Табиғат –екінші үйіміз.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат –екінші үйіміз.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Қазақстан экологиясы туралы түсініктерін кеңейту, үнемі қоршаған ортаның тазалығы үшін күресіп отыруға үйрету.
- Дамытушылық: тапсырманың шешімін түсінуде оқушылардың дербес қабілетін пайдалана отырып, бір-бірімен қарым-қатынаста жоғарғы белсенділіктерін дамыту, сөздік қорларын сабақ барысында қолдана білуге баулу.
- Тәрбиелік: оқушыларды тез ойланып,тез шешім қабылдай білуге, өзге пікірлермен санасуға, ізденуге, өз атамекенін, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сот сабақ.
Пән аралық байланыс: жаратылыстану, тарих, әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қатысушылардың аты-жөні жазылған карталар.
Сынып: 8 «Л» сыныбы
Сабаққа дайындық:оқушыларға тақырып бойынша диалог дайындау тапсырылады. «Сот, прокурор, адвокат, журналисттер, қонақтар,аудармашы, эколог»
Сабақтың барысы:
- Ұйдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. Карталар бойынша сотқа қатысушылармен таныстыру.
- Үй жұмысын тексеру: 207 бет. 4-тапсырма. ( кестені толтыру)
Прокурор: Сот мырза байқап отырсақ жануарларға үлкен қауіп төнуде, бүгінгі біздің сотқа арыз берушілер бұл халық. … бизнесмен мырзамыз саябақтағы 200 шаршы метр ағаштарды шауып, орнына мейрамхана тұрғызбақшы екен.Бұған халық әрине нараздылығын көрсетіп жатыр.
Адвокат: Сот мырза. Иә, менің клиентім … мырза ескі ағаштарды шауып орнына мейрамхана тұрғызбақшы, бірақ бұның бәрі де халық үшін емес пе…?! Саябаққа демалуға келген адамдар таза ауамен демалып қана қоймай, көңіл көтеріп, дәмді тағамдар жеп қайтса,тамаша емес пе…?!
Прокурор: Мен халықты сұрауы бойынша сізге бас тақырыпты түсіндіргім келеді.
«Табиғат- Ана»
*«Аялы алақан»-ана сөзінің мағынасы. (Әр оқушы аналарының алақандарының суретін салып әкелген )
-Осы аналарының алақанына «менің анам қандай? » дейтін сұраққа жауап беретіндей сөздер жазыңдар. (мейірімді,жақсы,әдемі,ақылды … )
-Ал осы аялы да, ардақты аналарыңды ренжіткен шақтарың болды ма? Ендеше аналарымызға арналған кешірім сөздерін жазайық. (Анашым сізді ренжіткенім үшін кешірім сұраймын, келешекте …)
-Осы жерде сендердің аналарындай ұстаздарың отыр, сол кешірім сөздерін осы аналарымызға оқып берейік.
-Құрметті сотқа қатысушылар біздің бас тақырыпқа оралайық «Табиғат -ана» дегенді қалай түсінеміз?
Қорытынды:
- Адам табиғаттың бір бөлігі.
- Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
- Әр адам өз анасын сыйлау керек.Табиғат жалпы адамның анасы болғандықтан онымен тіл табысып, заңдарымен келісу,санасу керек.
* Табиғат- Отан (мақал-мәтелдердегі жетіспеген сөзді толықтырып жаз)
1.Ел мен .. егіз. (жер)
- … байдың елі бай. (жері)
- …. жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер. (Жаңбырменен)
- …. адам,
Ормансыз бұлбұл. (Отансыз )
*Табиғат –екінші үйіміз. ( сөйлемдерді толықтырып жаз,сөйлемнің түрін анықта)
*Менің бөлмем таза, өйткені мен үнемі жинаймын . (Салалас құрмалас сөйлем, себеп салдар) Ереже
*Мен сабақтан үйге келсімен, бөлмемді жинаймын .(Мезгіл бағыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем) Ереже
*Сұрақтарға жауап бер:
І Мен бөлме…ді жинай…
ІІ Сен бөме…ді жинай… ба?
Сіз бөлме…ді жинды… ба?
ІІІ Ол кеше бөлме…н жина
Прокурор: міне байқап отырсақ өз үйлерін жинастырмайтын бір адам жоқ екен. «Тазалық саулық негізі» деп бекер айтпаған ғой халық. Ендеше біздің бас тақырыбымызға оралайық. Табиғат та біздің үйіміз болса, біз сол үйімізді тазалаймыз ба?
Журналист 1: Мен өз сөзімді Ш.Айтматовтың сөзімен бастағым келіп тұр.
«…Экологиялық проблемалар-ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.» (Астана қаласының экологиялық жағдайы слайд)
Журналист 2: Ал, мен өз сөзімді А.П.Чеховтың сөзімен жалғастырамын.
«Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келгеннің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді» (Астана қаласын көгалдандыру слайдтар)
Саябақ басшысы: Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып жаз.
-Мен өз сөзімді ұран ретінде жазып қоямын.(бір сөйлемді сөз құрамына және сөйлем мүшелеріне қарай талдау.
*Саябақ тіршілік үшін аса қажет, ауаны да тазартып тұрады. Саябақ… ағаш…ын ұрлап кесетін баукеспелер…, зиянды жәндіктер…,өрт… қорғау керек. Ағашы кесілген жерлер… көшет… отырғызу керек.
Эколог: Саябақты сақтауда оларды зиянды жәндіктерден қорғаудың маңызы зор. Оның механикалық,химиялық, биологиялық жолдары бар. Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін:
Жер бетін лас нәрселерден тазарту керек ;
Топырақ құнарлығын сақтау керек;
Улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.
Прокурор: Құрметті сот мырза куәгерлердің бәрі тыңдалды Сізден шешім қабылдауыңазды сұраймыз.
Сот: соңғы сөз кезегін … бизнесмен мырзаға берейік.
Бизнесмен: Мен қазақша жөнді білмеймін. Аудармашының көмегін сұраймын.
Оқушы орыс тілінде өзінің қателігін түсінгенін және өз шешімін өзгерткені туралы айтады.
Аудармашы: аударады
Прокурор: Қадірлі сот сабағымызға қатысушылар, ендеше бұл тақырыпты үйлеріңізге барған соң талдап, толықтыра жатарсыздар 207 бет 3-тапсырма. Мәтінді түсініп, әрі қарай шығарма түрінде жалғастыр.
Соттың шешімі: … бизнесменге саябақтағы ағаштарды кесуге рұқсат берілмейді.
Бағалау: сот мырза сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға береді.