ЖАС ДАРЫНДАР
ЖАС ДАРЫНДАР
Сайыстың мақсаты:
1.Білімділік: өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
- 2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және сөйле қабілетерін дамыту.
- Тәрбиелік: даналыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту,елге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Cайыстың көрнекілігі: білім туралы даналық сөздер.
Ұйымдастыру кезені:
- 1. Таразалып,талқылар,
Алдыңда тұр асқар сын.
Орта шық, ұландар,
Сайысымыз басталасын!
- Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Сәт сапар! Ойынға қатысушы сайыскерлер!
- Қайырлы күн, құрметті ойыншылар, жанкүйелер бүгін
“Жас дарындар” сайысына екі топ қатысып отыр .
“Жұлдыз” және “Үміт”. Қарсы алыңыздар!
Бүгінгі сайысымыз 6 деңгейден тұрады.
1-деңгей: Менің Отаным- Қазақстан.
Капитандар сайысы. 2-3 минут.
2-деңгей: Ел тану. Карточкаларға жауап беру.
3-деңгей: Өнер алды – қызыл тіл.
4-деңгей: Дикторлар бәйгесі.
5-деңгей: Полиглот.
6-деңгей: Тоғызқұмалақ – деген сөзден сөз шығару.
Құрметті көрермендер! Енді сахнаға екі топты шақырамыз.
«Жұлдыз» тобы:
Жұлдыз болып жанамыз,
Білімді бала боламыз.
Қарама-қарсы топқа:
Сайысқанда жаңылмаңдар,
Жамандарға табылмаңдар.
Әділ-қазыларға:
Білімдерді сынаңыздар
Ақыл салып шыдаңыздар.
Бәрімізге жүлде беріп,
Үйге әнмен тараңыздар.
«Үміт» тобы:
Қиялданған үмітпіз,
Келдік бәрін біліп біз.
Қарама-қарсы топқа:
Алға қарай зырлаңдар,
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Жеңеміз деп бөспеңдер
Мақтаңбаңдар тек сендер.
Әділ-қазыларға:
Онша қатты сынамаңыз,
Басымызды қинамаңыз.
Бірінші орын бере салып
Қиын сұрақ сұрамаңыз.
Ал,енді «Капитан»- сайысын бастайық.
2-деңгейге келіп қалды.
Мына интерактивтақтада карточкалар көрсетілген.
Қызыл түсті – бұл қиын сұрақтар.
Жасыл түсті –орташа деңгейлі сұрақтар.
Сары түсті – жеңіл деңгейлі сұрақтар.
Ойынның шартты,егр,бір топтың ойыншысы сұрақты ашып,жауап бере алмаса, сөз кезегі басқа топқа кетеді.
Ұпайлары: қызыл түсті-5 ұпай, жасыл-4 ұпай,сары-3ұпай.
Қызыл түсті карточкалардың сұрақтары:
1.Жамбыл облысы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2.Спорт туралы не айтуға болады?
3.Қандай атақты спортшыны, патриот спортшыны біз оқыдық?
- Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қашан тойланды?
- Бауыржан Момышұлы туралы не айтасың?
- Абайдың ғылымға,білімге шақырған қандай өлеңі бар?
Жасыл түсті карточкалардың сұрақтары:
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан қабылдады?
- Қазақстанның неше астанасы болды?
- Қазақстанның әнұраны қай жылы өзгертілді?
- Тоқтар Әубәкіров деген кім?
- Тіл білімінің атасы кім?
- Қазақ халқының баспанасы не?
Сары түсті карточкалардың сұрақтары:
1.Қазақ тілінде неше септік бар? Атаңдар.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Кел,балалар, оқылық деген өлеңді кім жаған?
- Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
- Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
- Шығыс Қазақстанда қандай су қоймасы бар?
Келесі сайыс: Өнер алды қызыл тіл.
1-топ: Оқу,білім туралы айту.
2-топ: Отан,тіл туралы айту.
«Жұлдыз» тобы:
А) оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
Б)Оқу-білім шырағы.
В)Білім алу-инемен құдық қазғандай.
Г)Ақыруымен бірді, ақылмен мыңды жығасың.
Д) Ойлай білсең, дана боларсың.
«Үміт» тобы.
А) Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
Б) Білім кілті – тіл.
В) Сөздің көркі мақал,атасы –ақыл,анасы-тіл.
Г) Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.
Д) Отан оттан да ыстық.
Жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
4-деңгейді бастайық. Дикторлар бәйгесі.
Деңгейдің шарты,жаңалықтар болсын,спорт,ауа туралы мәлімет болса,оны дұрыс,әдемі,әдеби тілде айтып жеткізу.
«Жұлдыздар»- спорт туралы.
«Үміт»- ауа райы болжамы.
Жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
5-деңгей де келіп қалды. Ол өте қызық деңгей.
Полиглот- деген. Екі топқа жеті сөзден беріледі.
Сөздердің аудармасын қатесіз,анық айту керек.
Жұлдыз Үміт
Земля- Знание —
Природа- Государство-
Воздух- Здоровье-
Небо- Пословица-
Море- Жизнь-
Степь- Ум-
Жүргізуші: Тоғызқұмалақ деген сөзден кім көптеген сөздерді шығарып жазады, сол ұтады осы деңгейді. Ал кәне,балалар, қолдарына бір қаламмен бір қағаз алып,отрыңдар.
- Тоғыз
- Құм
- Лақ
- Тымақ
- Қыз
- Қалақ
- Құлақ
Жүргізуші: Сөз кезегі қазылар алқасында.
6-деңгейдің ұпайын айтып беріп,қай топ көптеген ұпай жинағанын айтып беруге өтінеміз.
Марапатту. Қоштасу.