Қазақ тілі 8 сынып (ережелік тест)
№ 1 тест
Қазақ тілі 8 сынып
(ережелік тест)
- Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір қалыпқа түсіп дағдыға айналып жұмсалуын не деп айтамыз?
А. Грамматикалық норма В.тілдік норма С. Нормадан жөнімен ауытқу
- 2. Тілдік таңбалардың ( сөз,қосымша,сөйлем), тілдік амал-тәсілдер қолданысының бірізділігі мен реттілігі , белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп танылған жүйесі деген не?
А. Нормадан ауытқу В. Сөйлем С. Тілдік норма
- 3. Әртүрлі тұлғада өзара тіркесіп,біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобын не деп атаймыз?
А. Тұрлаулы мүше В. Сөйлем С.Сөз тіркесі
- 4. Толымсыз боп келіп, сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрып,ше шылауының қатысуымен жасалған сұрақ қалай аталады?
А. Нақты сұрақ В. Анықтауыш сұрақ С. Жетек сұрақ
- 5. Уақыттан ұтылмай іске кіріс! Бұйрықты сөйлемнің қандай түрі ?
А. Біреуді іске қосу мақсатында талап қою В. Батыл кеңес беру
С. Тілек өтініш ету
- 6. Сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы,белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер қалай аталады?
А.Сөйлем мүшелері В. Күрделі мүшелер С.Үйірлі мүшелер
7.Бірнеше сөзден құрылып,бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобын не дейміз?
А.Дара мүше В. Үйірлі мүше С. Тұрлаулы мүше
- 8. Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшен қандай мүше?
А. Тұрлаусыз мүше В. Күрделі мүше С.Тұрлаулы мүше
- Сөйлемдегі амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық жағынан толықтыру үшін жұмсалатын тұрлаусыз мүше не деп аталады?
А. Бастауыш В.Толықтауыш С. Баяндауыш
- Үйірлі сөздерден тұратын толықтауышты не деп атаймыз?
Дара толықтауыш В. Жанама толықтауыш С. Үйірлі толықтауыш
- 11. Табыс септігінде тұрып, кімді?нені? деген сұрақтарға жауап беретін толықтауышты не дейміз?
А. Күрделі толықтауыш В. Тура толықтауыш С. Жанама толықтауыш
- 12. Белгілі бір мәліметтен хабардар ету немесе сұраққа жауап беру мақсатында айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А. Сұраулы В. Хабарлы С. Лепті
№ | Жауа бы | № | жауабы | № | жауабы | № | жауабы |
1 | А | 4 | С | 7 | С | 10 | С |
2 | С | 5 | С | 8 | А | 11 | В |
3 | В | 6 | А | 9 | В | 12 | В |