Төрт түлік.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдері туралы мәлімет беру, олардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, көрнекілік, анализ-синтез.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Амандасу
— Сәлеметсіңдер ме?
— Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Ә) Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
- Табиғат.
- Дұрыс. Ал табиғат деген не?
- Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн…
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
- Природа
- Весна
- Радуга
- Облако
- Гора
- Цветок
- Двор
- Апрель
- День
- Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
- Төрт түлік.
- Иә.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3.1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.
3.2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.
3.3. 1-жаттығу. 153-бет. Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.
3.4. 2-жаттығу. «Балық қаңқасы» оқыту техникасын пайдалана отырып, төрт түліктің төлін жаз.
түйе сиыр қой жылқы ешкі
3.5. 3-жаттығу. Сәйкестендір.
Түйе маңырайды.
Жылқы боздайды.
Сиыр маңырайды.
Қой кісінейді.
Ешкі мөңірейді.
3.6. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- … – бие сүтінен жасалатын сусын. 2. … – түйе сүтінен жасалатын сусын. 3. … – ұйытылған сүт. 4. Сүттен … жасалады.
Керекті сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.
3.7. 5-жаттығу. 155-бет. Ұйқасын тап, жатта.
Моп-момақан өзі.
Сүп-сүйкімді … . (қозы)
ІV. Сабақты бекіту.
Дұрыс | Бұрыс | |
Қойдың төлі – бұзау. | ||
Төрт түлік пайда әкеледі. | ||
Сүттен ет жасалады. | ||
Теріден қалам жасайды. | ||
Шұбат- түйе сүті. | ||
Қымыз – сиыр сүті. |
VІ. Үйге тапсырма. 5-жаттығу, 155-бет, сөз жаттау.
VІІ. Бағалау.