Дүкендер.
Сабақтың тақырыбы: Дүкендер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Дүкендер» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастырып, қорытындылау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын тақырыпқа сай жүргізу. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылықты арттыру; азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектің маңызын түсіндіріп, олар бойынша тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Ауызекі сөйлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша сөздерді карточка бойынша тексеру.
Яблоко | Капуста |
Овощи | Свёкла |
Ягоды | Земляника |
Витамин | Клубника |
Огурец | Фрукты |
Малина | Овощи |
Клубника | Витамин |
Виноград | Ягоды |
ІІІ. Негізгі кезең.
- Жұптық жұмыс. Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу мақсатымен өткізіледі.
АЛМА НАН СҮТ ІРІМШІК ҚИЯР ПИЯЗ ОРАМЖАПЫРАҚ ТАҢҚУРАЙ БҮЛДІРГЕН ҚҰЛПЫНАЙ МАЙ ҚАЙМАҚ ШҰЖЫҚ АЛМА ЖҮЗІМ АЛМҰРТ СӘБІЗ ҚЫЗЫЛША
АЗЫҚ –ТҮЛІК ДҮКЕНІ КӨКӨНІС ДҮКЕНІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДҮКЕНІ
Әр тағамды өз дүкеніне орналастыр.
- Оқылым әрекеті дұрыс, сауатты, мәнерлеп оқу мен аудару мақсатымен орындалады.
Біздің қалада дүкендер көп. Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс дүкеніне бардық.
Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып алдық.
- Айтылым.
—Костя, сен не сатып аласың?
-Мен екі нан, бір алмұрт сатып аламын.
- Жазылым. Карточкалармен деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Магазин, груша, молоко, колбаса, масло.
2-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Вкусная колбаса. Большое яблоко. Красная клубника.
3-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Я масло купил. Мама капусту купила.
ІV. Қорытындылау.
- Тақпақтарды жаттау.
Шие Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.
| Алма «Алма, алма» дейсің, Алма әкелсем, жейсің, Айтпайды екен деме, Алманы жумай жеме. |
- «Балық сүйегі» ойыны.
- «Жуан, жіңішке» ойыны.
- Үйге тапсырма.
- Қалған тақпақты жаттау.
- «Дүкенде» тақырыбына сурет салып, әкелу.
- 165-бет, 1-жаттығу.
- VI. Бағалау.