Әліппемен қоштасу сценарий

Әліппемен қоштасу

I- бөлім

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата  аналар, оқушылар. Бүгінгі қуанышты күн «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді: Қош келдіңіздер.

Әліппені алғаш рет қолға ұстаған сәтте, кітаптың ең бірінші бетінде бірінші сынып оқушыларына арналған Қ. Р. Президентінің арнау құттықтау сөзі жазылған…

 

Оқушы: Құттықтау сөзін жатқа айтады

Мұғалім:  Мерекеміз болып  жатыр, ал құрметті қонағымыз көрінбейді

-Кім екен?

— Әліппе

Ал, қанеки, балалар, әліппені ортаға шақырайық

Бәрі:  Әліппе, әліппе,біз сені күтіп тұрмыз

  • Жоқ. Келмей жатыр. Енді оны басқаша шақырайық. Әріптер сапқа тұрып, Әліппе сөзін құрайық,

Әліппе: Менің атым әліппе

Мені аққудай дәріпте,

Мені оқып, ер жеткен,

Бауыржан да, Мәлікте,

Өсті міне, бойларың,

Өсті міне, ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсың тойларың!

Балалар, сендер мені оқып тауыстындар. Енді  менімен қоштасып, мына «Ана тілі»оқулығымен достасасыңдар.Оны да жақсы оқыңдар. Сабақтарынды жақсы оқып, ата аталарыңды, ұстаздарынды қуанышқа бөлей беріңдер.

 

 1жүргізуші: Әліппе,  сені оқып,әріп таныған 1Б сыныбында 14 қызбен, 12 ұл, барлығы 26 оқушы

2 жүргізуші: Біз өзімізді барлық қонақтарға таныстырайық

1                                                                                 2

Әутәліпова Аянна

Асқарұлы Алишер                                                Алматқызы Айым

Базарбеков Жалғас                                               Айтбекова Лаура

Дарханов Нұрасыл                                                Закарьянова Әйгерім

Зарлықанов Темирлан                                          Кайрбекова Дайана

Қамбаров Диас                                                      Қадырова Айнұр

Кусаинов Дайан                                                    Қамалиева Әлима

Қайырқанов Ахат                                                  Мұхтарова Жаниель

Кеңесбеков Сұлтан                                               Омиртаева Меруерт

Маисаев Дидар                                                      Ринатова Жанна

Ринатов Мейіржан                                                Серікбол Жан ия

Тыныспеков Серік                                                Сейітқазина Шынар

Сейтхан Ернат                                                       Күмісбекова Аружан

 

Әлима:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әріптермен.

 

Мейіржан: Құрметті стаздар мен ата аналар

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл қыздарын көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар,

 

Дайана: Қош бол, құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

 

Ернат: Ең алғаш қолға алған Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді

 

Жания: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем,

Сеніңарқан оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

 

Сұлтан: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе

 

Аружан: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

 

 

Диас:     Таныстырар әріппен

Мынау кітап Әліппен

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?

 

Жанна: А ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

 

Серік: Әліппе сенің сырласың

 

Әліппе досың болады

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші

 

Шынар: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде ? Түсінші

 

Дидар: А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты

Б- деген ол- балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

 

Нұрай: Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

Айым: Іші толы әріпке

Мынау-әйбат Әліппе

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?

 

Темирлан: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

 

Лаура: Жақсы кітап -Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық

 

 

Әйгерім: Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де

Атың, затың, түрінде.

 

Дайан: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

Айнұр: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз,

Ата ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп міне шықты балаңыз.

 

Ахат: Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды

 

Хор «Әліппе».

II-бөлім

1 жүргізуші: Балалар! Біз әліппеден әріп тани ғана қоймай, санауды да білеміз.( Әр баланың қолында қағаздан жасалған теңгелер бар.Стакандағы сандар құрамын анықтап,сусын алып ішеді)

Сатушылар сендерге өздерінің логикалық есептерін дайындады:

1есеп: Табақта 6 алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?(8)`

2 есеп: Көлден ұшты  . қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді? (5)

 

3 есеп: 42 жауынгер

Сапын түзеп тұрады

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терен ұғады

Бұл не? (Алфавит)

Қыз-жігіт   айтысы(екі топқа бөлінген ұлдар мен қыздар «Әріптер сөйлейді» айтысына қатысады.

 

 

 

А- әрпі .Аянна

Менің үшін жақсы адам

Артық көрем басқадан,

Апа,ата сөздері

Қайсы әріптен басталған?

 

Н -әрпі. Нұрасыл

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы іріптен басталған

Соңғы әрпінеде қарашы.

 

 

Ғ- әрпі Алишер

Ұқсайды өзі шалғыға

Елестеткөз алдына,

Қана, ойланып табайық

Болды екен бұл қай әріп?

 

Р -әрпі Ринатов М.

Қырларда  құр деші,

Жайылып жүр- деші

Ал енді өзін -ақ

Р- Р- Р- Р- деші,

 

О- әрпі Омиртаева М

О кәдімгі дөңгелек

Кетпесін ол дөңгелеп.

 

М- әрпі Маисаев Дидар

Түйе өркешіне қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

 

С- әрпі Серікбол Жания

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

 

Ы -әрпі Серік

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

 

 

Ж- әрпі Жанна

Түн шымылдық ашқаннан

Жымындайтын аспаннан

Көк шырақтың аты не

Қайсы әріптен басталған?

 

 

І -әріп Ернат

Ірімшікті жедің ғой

Тәтті екен дедің ғой

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған?

 

И- әрпі Әлима

Үш шырпыдан қайсы әріп

Шығады екен құралып

Ал шырпыны төгіңдер

Құрастырып көріңдер.

 

З -әрпі Зарылканов Темирлан

Қаздан көре аласың

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

 

Ө- әрпі Дайана

Өрік те сөздің басында

Бөрік те б ның қасында

Бұл қай әріп көріңдер

Енді айтып беріңдер.

 

 

Г- әрпі Дайан

Егіз десе екінші

Сегіз десе үшінші

Бұл қай әріп екенің

Өзің қарап түсінші.

 

У- әрпі Шынар

Үйрек десе бірінш і,

Бүйрек десе екінші

Бұл қай әріп екенің

Біреу айтып берсінші.

 

 

В -әрпі Ахат

Қосылса 13арасы

Қандай әріп қарашы?

 

 

 

 

П- әрпі Айым

Ата анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атаулар зер салшы

Басталған қайәріптен?

 

Ф- әрпі Жаниель

Қос бүйірін таянып

Тұратын ол қай әріп.

 

Жүргізуші:Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата аналарға кітапты қалай оқитыңымызды көрсетейік(Оқушылар сиқырлы ағаштан буындар жазылған жемістер жұлып, тізіліп тұрады ең сонын да не жазылғаның оқып береді  ).

Оқу білім бұлағы, білім оқу шырағы.

-Балалар!  Бізге мектеп салған

Оқулықтармен қамтыған

Орта білім берген Отанымызға не айтамыз?

-Рахмет, рахмет,рахмет

«Отан» әні (хор)

Мұғалім: Сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларына ата аналарын, әжелерін де қосқан үлесі мол. Қане бәріміз рақмет айтацық.

Хормен. Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге, ата аналар.

Мұғалім: Қымбатты ,балалар, мектептегі алғашқы жемістеріңмен құттықтаймын «Әліппе»сендерді тек әріптерм ен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсың.

Ата аналар сөз сөйлейді

1 жүргізуші: Бәрі бәрі ұстаздан білім,тәлім алған

Сондықтан ұлағатты  сіздерге бүкіл адамбаласы

Хормен: Құрметпен бас иеді

Ән «Мұғалім ол біздің»

1 оқушы: Алдына келіп, ұстазым

Тұнғыш қалам ұстадым

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімінді сезінге

 

2оқушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Бәрі: Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімізде қалады

 

 

3-Бөлім

Сазды бағдарлама

 

Би, «Қара жорға»

Ән Қошақаным»

Көрініс, « Бір уыс мақта»