Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі
Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі
Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – әр мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл-ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына байланысты.
Қазақ тілі пәні оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, сөздік қорын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды ынталандырудың бір жолы – сабақты жарыс түрінде ұйымдастыру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеген Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-мүдделерді іске асыру мектеп алдында тұрған асқаралы міндеттерді анықтайды.
Сондықтан ХХІ ғасыр табалдырығында тұрып, тәуелсіздігімізді сақтай алатындай білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінде еңбек етіп жүрген әрбір ұстаздың басты борышы. Ендеше, мемлекеттік тұрғыдан білім мазмұнын жаңарту, осы заман талабына сай өзгерту, үздіксіз білім жүйесін дамыту қажеттігі туындауы – заңды құбылыс.
Осы орайда өзім сабақ беріп жүрген 6-сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі көзі – баланың қабілетін анықтай отырып, дамытуды көздейтін ең қолайлы жағдай жасау арқылы көмек беру.
Оқушыларды 5-сыныптан бастап пәнге қызығуына қарай саралап, топтадым.
Оқытуды дараландыру немесе дифференциалдап оқыту оқушылардың білімін жасанды түрде бір-біріне жақындатырудан, сабақта барлық оқушыларды оқытуға бірдей өлшеммен қараудан арылуға көмектеседі.
Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін тексеруде, өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-жеке есепке ала отырып, саралау кеңінен қолданылуда.
Сабақта оқушы белсенділігін, қызығуын арттыруды назарда ұстап, жаңа тәсілдерді алдымен өзім меңгеріп білуді басты назарда ұстаймын. Осы үрдісті тәжірибеге енгізбей, мұғалімнің жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып табылады.
Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Өзім сабақ беретін сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшеклігін талдап, сабақта ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше көңіл аударамын.
Әр оқушы үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау, белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік алады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, олардың білімінен байқалған олқылықтарды сипатына қарай топтап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіп келемін. 6-сыныпта өткізген «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.