Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Сабақтың тақырыбы: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: “Қазақстан Республикасы” модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау және салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
- Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру және өз ойларын
еркін жеткізе білуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту.
- Тәрбиелік: Отанды сүюге баулу,туған жерді аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтық жұмыс,әңгімелеу,диалог.
Көрнекілігі:Карта,карточкалар,сурет,Қазақстан туралы кітаптар,интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ..
Сабақтың көрнекілігі: карта, карточкалар, сурет, Қазақстан туралы кітаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Қызығушылықты ояту
III Ой қозғау
IV Топтастыру
V Жарыс сабақ
VI Сабақтың қорытындысы
VII Бағалау
VIII Үй жұмысы
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Сабақтың мақсатымен таңыстыру,кезеңдерін хабарлау.
I.Қызығушылығын ояту.
Сабақты оқушылардың берген антынан басталады.
-Әрбір таңым?
-Шаттанып күліп,ояну.
-Әрбір ісім?
-Жақсылық жасау.
-Әрбір сөзім?
-Достыққа үндеу,нұрлану.
-Әр сабағым?
-Үйрену,ұғу,үлгі алу!
II.Ой қозғау.
1.Отан деген не?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3.Сендер қай жерде,қай мемлекетте туып өстіңдер?
III.Топтастыру.
- Қазақстан қандай мемлекет?
(Егеменді,тәуелсіз,бай,құқықтық,гүлденген,көп ұлтты,демократиялық,экономикасы дамыған).
2.Салалас құрмалас сөйлем.
(Ыңғайлас,қарсылықты,себеп-салдар,кезектес,түсіндірмелі,талғаулы).
- IV. Негізгі бөлім. Сайыс сабақ.
Оқушыларға сұрақтар қою.
1.Тән дыбыстар нешеу?
2.Қарағандыда не өндіріледі?
3.Күріштің аймағы?
4.Қазақстанның қалалары?
Сабақтың тақырыбы: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
1-тапсырма. Синтаксистік талдау. Екі топқа арналған грамматикалық тапсырмаларды орындау.
1.Қараша айы жақындады,бірақ әлі суық түспеді.
2.Сізден сұрайтынымыз мынау:бізге қамқоршы болыңыз.
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3-тапсырма. Эссе. «Отан» туралы эссе жазу.
«Менің Отаным -Қазақстан»
«Туған өлке»
4-тапсырма. Мақал-мәтелдер сайысы.
Кім көп мақал біледі? Отан,табиғат,достық,еңбек туралы.
5-тапсырма.Мәтінмен жұмыс.Кітапта берілген мәтінді аудару.
6-тапсырма. Венн диаграммасы. Картамен жұмыс
Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысын салыстырып, ортақ ұқсастықтарын жазу.
V.Қорытынды.
Оқушыларға бес сұрақтан тұратын шағын тест тапсырмалары беріледі.Одан кейін олар өзара тест жауаптарын тексереді.
VI.Бағалау.
VII.Үй жұмысы.
1.Ережені қайталап,мысал келтіру.
- «Отан» туралы өлеңді жаттау.