Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы
Төлеуова Анар Қаражігітқызы -Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың лексика тарауы бойынша білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету,ізденгіштігін арттыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа,халықтық педагогика негіздеріне,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: іздендіру,салыстыру,проблема қоя салыстыру,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.
Сабақтың түрі: танымдық жарыс,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысы,құрал-жабдықтардың
ІІ.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тіл патшалығы елінде» деп аталады.
Сабақтың эпиграфы: Тілдің қадірін білмеген
Кімнің қадірін білген?
Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оныі мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меігеру -мақсатымыз. Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді. Жарыс жеті айналымнан тұрады.
І топ -«Тілшілер» ІІ топ-«Тапқыштар» ІІІтоп — «Шешендер»
- Топтың аты -«Тілші»,
Сүріндіріп көрші!
- Тобымыз біздің — «Тапқыш»,
Білейікші кім айтқыш?
- Аталды топ -«Шешен»,
Не болса да шешем!
1-айналым. Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
«Тілші» — қазақ,су,қой.
«Тапқыш» — үй,қыс,мысық.
«Шешен» — тон,көз, тауық.
2-айналым. Балалар, қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе? Қане, енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны арқылы білім сынаймыз. Шарты: Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.
«Тілшілер» — 1. ҢАҚАРТ. 2.ПАҚНА. 3.УАРЗЫН 4.РЫММА
«Тапқыштар» — 1.МЫСУМА. 2. РҚУЫЙКЕ. 3. АРҚАША. 4. ЗАҚАН
«Шешендер» — 1.ЛЕЖСАНТОҚ. 2. МАЗЫТ. 3. ДЕЛІШ. 4. СУІРӘ
3-айналым — Топтық тапсырма. Үлестірмелі парақша суырып, жауабын жазу.
«Тілшілер» — Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту. ит арқасы қиянда, қоян жүрек, тісінен шығармау, бармағын тістеу,көзі шарасынан шығу,қызыл өңеш болу
«Тапқыштар» жеті,үш,тоғыз сөздері қандай тіркес,ырым-тыйым сөздер бар? Мысалы: жұт жеті ағайынды жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру, ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына, жігіттің үш жұрты т.б.
«Шешендер» — Тыйым сөздердің мәнін түсіндір. бүйіріңді таянба, түнде суға барма, тізеңді құшақтама, үйге жүгіріп кірме, есікке керілме, адамды санама, бас киімді теріс айналдырып киме т.б.
4-айналым — Сурет бойынша әңгіме. Төрт түліктің,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді,суретті пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер арқылы мәтін жазу.
5-айналым — «Кім тапқыр?»ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру
«Тілшілер» — 1. Үйдің ….-……қыс түскенде білерсің,кімнің ….-….іс түскенде білерсің.
2.Ашу-…, ақыл-…
3…сөз- көмір, …сөз- алтын.
«Тапқыштар» — шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
Мысалы: Әйелдің шашы ұзын,ақалы қысқа.Қасың берген асты дұшпан көрме.Бақ-ұзатылған қыз.
«Шешендер» — Табу,эвфемизм,дисфемизм қатысқан мәтін құрап әңгілеу. Мысалы: Менің ағам былтыр үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем»,інімді «Шырақ»,сіңлімді»Шырайлым» деп атап кетті. Ағамның үлкен ағалары мен апа-жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға»,»Жеделдес қайнаға», «Әнші жеңешем», «Үндемес»,»Әкім абысын» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің жанұя ат ұстатар мен шай құяр бқпелермен толықты. Мен жеңешеме дән ризамын.
Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.
6-айналым — Топ басшыларына тапсырма.»Сөзтізбек» ойыны. Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. 2минутта 10сөз жазып шығу.
7-айналым — Сабақ эпиграфын ашу мәнінде «Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді» тақырыбына ойтолғау жазу.
Қорытындылау: Сабақтың қорытындысында 3топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады. Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсеткен әр топтың 3оқушысына «Озат тілші»,»Тапқыш ұлан»,»Зерделі шешен» атағы табыс етіледі. Бұлар — «Тіл патшалығы» елінің көсемдері, ал қалған оқушылар ,сендер -сол көсемдер бастаған елдің талантты ізбасарларысыңдар!