Интелектуальды ойын: ! Брейн — ринг»
Интелектуальды ойын: ! Брейн — ринг»
Сабақтың мақсаты: Өздерінің ойларын толық жеткізе білу. Қазақ тіліне деген құрметтерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап беру.
Көрнекілік: « Ферма», «Орман» бейнеленген суреттер. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, конверт. Асық, қалташық, геометриялық пішіндер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Қайырлы күн балалар! Бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті, қане сол қонақтармен амандасайық
Балалар бір – біріне және қонақтарға жақсы тілектер айтады.
Балалар:
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Міне, менің қолым бос, жылуыма жылу қос.
- Балалар, бізде бүгін сендермен ойын ойнаймыз. Ойынның аты
«Брейн ринг». (Ребята, сегодня я вас приглашаю на интелектуальную игру. Игра называется « Брейн – ринг» .
Бүгінгі ойынға екі топ қатысқалы отыр. ( Сегодня в игре участвуют две команды)
Бірінші топ:
Тобымыздың аты «Достық».
Ұранымыз: «Біріміз бәрі үшін, бәріміз бір үшін»
Екінші топ:
Тобымыздың аты «Бірлес».
Ұранымыз: « Бірлік болмай, тірлік болмас»
Кәне балалар бір – бірлеріңе сәттілік тілеңдер.
( Ұл балалар бір – бірінің арқасынан қағып «сәттілік тілеймін», «жеңіс тілеймін» Қыз балалар бір – біріне «жолың болсын» деп тілектер айтады.)
Мұғалім:
Жақсы балалар отыра қойыңдар. Сегодня мы будем отвечать на письма телезрителей. Если вы правильно ответите на вопросы то прочитаете слово. Номірлік тапсырмалар асықпен белгіленген.
Сонмен ойын басталды. И так игра начелась. Ойынды бірінші болып «Бірлес» тобы бастайды
1 тапсырма: Әр топ жетекшісі өзі жайлы айтып берсін.(Тапсырма орындалған соң бірінші ( Қ ) әрпі ашылады.
2 тапсырма: Апта күндерін атаңдар.
Жыл мезгілдерін атаңдар. (А әрпі ашылады)
3 тапсырма: Үй жануарлары мен олардың төлдерін атаңдар.
Мақал – мәтел айту.
( Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір).
(Байлықтың көзі мал )
Тақпақ айтып беріңдер.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Жабайы аңдарды атаңдар. Олар қайда мекендейді. ( З әрпі ашылады.)
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «Б» дейді
«Р»ға тілі келмейді.
III. Балалар шаршаған боларсыңдар, енді тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік.
Томпан — томпан торай, Ұзын құлақ сұр қоян,
Дауысыңның зоры- ай Естіп қалып сыбдырды.
Дөкей бола қаласың, Ойлы қырлы жерлермен,
Толысымен он ай. Ытқып – ытқып жүгірді.
Жарайсыңдар балалар сәл демалдық, енді сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
4 тапсырма: Отан, еңбек, туралы мақал – мәтелдер айтып беріңдер.
«Отансыз – адам, ормансыз бұл — бұл»
« Отан – алтын бесік»
«Отан – оттан да ыстық»
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ысты
«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей»
« Еңбек түбі — береке»
«Ер дәулеті еңбек»
«Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді»
(Тапсырма орындалған соң ( А ) әрпі ашылады.
5 тапсырма: Адамның дене мүшелерін атаңдар. Ол не үшін қажет.( Тазалық, дәрігер туралы тақпақтар айтып беру).
(Тапсырма орындалған соң ( Қ ) әрпі ашылады.
6 тапсырма: Қуыршақты киіндіру. Қыз бала мен ұл балаға ұлттық және күнделікті киімдерді кигізу.
Малақай, қолғап, пима, Сәукеле, бүрмелі көйлек,
күрте, тон. Мәсі, қамзол.
(Тапсырма орындалған соң ( С ) әрпі ашылады.
7 тапсырма: Буын арқылы сөздер құрастыру.( Алматы – бас қала, Астана – жас қала. Отан — алтын бесік).
(Тапсырма орындалған соң ( Т ) әрпі ашылады
8 Тапсырма: Геометриялық пішіндерден суретке қарап сурет құрастыру. ( қызыл, жасыл, сары, көк, ақ, қара,қоңыр, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.)
(Тапсырма орындалған соң ( А ) әрпі ашылады
9 тапсырма: Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.Олар жайлы толық айтып беру.
Елтаңбасы елімнің, Көк аспан дай көкпеңбек,
Неткен әйбат әдемі. Қазақстан жалауы.
Тұнығындай көңілдің, Көк емес ол тектен тек,
Ортада аспан әлемі. Ашық елдің қабағы.
(Тапсырма орындалған соң ( Н ) әрпі ашылады.
IY.Осымен балалар біздің сөзімізде ашылды.И так открылась слово давайте почитаем что за слово. «ҚАЗАҚСТАН». ( Что означает это слово)
Мұғалім: Біз сендермен қандай республикада тұрамыз екен?
Балалар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Ел ордамыз қай қала?
Балалар:Елордамыз Астана қаласы.
Мұғалім: Мемлекеттік тіл қай тіл?
Балалар: Мемлекеттік тіл қазақ тілі.
Мұғалім: Балалар Қазақстан туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Қазақстан.
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім,
Туған елім
Күн сәулелі — Қазақстан!
Қорытынды:
- Сонмен балалар барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Жақсы көрсеткен білімдерің үшін сендерді құттықтаймын. Сендерге арналған сыйлықтарымды қабыл алыңдар. Қатысқан оқушыларға жетістіктері үшін сыйлықпен марапатталады.
Екі топтың командирлері бір – бірін құттықтайды.
Ал құрметті қонақтар сіздерге арнап ән сыйлаймыз.
Бәріміз қосылып « Бала тілегі» әнін айтайық.
Осымен « Брейн – ринг» деген ойынымыз аяқталды сау болыңдар.