Тіл дыбыстары сөйлейді
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары сөйлейді
Сабақтың мақсаты:
1.Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерінің қаншалықты деңгейде екендіктерін байқап, білімдерін бекітіп, қорыту.
2.Берілген сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, талдай білуге үйрету.
3.Мәдениетті, сауатты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, деңгейлік тапсырмалар, тест
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Оқушылардың назарын, зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
І топ — «дауыстылар»
ІІ топ – «дауыссыздар»
Жаңа сабақ өту кезеңі:
Балалар, бүгін дауысты және дауыссыз дыбыстан өткен тақырыпты қайталап, бекітеміз.
Ол үшін сыныпты екі топқа бөлеміз. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І тапсырма: сұрақ-жауап
«Дауыстылар» тобы
- Фонетика нені зерттейді?
- Дауысты дыбыстар нешеу?
- «Әліпби» сөзі қандай сөзден шыққан?
- Әріп деген не?
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
- Езулік дауыстыларды ата.
«Дауыссыздар» тобы
- Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Ашық дауыстыларды ата.
- Қатаң дауыссыз дыбыстарға мысал келтір.
- Қысаң дауыстыларды ата.
- Ашық дауыстылар дегеніміз не?
- Еріндік дауыстылар дегеніміз не?
ІІ. «Қызықты грамматикалық ойындар»
Бұл ойында анаграммалар беріледі, соның шешуін тауып, дыбыстық талдау жасайды.
«Дауыстылар» тобына
1.Жылқышының қолында-
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен. (құрық-қырық)
2.«С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен. (қасық-қазақ)
«Дауыссыздар» тобы
- «Қ» -мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н» — егер бітірсең,
Балықтың түрі ол. (Табақ-табан)
- «Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады. (Жаз-қаз)
ІІІ. «Кім тапқыр» ойыны
Жұмбақ шешу:
«Дауыстылар» тобы
- Білімнен мол сый-асы,
Балғдырғандардың ұясы. (Мектеп)
- Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы «Мұғалім)
- Шәкірттерге жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз)
- Қабы сояу,
Діні – бояу. (Қарындаш)
«Дауыссыздар» тобы
- Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
- Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
- Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
- Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не? (Күнделік)
ІV. Сурет бойынша жұмыс:
Екі топқа әр түрлі суреттер таратылып беріледі, оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрастырып, жазады.
Сабақты қорытындылау:
Екі топқада бірдей тапсырма:
Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз.
Қай топ тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.
Үйге тапсырма:
Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу.
Бағалау: белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап берген топтарды бағалау.