Отбасы мүшелерінің мамандықтары

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің мамандықтары

Сабақтың мақсаттары:

А)Білімділік: «Отбасы мүшелерінің мамандықтары»  мәтіні арқылы оқушылардың лексикалық қорын байыту.

Ә)Дамытушылық: «Отбасы мүшелерінің мамандықтары» тақырыбы аясында оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Б)Тәрбиелік: Әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру,

Көрнекіліктер: оқулық, оқу құралдары, кампьютер, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

Қазақстан республикасының гимні (2 мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу  үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру;

Окушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабақтың тақырыбымен таныстыру (Отбасы мүшелерінің мамандықтары)
  • Фонетикалық жаттығу (ң дыбысы)
  • Сабақтың мақсатын айқындап алу (Отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы айта білу)
  • Сабақтың міндетін айқындау
  • Сұрақұрақ-жауап

Жаңа мәтінді талдамас бұрын өткен тақырыпты еске түсіріп алайық (Кім болғым келеді?)

 

…қы

…кі

+ т.ж. І жақ     кел

…ғы

….гі

 

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеттері:

а) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

ә) кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

б) қатемен жұмыс

  • Үйге берілген тапсырма «Кім болмам?», 127-бет жаттау.
  • Өлеңді оқып еске түсіру
  • Үй тапсырмасын асықтағы нөмірге сәйкес шумағын айтып шығамыз

 

3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Міндеттері:

а) өткен сабақты шолу

ә) өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;

4.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

Міндеттері: грамматикалық форманы,жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту

Миға шабуыл:

Мамандық дегеніміз не?

«Мамандық» сөзі латын тілінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен.         Мамандық –  қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп,  қоғам дамып, дүниеге т4үрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі — маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі — еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.

Жаңа сөздерді меңгерту

Ата-дедушка

Әже-бабушка

Аға-старшый брат

Жеңге- жена брата

Әпке- старшая сестра

Жезде- муж сестры

Көке- брат отца

Нағашы- родственники по лини мамы

Нағашы- апа бабушка по лини мамы

.Мәтінді оқып, әнгімелеңіз

Менің отбасым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші,  мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, кенші, металлург, жүргізушы, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, аяқ киім жөндеушы, сатушы, шаштараз, сағат шебері зергер, әнші,биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

Ал менің атам мен әжем – зейнеткерлер.  Олар қазір жұмыс істемейді. Атам өрт сөндіруші болған.  Әжем тіс дәрігері болған. Әкем – аңшы. Ал апам – тоқымашы. Ағам мен әпкем университетте оқиды. Ағам металлург боламын дейді. Ал әпкем полиция қызметкері боламын дейді.

Мен биыл мектепті бітірдім. Әлі мамандық таңдаған жоқпын. Әке-шешем маған инжернер бол дейді. Ал менің ел қорғайтын әскер болғым келеді. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек

 

  1. Жаңа материалды меңгерту дәрежесін тексеру кезеңі
  • Мәтінді алдымен өзім оқимын;
  • Оқушыларға оқыту;
  • Не түсінгендерін сұрау
  • «Өмірде» сөзін құрамына қарай талдату;
  • Жалғаудың түрлерін қайталау;

Жалғаудың жалғану тәртібі; Назар аудар

Бір зат есімге бірнеше жалғау жалғанады. Сонда зат есімге:

Бірінші: көптік жалғауы жалғанады.

Екінші: тәуелдік жалғауы жалғанады.

Үшінші: септік жалғауы жалғанады.

Төртінші: жіктік жалғауы жалғанады.

Тігінші-лер-і-нен-сің

  • Мәтіннен асты сызылған сөздерді оқытып, қай шақта тұрғанын айтқызу;

Етістіктің шақтарын қайталау, мысал келтіру;

Назар аудар

Ауыспалы осы шақтағы етістікті пайдаланып, 3-жақта сұраулы сөйлем жасағанда, жіктік жалғауы жазылмайды. Мысалы,

Мен келе-мін                 Ол келе ме?

Сен келе сің                   Олар келе ме?

Сіз келе сіз                    Ол тыңдай ма?

Ол келе ді                      Олар тыңдай ма?

 

  1. Жаңа материалды бекіту кезеңі

Міндеті:жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру

  • Оқушыларға өз отбасы туралы айтқызу

№1 Сұхбатты досығызбен айтыңыз.

—              Сәлем, Досан!

—              Сәлем, Арман!

—              Досан, сенің ата-анаң    қайда тұрады?

—              Менің ата-анам Алматыда тұрады.

—              Олар жұмыс істей ме?

—              Иә. Әкем — ________. Анам  — ________.

—              Ата-анаңның мамандығы саған ұнай ма?

—              Иә, маған ұнайды.

—              Ата – анаңа менен сәлем айт.

—              Жарайды.

Бос орынға қойылған сөздерді талдаңыз.

№2 Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

–шы/–ші

Зерттеу_____, жазу_____, кен_____, теңіз_____, балта_____, мақта_____, егін_____, мүсін_____, орман_____, бояу_____, тіл_____, жорнал_____, тігін_____, трактор_____, балық_____, сату_____, құрылыс_____, қой_____, жылқы_____, есеп_____, сурет_____, жүргізу_____, жұмыс_____, сәурет_____, пошта_____, ән_____, би_____, аударма_____, хат_____, аң_____, әдебиет_____, ем_____, ел_____, қобыз_____, мал_____, өтірік_____.

№3  Жіктік жалғауын қосып жазыңыз.

  1. Мен сәулетші________.
  2. Біз ауылда сауыншы__________.
  3. Сендер малшы_________ .
  4. Сіздер жұмысшы________ .
  5. Біз суретші_______ , сен тоқымашы________.
  6. Біздің қарындасы______ .
  7. Сен кім_______?
  8. Сіз оқытушы_______ ба?
  9. Біз институтта студент__________ .
  10. Мен сағат шебері_________.

 

№4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Менің әкем ұшақтарда ұшып жүр. Оның мамандығы қандай?
  2. Меруерттің ағасы шетел фирмасында ақша санап жүр. Оның мамандығы қандай?
  3. Ләззат газеттерге мақала жазып жүр. Оның мамандығы қандай?
  4. Жанаар сурет салып жүр. Оның мамандығы қандай?
  5. Апам тамақ пісіріп жүр. Оның мамандығы қандай?
  6. Менің шешем киім тігіп жүр. Оның мамандығы қандай?
  7. Салтанат адамдарды емдеп жүр. Оның мамандығы қандай?
  8. Марал ыдыс–аяқтарды сатып жүр. Оның мамандығы қандай?
  9. Сәния балаларды оқытып жүр. Оның мамандығы қандай?
  10. Болат үйлер салып жүр. Оның мамандығы қандай?
  11. Менің апам сахнада ән айтып жүр. Оның мамандығы қандай?

 

№5 Сөздерді жұптастырыңыз.

  1. Әнші а. сабақ береді                     1 — …
  2. Мұғалім ә. ғарышты зерттейді          2 — …
  3. Суретші б. ән айтады                        3 — …
  4. Ғарышкер в. шаш қияды                       4 — …
  5. Шаштараз г. сурет салады                    5 — …

 

№6 Үлгіде берілген сөйлемге қарап, бос орындарды толтырыңыз. Дәптермен жұмыс

  1. Әкем 50 жаста. Ол – әртіс. Ол театрда жұмыс істейді.
  2. Шешем _______________________________________
  3. Нағашым _____________________________________
  4. Жездем ______________________________________

 

  1. Жаңа сабақты қорытындылау

Міндеті: сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру

Мақал мәтелдер

  1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  2. Еңбегіне қарай өнбегі.
  3. Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі.
  4. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

 

  1. Бақылау және өзің-өзі бақылау кезеңі

Міндеттері:

Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау;

Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту

№ 7 Сөзжұмбақ

  1. Жұмыс істейтін адам
  2. Базардағы сатушы
  3. Баламның баласы маған кім болады?
  4. Анамның ағасы маған кім болады?
  5. Әкемнің менен кіші баласы маған кім болады?
  6. Әпкемнің күйеуі маған кім болады?
  7. Үй салатын адам.
  8. Ұшақты басқаратын адам.

 

 

 

  1. Сабақтың бағалау кезеңі

Міндеті: өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.)

  1. Рефлекция кезеңі

Міндеттері:

Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау;

Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету

Мен не білдім?

Не білгім келеді?

Саған сабақ ұнады ма?

  1. Үй тапсырмасы

Міндеті: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру