Әліппе, саған мың алғыс!

Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!

Мақсаты:  Оқушылардың «Әліппе» пәні бойынша алған білімдерін бекіту, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Барысы:
Қоңырау үні соғылып, балалардың мектепке қарай қадам басып шулаған дауыстары естіледі. Ақырын музыка ойналып тұрады. Ортаға екі оқушы сөйлесіп кіреді.

Тамерлан: Нұрайым,  осыдан төрт ақ  ай бұрын осы сыныпқа ақырын, жүрексініп, қорқа басып  кіргеніміз есіңде ме?

Нұрайым: Әрине есімде, Тамерлан, ол күнді ұмытуға бола ма екен? Ол біздің алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 қыркүйек білім күні емес пе.

Тамерлан: Иа, одан бері де көп уақыт болмаса да біз біраз нәрсені үйреніп, барлық әріптерді танып, оқып, жазып, есептей алатын болдық.

Нұрайым: Дұрыс айтасың, досым, онда не тұрыс бүгін біз мына отырған қонақтарға өзіміздің не үйренгенімізді көрсетпейміз бе?

Тамерлан: Жақсы. Олай болса ортаға өзіміздің сыныптас достарымызды шақырып, бүгінгі әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді бастайық.

 

Музыка ойналып, ортаға сынып оқушылары қолдарын шапалақтап кіреді.

Томирис

Көз  салып  қараңызшы  бойымызға,

Ортақ  боп  бүгінгі өскен  ойымызға.

Хош  келіпсіз, ұстаздар , ата-аналар!

Әліппемен  қоштасу  тойымызға.

Шаттық

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім мақтанамын.
Оқып, жазып үйреткен әліппеммен,

Қимастықпен әрине, қоштасамын.
Дарын

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Мадина:

Біздің сынып тамаша,

Көз тоймайды  қараса,

12  қыз бен 12 ұл

Күнде түгел  санаса.

Сабақтан  ешкім  қалмайды,

Нашар  баға  алмайды,

Дінасыл

Әр  бала  өнер  таңдайды.

Бірі  сүйіп  спортты

Бірі  сурет салады.

Талабы  зор балалар

Өнерден  орын табады.

Хор:
Мұғалім:
Мына сұраққа жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Бәрі: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті – Әліппе,

ол сүйікті – Әліппе
Мұғалім: Дұрыс балалар, Енднше ортамызға Әліппені шақырайық.
/Музыка/ Әліппе келеді.
Әліппе: Альнур
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен Әпкең де.
Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.

Дәурен
Мама, папа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті

Диана:

Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Аяулым
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Тамерлан
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Ерасыл
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Аяжан
Әліппем менің, әліппем,
Өшпейтін нұрлі әріптен.
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Алдияр
Үйреттің бізге Әліппе,
Қырық екі  дербес әріпті.
Сөз , сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.
Дарина
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.

Нұрсат
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Ізет
Әліппем, менің Әліпем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!

Әліппе:Альнур

Жарайсыңдар , балғындар!

Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер.

Музыка ойналып, ортаға «Ана тілі» оқулығы кіреді.

Ана тілі: Мансур

Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Әліппе: Альнур
Айналайын, балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар!