Ы.Алтынсарин әңгімелері
Ы.Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты:а)Ы.Алтынсаринның әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасату;
ә)білімділік; танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б)еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Cабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау( ой қозғау,топтастыру, Венн диаграммасы )
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кесте
Пән аралық байланыс:тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1)оқушыларды түгендеу
ІІ Үй тапсырмасы
1-тапсырма “Жылдар сөйлегенде”
Ы.Алтынсарин өміріндегі елеулі оқиғаларды айтқызу
1)1841 3)1859 5)1864 7)1879-1883 9) 1896
2)1850-1857 4)1860 6)1876 8)1886-1887 10)1889
2-тапсырма “Қазақ хрестаматиясына енген өлеңдері”
-Ы.Алтынсарин өлеңдері (аттары,тақырыбы)
-Қазақ хрестаматиясы қандай өлеңмен басталған?
(Оқушыларға өлеңін жатқа айтқызу)
ІІІ Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Ыбырай-жазушы.
2.Ыбырай-аудармашы.
3.Ыбырай-әңгіме жанрының негізін салушы.
1.Мағынаны тану.
-Балалар,бүгін алған білімдеріңді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен танысамыз
-Әңгіме дегеніміз не?
2.Оқушыларға оқыған әңгімелерін айтқызу
3.Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
а)Адамгершілік тақырыбындағы әңгімелері;”Таза бұлақ “,”Бақша ағаштары”,”Сауысқан мен қарға” т.б.
ә)Еңбексүйгіштік жайлы әңгімелері;’’Бай баласы мен жарлы баласы” “Әке мен бала’’ “Қыпшақ Сейтқұл,” “Дүние қалай етсең табылады?” т.б
б)Өнер,білім жайлы әңгімелер; “Зеректік” “Aтымтай Жомарт” “ Талаптың пайдасы” “Білімнің пайдасы’’
3)Аудармалары ;
И.Б.Паульсон: “Бір уыс мақта” “Тәкаппарлық” “Әдеп” т.б.
Л.Н.Толстой: “Жақсылыққа жамандық” “ Жаман жолдас” “Үш ұры’’
К.Д.Ушинский : “Түлкі мен ешкі’’ “Сауысқан мен қарға’’
И.Крылов; “Қайырымды түлкі”
4)’’Таза бұлақ” әңгімесін рөлге бөліп оқыту
5)Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы . Шығармалары қысқа мазмұнға құралады .Аз сөзге көп мағына сыйғызу мақал-мәтел қолдану,әр әңгіменің тәлім-тәрбие мәніне ерекше көңіл бөлу-Ыбырай шығармаларының ерекшеліктері.
ІV Жаңа сабақты бекіту.Ой толғаныс
-Біз Ыбырай Алтынсарин туралы не үйрендік? (топтастыру)
Ыбырай |
ғалым
ағартушы
ақын
жазушы оқулық педагог
аудармашы авторы
Ыбырай |
2.Венн диаграммасы
Абай |
V Сабақты қортындылау
1” Егемендіктің ең алғашқы шарты білім . Білім- қай заманда да маңызды , өзекті мәселе”
(пікірталас)
2” Сабақтан алған әсерім”
(оқушылар жазып тақтаға іледі)
VІ Үйге тапсырма ; Ы .Алтынсарин әңгімелері .
“Ата тәрбиесі мен ғибраты( ой толғау) ”
VІІ Бағалау
(бағалау парағы арқылы)