Тамақтануды тиімді ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: «Тамақтануды тиімді ұйымдастыру»

Сабақтың мақсаты: Қазақша түсініп, сауатты сөйлеу.

Білімділік: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәлімет беру. Тиімді тамақтанудың  қағидалары мен ұсыныстарымен таныстыру. Оқуға, білімге құштарлығын арттыруға баулу.

Тәрбиелік:  Қазақ  тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдепті , күшіпейіл болуға және басқа жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Оқушылардың  сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, сөздік қорларын  молайту. Есте сақтау қабілеттерін кеңейту, қалыптастыру. Ойнау, қабылдау ойын жеткізу қабілеттерін арттыру, білім қорларын жинаутап, дамыту.

Сабақтың түрі:  топтың жұмыс

Сабақтың әдес – тәсілі:  түсіндіру, сұрақ жауап, жаттығу, талдау, тіл дамыту баяндау

Сабақтың көрнекілігі:  инт. тақта, кластер, бес жол өлеңі, кубизм стратегиялары, тест жұмысы.

Пәнаралық  байланыс:  орыс тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару:

Шаттың шеңберін құру (оқушылар екі жеңбер құрады: шекі және сыртқы. Ішкі шеңберді құрайтындар сыртқы шеңбердегілерге қарап тұрып, жақсы тілек айтып, оң жағына қарай бір адым жылжиды. Осылайша шеңбер бойымен барлығы бір — біріне жақсы тілек айтып, екі топқа бөлініп отырады.

  1. Кезекшімен сұхбаттасу (оқушыларды түгендеу)

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Кластер» құру арқылы мәтіндерді әңгімелеу

( мұғалім шайнек пен кофенің суретін аударып қояды ). Екі топтан бір оқушы щығып әңгімелейтін  мәтіндерін сол суреттер арқылы таңдайды.

  • ші топ: Кофе ішу
  • ші топ: Шай ішу ( «Дастархан әні» )

 

III. Жаңа тақырып:  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту (мұғалімнің сөзі)

  1. Жаңа тақырыпты меңгерту:
  2. «Ой қозғау» стратегиясы.

Тамақтануды тиімді ұйымдастыру дегенді қалай түсінесіңдер? (неге?)

(Интерак. тақтадан тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы мәліметпен таныстыру, аудару)

1 — ші топ: Алғашқы үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.

2 — ші топ: Қалған үш сөйлемді көшіріп, септік жалғауларын анықтаңдар.

  1. Тиімді тамақтанудың қағидалары мен ұсыныстарымен таныстыру

( интерак. тақтада тірек-сызба. ) Балалар, сендер осы берілген қағидалар мен ұсыныстарды сақтайсыңдар ма? Неге сақтаумыз керек? Өйткені, сақтамасаң денсаулығымыз нашарлап, жиі ауыратын боламыз. Солай ма, балалар?

  1. «Бес жол өлең» құрастыру (әр топтан оқушы шығып, өз тақырыбын таңдайды)

1- ші топ: Еттен жасалатын тағам

2-ші топ: Сүттен жасалатын тағам («Дастарқан әні») шығып тұрады және тағам түрлері инт. тақтада слайд шоу.

Зат есім — 1

Сын есім — 2

Етістік – 2-3

Сөз тіркесі — 1

Ұғым – 1

  1. «Кубизм» стратегиясы. Мақал мәтелдің мағынасын ашыңдар.

а) Ас — адамның арқауы.          д) Той тамағы тәтті.

ә) Ас атасы – нан.                      в) Асы бар аяқтан аттама.

б) Ас қадірін тоқ білмейді.     г)  Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту, қорыту.

Алған білімдерін тестілеу.

(Интерак. тақтада тест тапсырмалары көрсетілген). Оқушылар бір- бірінің тапсырмаларын тексеріп, бағалайды.

(Тест тапсырмаларының жауаптары көрсетіледі)

 

  1. Үй тапсырмасын беру.

Интерактивтік тақтада берілген:

  • Асқа байланысты мақал- мәтелдер жаттау
  • 1,2 – тапсырма. 93 – бет (әңгімелеу)

 

VII. Оқушылардың жауаптарын бағалау, мадақтау.

VIII. Рефлекция. Көңіл күйлерің қалай? Берілген тапсырмалар қиын болды ма? Қандай тапсырмаларды орындауда қиыншылық туды?