Әкем мен шешем.
Сабақтың тақырыбы: Әкем мен шешем.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың еркін сөйлеумәдениетін көтеру, сөздік қорын байыту, тәуелдік жалғауының І,ІІ жақ , жекеше түрі мен ілік септігі мен сілтеу есімдігін үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстарын жетілдіру, тілін ұштау, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік: туған бауырларына, ата-анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Отанына, туған жеріне, отбасына адал азамат пен азаматша болуға баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Пәнаралық байланыс: әдеп, орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
— Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін қандай күн?
Сабаққа дайынбыз ба?
Сабақта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Атам мен әжем әңгімесін тыңдау.
ІІІ. Сөздікпен жұмыс. Сөздік дәптерге жазамыз
Шеше-мама
Әпке – старшая сестра.
ІV. Жаңа сабақ.
Әкем мен шешем деп – бізді аялап өсіріп, оқу оқытып жүрген аяулы жандар. Ата –анасыз өмір сүру өте қиын. Сондықтан, әке-шешемізді құрметтейік балалар.
Әке көрген – оқ жонар,
Ана көрген – тон пішер.
1-тапсырма. Диалогті оқып, өз отбасың туралы айт.
- Вова, сенің әкең не істейді?
- Иенің әкем – шахтер.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол шахтада жұмыс істейді.
- Сенің шешең не істейді?
- Менің шешем – мұғалім.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол мектепте жұмыс істейді.
- Атаң, әжең бар ма?
- Иә, бар. Олар үйде.
2-тапсырма. Сызбаға қарап, есіңе сақта, сөйлеп үйрен.
атам
әжем
әкем
шешем
Менің ағам
әпкем
қарындасым
(сіңлім)
атаң
әжең
әкең
шешең
Сенің ағаң
әпкең
қарындасың
(сіңлің)
3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле, жаз.
Үлгі:
- Кім? Мұғалім.
- Кім келді? Мұғалім келді.
- Мұғалім қайда келді? Мұғалім мектепке келді.
4-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқып үйрен, жатта.
Жаңылтпаш
Топ бала
Допты ала.
Қуып жүр
Топтала.
5-тапсырма. Өз отбасың туралы жаз.
Біздің отбасымызда …. адам бар. Олар: …, …., …., ….., ….., … . Атам … . Әжем … . Мен … жастамын.
IV Қорытынды .
Бүгін нені білдік?
V Үйге тапсырма.
Сөздерді жаттау. 5-тапсырманы аяқтау. Өз әке-шешелерің туралы мәтін құрап келу.
ҮІ. Бағалау: сабаққа қатысуына қарай, білген деңгейлеріне қарай бағалаймын.