МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ.
Тақырыбы:
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерінн өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;
Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Дістүрлі емес, талдау сабағы
Сабақтың әдісі: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
«Жүректен — жүрекке» (тренинг)
Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- 121 – жаттығу
- Тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ата.
Үй тапсырмасын қорытындылау
Тест жауаптарын таба отырып, тұрақты тіркестің ережесін шығару
- Тұрақты тіркеске тән белгіні көрсет
А) Бетінен оты шықты – ұялды
Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Ереже: Тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы сөздер 4-еу немесе 5-еу болса да бір мағына береді.
- Қай тұрақты сөз тіркестің құрылысы дұрыс орналасқан?
А) Тайға таңба басқандай
Ә) Зу жүрегі етті
Ереже: Тұрақты сөз тіркес сыңарларының орнын ауыстыруға, алмастыруға болмайды.
- Тұрақты тіркестің ерекшелігін тап.
А) Оның бетін қақпай (қалай? пысықтауыш) өсірді
Ә) Ерке түнімен көзін ілмеді (Несін? Нені? Не істеді? толықтауыш, баяндауыш)
Ереже: Тұрақты тіркес бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
І Ізденіс кезеңі
Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын.
Ұжымдық жұмыс. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
Даралық жұмыс. Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.
Жаңа сабаққа өздіктерінен ізденіп, қол жеткізуге бағыттау үшін кестеге назар аударады.
Мақал-мәтелдер | Сұрақтар | Болжамдарын растау |
Еңбек түбі — береке | 1. Құрамындағы сөздердің орны тұрақты ма? | Сөздердің орны тұрақты |
Ақ жүрген азбас | 1. Аз сөзбен көп мағына беріліп тұр ма? | Аз сөзбен көп мағына береді |
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен.
Үлкенді сыйласаң, Қадірлі боласың. | 1. Ақыл-өсиет айтылған ба? | Үлкенді сыйлауға өсиет айтып тұр |
ІІ Жаңа білімід меңгерту кезеңі
Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:
- Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
- Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.
Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері
Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады
Белгілі бір тұжырым, түйінді береді
Ақыл, өсиет айтылып, адамгершілікке үндейді
Мақал-мәтелдердіңерекшеліктері
Р/с | Мақал | Мәтел |
1 | Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді | Көбіне бір бөлімді болып келеді |
Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ | Кәрі түлкі қақпанға түспес | |
2 | Ой неғұрлым ашық айтылады
Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы. | Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі. Көп түкірсе – көл. |
3 | Ақыл, өсиет түрінде келеді
Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. | Көбіне эмоциялық реңк басым.
Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда. |
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.
Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.
ІІІ Практикалық дағды кезеңі
Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.
І саты (Оқушылық деңгей)
- Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос,ел. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып бір-екі сөйлеммен өз сезімдерін білдіреді.
ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)
126-жаттығу, Мақал-мәтелдерді аяқтау.
ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)
- 127-жаттығу. Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.
Мақалдар
- Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.
- Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
- Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.
Мәтелдер
- Жақсы адамға жау жоқ.
- Кәрі түлкі қақпанға түспес.
- Екі қораз ен қорағасыймас.
- Ауыртпалық ақыл қосар.
- Ұжданы ақтың жүзі ақ.
- Қыздың көзі қысылды.
Ә) «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.
Еңбек түбі — Зейнет
Бейнет түбі — Береке
Ұрлық түбі — Қорлық
Сөз анасы — Құлақ
Су анасы — Бұлақ
IV саты (Шығармашылық деңгей)
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
- Әр топқа тақырып беріледі. І қатар – Ата-ана
ІІ қатар – Отан
ІІІ қатар – Еңбек
- Тақырыпқа сай сурет.
- Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер.
- Оқушылар құрған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілі мен ағылшын тіліне аудар.
Ата-ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты – шешеге», «Шеше көрген тон пішер».
Отан тақырыбына: қызмет ету, еңбегі жану, «Отанды сүю – отбасынан басталады», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Отан үшін отқа түс — күймейсің».
Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі – береке», «Ердің артын – еңбек шығарар».
Сабақты қорытындылау:
- Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
- Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?
- Мақал мен мітелдердің авторы кім?
Қорытындылау: Сөзжұмбақ.
- Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.
- Заттың атын білдіретін сөз табы.
- Жылқы пірі.
- Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
- Жеке заттарға қойылатын атау.
- Балаға ең қымбат.
- Білім беретін мекеме.
- Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
- Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу.
- Сиыр пірі.
- Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
О | М | О | Н | И | М | ||||||
З | А | Т | Е | С | І | М | |||||
Қ | А | М | Б | А | Р | А | Т | А | |||
О | Д | А | Ғ | А | Й | ||||||
Ж | А | Л | Қ | Ы | |||||||
А | Т | А | — | А | Н | А | |||||
М | Е | К | Т | Е | П | ||||||
М | Ә | Т | Е | Л | |||||||
Т | Е | Ң | Е | У | |||||||
З | Е | Ң | Г | І | Б | А | Б | А | |||
Ш | Ы | Л | А | У |
Үйге тапсырма:
Әр сыныпқа мақал-мәтел жазып келу.
131-жаттығу
Бағалау: