Мақал-мәтелдер

 

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
  2. Сауатты жазуға , ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
  3. Ана тіліне қызығушылығын арттыру.Ұжымдық жұмыс жасауда белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілігі: Мақал мәтелдер жазылған қағаздар, «Мақал-мәтелдер» кітабы, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.121-жаттығу. Өз досына немесе әдеби шығармадағы бір кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдалана отырып мінездеме жазу.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тұрақты тіркестер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы.Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.

Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.

  1. Жатығулар орындату.

123-жаттығу. Қима қағаздарға әр түрлі тақырыпта мақалдар жазып, тақырыптық ауыл-ауылға бөліп орналастырып, әр ауылға ат қою.

Мысалы:1. Туған жер, Отан туралы. 2.Еңбек туралы. 3.Өнер-білім туралы. 4.Достық туралы. Балалар өздері осы тақырыптар бойынша білетін мақал-мәтелдерін әр қима қағаздарға жазады. Оларды аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады.

124-жаттығу. Мақал-мәтелдердің екіші сыңарларын жасыратын ойын ойнату. Екі топқа бөліп, бірінші топ-жоғалтушы, екінші топ-табушы.

127-жаттығу. Адамның қасиеті туралы мақалдар тауып жазу.мысалы: « Жақсы адам-ел ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы». «Қарау адам күншіл, Мекер адам міншіл».

129-жаттығу. Мақал-мәтелдерге құралған ребустарды шешкізу.

130-жаттығу. Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жазу. Мысалы: «Күш-білімде». «Үміт өлмейді», т.б.

131-жаттығу.Өздері қалаған мақал мазмұнына сурат салдыру.

132-жаттығу. Ең қызық та күлкілі мақалдар тауып айту. Жарыс ұйымдастыру..Мысалы: «Таз таранғанша той тарқапты».

Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.134-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 23-суретке әңгіме құрау. Құраған әңгімелерінде мақалдың болуын ескеру.