Қазақ тілінен эмтихан билеттері
Қазақ тілінен эмтихан билеттері
1 билет
1.Өзің туралы айтып бер.
2.Әдепті балалар қандай болу керек?
3.Даңғыл,ақылды сөздеріне фонетикалық талдау жаса.
2 билет
1.Дауысты, дауыссыз дыбыстар.
2.Өзіңнің мекенжайыңды айт.
3.Бітеу буыны бар сөздерге екі мысал келтіріп жаз.
3 билет
1.Қазақ тіліндегі буын түрлері қандай?
2.Өз бөлмең туралы айтып бер.
3.Буынның түрлеріне мысал келтіріп жаз.
4 билет
1.Қазақ тіліндегі үндестік заңы.
2.Отбасың туралы әңгімеле.
3.Әке,шеше сөздеріне фонетикалық талдау жаса.
5 билет
- А.Сопыбековтың «Отбасы»өлеңін жатқа айт.
2.Отбасындағы дәстүрлер туралы айтып бер.
3.Сызбаны толтыр:
…к …і
…п дауысты дыбыс …і,ы
…қ …ы
6 билет
1.Мектеп туралы қандай мақал білесің?
2.Синоним, антоним, омоним дегеніміз не?
3.Берілген сөздерге синоним, антоним табыңдар.
Ас- …… , кең- ….. ,аула- ……:
Ас, кең сөздерін пайдаланып сөйлем құрап жаз.
7 билет
- «Жаңа оқу жылы»тақырыбына әңгіме құрап айтып бер.
2.Мектеп туралы айт.
3.Мына сөзге фонетикалық талдау жаса,үндестік заңын түсіңдір: Мұражайда
8 билет
1.Күз мезгілі туралы әңгімеле.
2.Қазақ тілінде сөз құрамы нешеге бөлінеді?
3.Мына сөздерді сөз құрамына талда
Көкөністер, күзгі бұлттар, айлар.
9 билет
1.Түбірдің неше түрі бар? Мысал келтір.
2.Күз мезгіліндегі табиғаттың өзгерістері қандай?
3.Мына сөздерден сөйлем құрап жаз:
Мезгілінде, күз, жыл, сарғаяды, жапырақтар.
10 билет
1.Қазақ тіліндегі көптік жалғаулар туралы айтып бер.
2.Достық туралы қандай мақалдар білесің?
3.Сөздерді аудар:
1 сверстник- шашы
2 характер- мейірімді
3 добрый- құрбы (құрдас)
4 волосы- мінез
11 билет
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Қазақстанның қалалары туралы әңгімеле
3.Төмендегі үлгі бойынша зат есімге үш мысал келтір
Үлгі: Кім? Не?
Халық көше
1………. 1………….
2………. 2………….
3………. 3………….
12 билет
- «Менің қалам» тақырыбына сөйлесу құрастырып,айтып бер.
2.Септіктерді, олардың сұрақтарын, жалғауларын ата.
3.Қала деген зат есімді септе.
13 билет
- Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңін жатқа айт.
- «Біздің отанымыз» тақырыбына әңгімеле.
- Отан сөзін тәуелде.
14 билет
1.Қазақстанның табиғаты қандай?
2.Отан туралы қандай мақал білесің?
3.Дала, орман, ұлт сөздеріне тәуелдік жалғауларын жалғап жаз.
15 билет
1.Абай Құнанбаев кім?
2.Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесің?
3.Мына сөздерге сын есімнің жұрнақтарын жалғап жаз
Қыс, кеш, жаз, қала, ақыл, білім.
16 билет
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Сын есімнің жиі кездесетін жұрнақтары қандай?
3.Мына сөздерден сөйлем құра:
Киінеді, қыста, адамдар, жылы.
17 билет
1.Төрт түлік мал туралы әңгімеле.
2.Жануарлар әлемі қандай топтарға бөлінеді?
3.Есімдіктің түрлерін жаз, мысал келтір.
18 билет
1.Жабайы аңдарды, үй жануарларды ата.
2.Жануарлардың мінездері қандай?
3.Иелік форма қалай жасалады? Мысал келтіріп жаз.
19 билет
1.Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесің?
2.Етістік дегеніміз не?
3.Ойнаймын сөзін жікте.Жіктік жалғауларды түсіңдір.
20 билет
1.Қандай мамандықтарды білесің?
2.Нан дастарқанға қалай келеді?
3.Етістіктің шақтарын түсіндіріп, мысал келтіріп жаз.
21 билет
1.Еңбек туралы қандай мақал білесің?
2.Болашақта кім болғың келеді?
3.Етістіктерді жазып, үш шақта айтып бер.
22 билет
1.Көктемгі мерекелерді ата.
2.Көктемгі еңбек тақырыбы бойынша әңгімеле
3.Үстеу дегеніміз не? Мысал келтіріп жаз.
23 билет
1.Уақыт өлшемдері туралы айтып бер.
2.Мына уақыттарды ауызша айт
35 15 45 30 00
12 , 9 , 14 , 8 , 13 .
3.Сан есімнің ережесін жазып, мысал келтір.
24 билет
1.Адамның дене мүшелерін ата.
2.Тазалық сақтау үшін, адамға не істеу керек?
3.Шылауларға екі мысал келтіріп, жаз.
25 билет
1.Сөз тіркесі, сөйлем дегеніміз не?
2.Жамбыл Жабаев кім?
3.Мына сөйлемде бастауыш пен баяндауышты тап:
Біз жазда өзенге шомыламыз.