Жалғау

 

Пәні:

Тақырыбы: Сыныбы:

Қазақ тілі

Жалғау

2 б сынып

Мақсаты:Түбір мен қосымша туралы алған білімдерін пысықтау, жұрнақ пен жалғауды ажырата білу, қайталау. Ой-өрістерін кеңейту, бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып  қорытынды шығарып, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:1.      Оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдау дағдыларын дамыту;

2.      Топтық жұмыс барысында бірлесе жұмыстануға үйрету;

3.      Сауатты, таза, көркем жазуға, сөзді байланыстырып, дұрыс сөйлеуге және өмірмен байланыстыра оқуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:1.      Жалғау туралы білімдері пысықталады;

2.      Талдауға жаттығады;

3.      Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.

Өтілу кезеңдеріМұғалімнің  әрекетіОқушының әрекетіРесурстар
Ұйымдастыру1.      Психологиялық дайындық:

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға, — мұғалім оқиды.

2.Тренинг  «Тез таңда»

Мұғалім оқушыларға «түбір», «жұрнақ» және «жалғау» белгілерін  таңдап  алуды ұсынады.

 

Топтық жұмыс ережелерін шығарту:

1.      Тыныштық сақтау

2.      Уақытты тиімді пайдалану

3.      Өзгенің пікірін тыңдау

 

1.      Психологиялық дайындық:

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға-оқушылар бірлесе айтады.

2. Тренинг  «Тез таңда»

Оқушылар өзіне ұнаған  белгіні таңдап  алады.

 

Оқушылар топтық жұмыс ережелерін шығарады

Оқушылар оқып, қайталап айтады.

Интернет желісі
Үй тапсырмасын тексеру«Қайталау – оқу анасы!»

    «Өзіңді-өзің тексер»

1.      Дұрыс жазылған сөзді тап:

киік                  кйік            кіиік

2.      –шы  жұрнағы қай сөзге лайық?

ән                   торғай         қобыз

3.      Кеншілер деген сөздің түбірін көрсет:

кенші           кеншілер        кен

4.      Ұш сөзіне жалғанатын тиісті жұрнақты көрсет:

-паз              -қыш              -паз

5.  Дұрыс сөйлем құраңдар:

інім, менің, барады, балабақшаға

1,2,4,3                            1,2,3,4                   2,1,4,3

6.Түбір сөзге не жалғанады?

қосымша                  дыбыс                   буын

 

Оқушылар қолдарына берілген бағдаршам көздерінің көмегімен тақтадағы тест тапсырмаларының дұрыс жауабын көрсетіп отырады.

 

 

 

Тест жинағы
Қызығушылығын ояту

Ой қозғау

«Білгенге маржан»

 

—          Түбір деген не?

—          Жұрнақ деген не?

—          Жалғау дегеніміз не? – әр топтың атауына қарай ережелерін сұрайды.

 

Сурет бойынша қосымшалар жалғату.

 

 

 

Оқушылар топ атауларына қарай ережені айтады.

 

 

 

Сурет бойынша қосымшаларды  жалғап, сөздерді айтады.

 

 

 

Мазмұнды суреттер, сұрақтар
Мағынаны тану Дәптермен жұмыс:

Көркем жазу:

Бб

Білімді тауып айтады.

 

Оқулықпен жұмыс:

І топ: 1-жаттығу. Жаңбыр тамшыларынан өшірілген жалғауларды тауып жазу керектігін түсіндіреді.

ІІ топ: 2-жаттығу. Мәтінді оқытады. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, түбірі мен жалғауын белгілеу керектігін түсіндіреді.

ІІІ топ: 3-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу, құрамында жалғауы бар сөздерді белгілеу керектігін түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Анаң-күнің, жүрегің,

Әкең — өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Атаң – дана, қорғаның,

Әжең – пана,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

 

«Жүйрік ойлы ұландар» топтық жұмыс

5-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс

І –ІІ –ІІІ топтағы алдыңғы төрт оқушы «Ананы неге теңер едің» тақырыбында сурет салу

І –ІІ –ІІІ топтағы соңындағы  төрт оқушы: «Менің анам » тақырыбында эссе жазу

 

Оқушылар көркем жазуды толтырады.

 

 

 

 

 

Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға, қалған оқушылар өз орындарында отырып орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Анаң-күнің, жүрегің,

Әкең — өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Атаң – дана, қорғаның,

Әжең – пана,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

 

 

 

Берілген тапсырмалар бойынша жұмыстанып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Қазақ тілі оқулығы. Плакат беттер, маркерлар, стикерлар
Ой толғаныс «Сөз ойла, көп  ойла»  3 минут.

 

 

 

 

Берілген белгілер бойынша сөздер жазу.

 

 

 

 

Берілген белгілер бойынша сөздер жазады.

Тірек сызбалар
Қорытындылау«Тобықтай түйін»

«Бес жолды өлең» стратегиясы

1.       Не? Жалғау

2.       Қандай?

3.       Не істейді?

4.       Сөйлем

5.       Синоним

 

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойнша жұмыстанады.

 
БағалауӘр топтағы оқушылардың сабаққа қатысын бағдаршам бойынша бағалау 
Үйге4-жаттығу, ереже жаттау.