Шылау

Тақырыбы: Шылау

 

БөлімісағатСабақтың  мақсаты  мен  түрлері             6 -сынып

 

уақыты
Кіріспе бөлімі11.Модульдің құрылымы, мақсатымен, міндетімен таныстыру

2.Жаңа тарауды тірек- сызбалар арқылы түсіндіру

3.Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

4.Қорытынды.  Үйге тапсырма.

5 мин

15мин

20 мин

5мин

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесу бөлімі

 

2

Оқу материалын меңгерту

  1. «Өзара оқыту» сабағы (меңгерту ойыны)
  2. Жаттығу жұмыстары (323 – жаттығу)
  3. Қорытынды. Үйге  тапсырма.
 

30 мин

10 мин

5 мин

 

3

Білімді  дамыту

  1. «Шеңбер  бойымен  әңгімелеу» (дамыта оқыту)
  2. Жаттығу жұмыстары. (324-325 – жаттығулар)
  3. Қорытынды.
 

20 мин

20 мин

5 мин

 

4

Білім, білік , іскерлік дағдыларын дамыту

1.«Мәтін құра» оқыта үйрету ойыны  (оқулықпен жұмыс)

2.Шығармашылық жұмыс.

3.Қорытынды.

 

20 мин

20 мин

5 мин

 

5

Білім  мен  іскерлік  дағдыларын  бекіту

  1. «Жарысты  жалғастыр» (эстафета)
  2. Топтамамен жұмыс(деңгейлік тапсырма)
  3. Қорытынды. Үйге  тапсырма.
 

20 мин

20мин

5мин

 

Қорытын-ды бөлімі 

6

Білім  мен  іскерлік  дағдыларын  тексеру

  1. Тест
  2. Диктант
 

15 мин

30 мин

7     1.Қатемен жұмыс

2.Сынақ

3.Қорытынды

15 мин

20 мин

10 мин

 

Мақсаты:

а) білімділік: Шылау туралы түсінік беріп, білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын

қызметіне қарай бөлінуін түсіндіру. Шылаудың  емлесін меңгерту.

ә) тәрбиелік: Жеке тұлға ретінде қалыптаса білуге, өзара сыйласа білуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Ой өрісін, шығармашылық  қабілеттерін дамыту.

Міндеті: Оқушы  нені білуі керек?

  • Шылаудың ережесін білуі
  • Жалғаулардан, жұрнақтардан ажырата білу.

Оқушы  нені  меңгеруі  керек?

  • Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылығын меңгеру.
  • Шылаулардың түрлерін білу.

Пайдаланылған қосымша әдебиеттер:

1.М.Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы».

  1. «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері».Ж.Жеткізген.(Әдістемелік құрал )Алматыкітап
  2. «Сөз таптары» Ж. Жеткізген.

4.Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы(5-9-сыныптар)Алматы      « Білім» 2002ж

 

 

 

 

 

 

 

1 – сабақ                                                Кіріспе  бөлім

 

І    Ұйымдастыру кезеңі

ІІ  Модульдің  құрамын  түсіндіру

  1. Шылау  туралы  түсінік
  2. Шылаудың  түрлері
  3. Септеулік  шылаулар
  4. Жалғаулық  шылаулар
  5. Демеулік  шылаулар

 

 

Виуалдық лекция

 

Шылаулар толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұрады. Шылаулар түрленбейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.

  • Шылаулар білдіретін мәніне қарай 3 түрге бөлінеді.
  1. Септеулік
  2. Жалғаулық
  3. Демеулік

 

  • Шылаулардың емлесі: Шылаулардың  көпшілігі өздері  қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады.
  1. және, мен (бен,пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:  Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.

 

  1. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық  мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы:      Балабектің де барғысы келді.

 

 

  1. Дефис арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы:    Діңкелеп шаршаған  күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесу бөлімі

 

2-сабақ     «Өзара оқыту сабағы»ойыны(меңгерту)

 

Мақсаты :

а)білімділік:Шылаудың ерекшелігін,түрлерін меңгерту.

         ә) тәрбиелік:Оқушыларды бірін-бірі сыйлап,бағалай білуге тәрбиелеу.

        б)дамытушылық:Топпен жұмыс жасауға қалыптастыру,сөздік қорларын                                                                                              дамыту.

Шарты: 1.Жұмыс топпен  жүргізіледі. Әрбір оқушы тапсырма  алады. Шылау тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис – конспект немесе жоспар – конспект жасау. Жұптардың өз тапсырмасы бар (1- нұсқа немесе 2 -нұсқа). Дайындалуға 10 минут беріледі.

  1. Дайындалған соң оқушы (1-нұсқа конспектісін пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, яғни мұғалім рөлінде болады, ал «оқушы»

(2-нұсқа) оны тыңдайды.

  1. Енді рөлдермен ауысады.
  2. Тапсырмалар тақтаға жазылады. Оқушылар (1-2 -нұсқалар) тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды. (ауызша)
  3. Тапсырмаға алынған жауаптан кейін «оқушы мен оны оқытқан мұғалімге» түрлі-түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
  4. Сабақ соңында қорытынды шығарылып, берілген жетондарға байланысты (түсіне қарай) баға қойылады.

Тапсырма: І нұсқа (тезис-конспект)

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстем тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.

Мысалы: Адамзат жүрегіңе үңілгенде, әр уақыт сен арқылы мені білсін (С.М)

 

Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.

  1. Шылаудың  толық лексикалық мағынасы болмайды.
  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы  сөздің жетегінде қосымша мән үстей қолданылады.
  4. Шылаулар түрленбейді. Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде пайда болған сөздер.

 

ІІ нұсқа

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай,таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, т.б.

Жалғаулық шылаулар: мен(бен,пен), да,(де,та,те),не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен,сонда да, әлде, өйткені,себебі, сондықтан,сол себепті т.б.

Демеулік шылаулар: ма(ме,ба,бе,па,пе),ше,-ақ,-ау,-ай,әсіресе,да,(де,та,те). ғана(қана),тек,кейде,-ақ,-мыс(міс),кейде,-ау,түгел,тұрсын,тұрмақ,қой(ғой),-ды(-ді,-ты,-ті)

.

 

Тапсырма:

  1. Шылау дегеніміз не? 2.Қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
  2. Септеулік шылауларды ата? 4. Жалғаулық шылауларды ата?
  3. Демеулік шылауларды ата?

Дұрыс  жауапқа жетондар үлестіру. Қорытындылау. Үйге тапсырма.

 

 

3-сабақ «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны

 

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Мұғалім шылауы бар мәтінді оқуды тапсырады. (гонг) Шеңбер бойымен отырады.

 

 

  1. Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез-келген ойыншыға нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.
  2. Тағы да оқимыз. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз. Сағат тілінің бағытымен қайта бастаймыз.
  3. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз. Жеңімпазды құттықтаймыз.

 

Тапсырмасы:   Мәтін

Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды. Таңданып әрі қуанып барып есік ашсам- Майра мен папасы тұр. Қарт пен немересі зәулім сұр үйдің алдына келіп тоқтады. Аман қорқып та, қуанып та келді. Жылқыда Үсен қалды да, Қуаныш ағасы үйге келді. Театрдан Нұрлан әрі қуанып, әрі сәл жабырқап шықты. Аманның жерге түсіп, жаяу жүргісі келеді, бірақ қуаныш атын тоқтатпады. Сараңдық адамның ең бір жаман қасиеті деп білетін, сондықтан мүсінді суретші апайға ұсынды (Бақытжан Момышұлы)

323-жаттығуды орындату.

 

4-сабақ.      І «Мәтін құра оқыта үйрету ойыны»(оқулықпен жұмыс)

 

 Мақсаты:

 а) білімділік:                       Шылау түрлерін меңгерту

 

 ә) тәрбиелік:                       Оқушылар  бірін-бірі  тыңдап,  бағалай  білуге  тәрбиелеу.

 

б) дамытушылық:   Топпен  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру, сөздік  қорын                                            байыту.

 

 

Шарты:       326- жаттығудағы  «Велосипед»  мәтінін  мәнерлеп  оқып,  тыңдату.

Оқушы қолына  қағаз  бен  қалам  алады. Әрбір  оқушы мәтін  бойынша  сұрақ  жазып,  оны  жүргізушіге береді.

Мысалы:  Сұрағы :

  1. Соғыс жылдары  ауылда  кімде  велосипед  болды?
  2. Ол қандай  велосипед  еді?
  3. Қайрат велосипедті  кімге  беретін  еді?

Сосын  жүргізушіден  кез келген  парақты  алып,  жауабын  ойластырады.

Жауабы:

  1. Соғыс  жылдары ауылда Қайратта  ғана  бір  велосипед  болды.
  2. Шабақтарының  да   сау  тамтығы  жоқ,  бәрін  де  сымнан  жасалған.
  3. Қайрат  велосипедті  Әсетке  ғана , кейде  маған  да  беретін  еді.

Дайындалуға  10-15 минут  беріледі.  Осы  түзілген  тәртіппен  әңгімелеп,  соңынан  оқу  мәтінімен  салыстырады.

Жүргізуші  ең  белсенді  оқушыны  анықтайды.

 

ІІ  Шығармашылық  жұмыс.

 

Оқушыларды  топқа  бөліп  суреттер  тарату.

Топ  мүшелері  суретке  қарап  өлең  шығарады, жаңылтпаш  құрайды, жұмбақ  құрастырады.

 

 

5-сабақ. І  «Жарысты  жалғастыр»  (эстафета)  ойыны.

 

Мақсаты:  Шылаудан  алған  білімдерін  бекіту  мақсатында  жылдам әрі  тез жауап беру  арқылы  шапшаңдыққа, зерделілікке  жетелеу.

 

Шарты: 1. Жүргізуші  сыныпты  үш  топқа  бөледі.

  1. Жүргізуші оқып-үйренуге  тиісті  мәтін  бөлігін  береді.  Мәтінді  оқып, әр  топқа  бір парақтан  береді. Оқушылар  оқиғаларды  жазып, үндеместен  бір-біріне  жылжытып  отырады. (бір-бірін  қайталамауы  тиіс).

Осы  ойын  арқылы  334-336-  жаттығуларды  орындату.

  1. Оқып шығып,  мәтіндегі  шылауы  бар  сөйлемді  тауып  жазып,  келесі  адамға  береді. Ол  да  шылауы  бар  сөзді  тауып  жалғастырады.
  2. Жүргізуші өзіндегі  жауап  парағын  тексеріп,  әр топтағы  жеңімпазды анықтайды.
  3. Ойынның қорытындысын  әр адамның  жазған  шылау  санына  қарай,  дәлдігіне  қарай  баға  қояды. Жеңімпазды құттықтайды.

 

ІІ.   Деңгейлік тапсырмалары бар топтамамен жұмыс

 

                                                   ІІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып жазыңыз.

  1. Есінен танып қорыққан балапан бұдан . . .  көпке . . .  не болып, не қойғанын білген жоқ.
  2. Балалар жиекке . . .  жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді.
  3. Өлкені өрлеп қонған он . . .  ауылдың көбі жатқан .

Жауап үлгісі

  1. Есінен танып қорыққан балапан бұдан кейін көпке дейін не болып, не қойғанын білге жоқ.
  2. Балалар жиекке қарай жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді.
  3. Өлкені өрлеп қонған он шақты ауылдың көбі жатқан.

 

 

                                                      ІІ деңгей

  1. Шылау сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы.
  2. Жалғаулармен тұлғалық ұқсастығы бар шылауларды ата.

Жауап үлгісі

  1. Шылаулардың толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды, толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді, шылаулар түрленбейді
  2. ма, ме, ба, бе, па, пе, мен, бен, пен, да, де, та, те.

 

 

                                                        І деңгей

1. Септеулік шылаулардың түрлеріне тоқталыңыз.

2. Жалғаулық шылаулардың түрлеріне тоқталыңыз.

3. Демеулік шылаулардың түрлеріне тоқталыңыз.

 

 

 

Қорытынды бөлімі

6- сабақ.  Қорытынды бөлім.  Тест.

 Мақсаты:   Шылау, оның  түрлерін  қаншалықты  меңгергендігін   тексеру.

Тестінің  білім көлемі:  Оқушы  шылау  тақырыбын  толық  меңгеруі  тиіс.

 Тесттің  түрі, формасы:  тесттің  5 түрін қамтиды.

 Орындау уақыты:  15 минут.

 

І нұсқа.

 

1.Сөйлем  мүшесі  бола алмайтын  сөз  табы …….

 

  1. Шылау сөйлемде қандай қызмет атқарып  тұр?

Ол  бұлардың  ішіндегі  ең  шапшаңы  және  тапқыр айтқышы. (М.Ә)

 

а) сөз бен сөзді байланыстырып  тұр.

ә) сөзге  жаңа  мағына  үстеп тұр.

б) сөйлем  мен  сөйлемді  жалғастырып  тұр.

  1. Шылау сөздер білдіретін мәні мен  сөйлемде  атқаратын  қызметіне  қарай  үшке  бөлінеді:

а) иә                   б) жоқ.

 

 

 

 

 

  1. Шылауларды сәйкестендір.

 

  1. Септеулік шылау                                                    а) дегенмен, әйткенмен
  2. Жалғаулық шылау                                                  ә) сайын,  туралы
  3. демеулік  шылау                                                     б) -ақ, -ау, -ды.

 

  1. Сөйлемді толықтыр.

Күндіз  келген  жиырма  кісіні ….., түнде келген  жиырма  кісіні…..  қонақ  етіп, ренжітпей  аттандырып  жіберуші  еді.

 

 

6.Сызбаны  толықтыр:

Шылаудың  түрлері.

 

 

 

7.Дефиспен  жазылатын  шылаулар.

а)  мен, әрі, бері

ә) ма, ме, ба, бе

б) ақ, ау, ай

 

8.Қайталанбай  қолданылатын  шылаулар.

а)  және, мен

ә) да, де, та, те

б) әрі,  біресе

 

  1. 9. Сөйлемді толықтыр.

Сөзін  оқы …..  ойла, Тез  үйреніп, тез  жойма.

 

  1. 10. Сөздерді ретімен орналастыр.

а) Абай    б)  оның

ә) достары  в)  мен

 

ІІ  нұсқа.

 

1.Шылаулар  …., …., ….  болып  бөлінеді.

 

2.Демеулік   шылаулар  дегеніміз  не?

 

3.Мына  шылаулар ( ақ, ау)  қалай  жазылады?

а)  дефис  арқылы  жазылады.

ә) бөлек  жазылады.

б) қайталанып  қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сызбаны толтыр:

Жалғаулық  шылаулар

 

…………….

Талғаулы  қатынасты  білдіретін
Қарсылықты  қатынасты  білдіретін
Ыңғайластық қатынасты  білдіретін

 

 

  1. 5. Сөйлемді толықтыр.

Тіл  …. ойлау- еңбектің  жемісі  (К.Маркс)

 

  1. Септеуліктер мынадай тұлғадағы  сөздердің шылауында қолданылады.
 

…………….

Шығыс  септіктегі  сөздермен  тіркесетін
Барыс  септіктегі  сөздермен  тіркесетін
Түбір тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін  септеуліктер
  1. Жалғаулық  шылауды тап.

а) бұрын, соң, кейін

ә) бірақ, дегенмен, алайда

б) мыс,қой, кейде

 

  1. 8. Сәйкестендір.

1.сұраулық  демеуліктер                                                    а) қой (ғой, -ды,-ді)

2.болжалдық демеуліктер                                                  ә) –мыс,кейде,-ау.

3.нақтылау  мәнді  демеуліктер                                         б) ма, ме, ше.

 

9.Сөздерді  ретімен  орналастыр.

а) Атам     б) мен  г) бар

ә)  әжемнің    в)  сиыры

 

10.Жолшылар  электршілермен  ….  емес, өзара  …..  жарысуда.

 

   Тестің  кілті.

І  нұсқа

  1. шылау.                              6.жалғаулық
  2. а                                         7. б
  3. 3.   а                                        8. а
  4. 4.   1-ә,2-а, 3-б                       9.  және
  5. 5. де                                    10. а,в,б,ә

 

 

 

ІІ  нұсқа

  1. септеулік, жалғаулық,демеулік

2.сөзге  күшейту, тежеу, шектеу мәнін  үстейді.

3.а

4.себеп-салдарлық

5.мен

6.көмектес

7.ә

8.1-б, 2-ә,3-а.

9.а,б,ә,в,г

10.ғана, да

 

Диктант

 

Мақсаты:  Жазба  жұмысын  жаздыру  арқылы  оқушылардың  сауаттылығын  арттыру.Шылаулардың емлесін меңгерту.

 

Ақсақ  құлан

 

Екі  көзі жақұттай  жаудыраған, маңдайында  танадай  ағы бар  тортөбел  ақсақ  құлан таңулы  аяғын  сүйрете шоқаңдай  басып  келеді де, мұны  иіскелеп оқыранып  жібереді. Бірдеме  дәметіп  тұр. Ағыбай  кішкентай  шелекпен  жаңа сауылған саумалдан  бір тостағандай сүт алып  шықты да, құлынның  аузына тосты. Ол әбден  дәнігіп алыпты, мақпалдай  жұмсақ еріндерін жыбырлатып, шелекке бірден бас қойды да сүтті лезде  сіміріп алды.

Осыдан  он шақты күн бұрын қалың  жаңбыр  кезінде  қиядан  құлап, артқы жіліншігі  уатылып кеткен-ді. Жылқышылар өрістен өңгеріп әкелгенде, сынған  аяғы  терісіне ғана ілініп, былғақтап  бос  жатыр  еді.

 

 Тапсырма:

Шылаудың  түрлерін  ажырат. де-жалғаулық шылау.  ды – демеулік шылау, ғана – демеулік шылау.

 

 

 

7-сабақ

  1. Қатемен жұмыс
  2. Сынақ  

 

Мақсаты:  Шылау бойынша  алған  білімдерін  пысықтау, тиянақтау, қорытындылау.

 

№ 1.   1. Шылау  дегеніміз не?

2.Мысал келтір

 

№2.   1. Шылаулар  неше  түрге  бөлінеді?

2.Әрқайсысына мысал келтір

 

№3.  1. Мына сөздерден  септеулік  шылауды  табыңыз?

-ақ, — мыс,соң.

  1. Шылаулар  түрленеді ма?

 

 

 

 

№4.    1. Демеулік шылау деп қандай  шылауларды айтамыз? Мысал келтір.

 

2.Шылаулар  сөйлем  мүшесі  бола алады ма?

 

№5.   1. Және, мен  шылаулары  сөйлем ішінде неше рет  жазылады?

 

  1.   Шылаулардың  лексикалық  мағынасы  бар  ма?

 

  1. Қорытынды.