Қазақ тілі сабағында 7 сынып

                          Тақырып: Қазақ тілі сабағында 7 сынып

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық:тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту

Тәрбиелік: Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру.

Сабақтың түрі: қорытынды

Сабақтың әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс,

жеке жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

оқулық,  кестелер, Қазақстан картасы, бейнетаспа.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдасыру кезеңі:

ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу:

б ) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) жатқа берілген сөздерді жалпылама сұрап, сол сөздермен сөйлем құрату;

ә) жазба жұмыстарын пысықтау.

Тіл дамыту үшін сұрақтар:

1.Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба?

  1. Қазақ тілі қандай елдің мемлекеттік тілі?

3.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

  1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?
  2. Біздің мемлекет қандай ел ?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабағында ».

Баршамыз да білеміз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы ғана еамес, бір ұлт пен екінші ұлтты жақындастыратын құрал. Сондықтан қазақ тілді терең біліп, дамытуға тырысамыз.

  1. Оқулықпен жұмыс. 6 – тапсырма .

— Қазақ тілін білу үшін не істеу керек? Оқып, жаттығыңдар.

Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.

Сөздерді жаттау керек.

Радио тыңдау керек.

Теледидар көру керек.

Қазақша газет-журнал оқу керек.

Үйірмеге қатысу керек.

Сабаққа дайындалу керек.

  1. Дәптермен жұмыс. 5- тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беру.

Үлгі:

Сенің сыныбыңда қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өткізіледі?

Менің сыныбымда қазақ тілі сабағы аптасына бес рет өткізіледі.

5 .Сурет бойынша қысқаша мәтін құрастыру.  Үлгі:

Мынау біздің сынып. Мынау – Айбек. Ол бірінші партада, Асхатпен  отыр. Қазір қазақ тілі сабағы . Қазақ тілі сабағында  біз мәтін оқимыз,  әңгіме айтамыз, жаттығуларды жазамыз. Қазақ тілі сабағы маған  өте ұнайды.

6.Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І деңгей

  1. « Қазақ тілі сабағында» тақырыбында диалог құрастырыңдар.
  2. Төмендегі сөздердің кемінде екі мағынасын табыңдар.

                                      Бар, баспа, буын.

ІІ деңгей

  1. Ел, жер туралы 3 мақал жазыңдар.
  2. Төмендегі сөздерді аударыңдар.

Керектігі, мақсат, сауатты, ұрпақ, мәртебе, қайнар , мәлім, тағдыр, шам, үнемі,тәулік.

ІІІ деңгей

  1. Келесі сөздермен сөйлем құрастыр.

Отыр, сыныпта, оқушылар.

Сурет, салды, оқушылар.

Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу.

Сен, бар, кітапханаға.

ІҮ. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма.