұмыс | |
-үйге тапсырма беру; | Үйге тапсырма алады | |
-рефлексия (кері байланыс) | -рефлексия (кері байланыс) |
I .Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?
-Көңіл-күйлерің жақсы ма?
Кезекшімен сұхбаттасу. Балаларды түгендеу.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Қ» дыбысын және «қ» дыбысы кездесетін сөздерді «к» дыбысымен салыстырмалы түрде қайталау.
ІІІ Жаңа сабақ:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы қандай?
-Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер. Ал енді мен жұмбақ жасырайын, ал сендер жақсылап тыңдап,оларды шешіңдер.
1.Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ. Ол не? Жауабы : көйлек
2.Күні бойы жүргізеді,
Үйге де кіргізеді.
Бірақ, өзі ізетті,
Босағада қалып
Шығуымды күтеді.
Ол не? Жауабы: Аяқ киім
3.Іші- егіс,
Сырты- тегіс.
Жауабы: тон
4.Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. Жауабы: киім
5.Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстім.
Жауабы: шалбар
6.Сырт жағына зер жіппен,
Көз тартатын көрікпен.
Ою-орнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдімгі сырлы тостаған.
Қойсаң егер төңкеріп,
Төңірегін көмкеріп,
Тостағандай бос тұрған,
Киіз үйден аумайды,
Басқұрменен бастырған. (Тақия)
-Балалар, сонымен жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
— Дұрыс таптыңдар, балалар «Киімдер». Сабақтың мақсатын, жоспарын жариялау.
Балаларды екі топқа бөлу.Топтарына ат қою.1топ «Жаздық киім»; 2-ші топ «Қыстық киім»
Сөздікпен жұмыс
Аудиотаспадан жаңа сөздерді тыңдап, қайталайды.Топпен, жеке-жеке.
Әр топ суретке қарап киім атауын атайды, аударады.
ІYЖаңа сабақты бекіту:
Қызығушылығын ояту
1.Киім деген не?
2.Киім адамға не үшін керек?
3.Киімнің қандай түрлері бар?
4.Киімнің адамға қандай пайдасы бар?
Екі топ ой-пікірлерімен бөліседі, пікірлерін дәлелдейді.
Грамматикалық тапсырма
Мұғалім оқушыларға «Есте сақта!» айдарында берілген анықтаманы түсіндіреді. Орыс тілімен салыстырады, дәптерлеріне үлгісін балалар көшіріп жазады.Ауызша, жазбаша тәуелдейді.
Әр топтан бір оқушы шығып тәуелдейді.
Сергіту сәті: « Ки, шеш ойыны» (Балалар сырт киімдерін киіп, шешіп жарысады).
Ой-толғаныс кезеңі.
Топтық жұмыс:
Әр топ болашақта қандай киім үлгілері болатынын ойлап, тұсаукесер арқылы қорғау, әңгімелеу.
Y Қорытындылау:
YІ Бағалау: Оқушылар бірін-бірі бағалайды, өзін-өзі бағалайды, мұғалім бағалайды.
YІІ Үйге тапсырма беру: Жаңа сөздерді жаттау. Киім үлгілерін салып келу.
Кері байланыс: Смайликтер арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып, тақтаға іледі.