Фанфары

Фанфары

Сахнаға мұғалімдер шығады:

Ш.С.. Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Әліппемен қоштасу» мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп  табалдырығын қысыла да қызыға аттаған  бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-

әжесінің еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасқалы отыр.

С.Қ.. Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың-деп  «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігімізді бастаймыз!

 Автордың дауысы.Сахна сыртынан автордың дауысы естіледі:

Автор:-Ертегілер елінде,бір үлкен патшалықта  ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Өз патшалығынан ханзада мен ханшайым шығады, алма ағашының жанына барып:

Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

«Сиқыршы қыз»    Билеп сиқыршы қыз шығады: 

Cиқыршы қыз: Бұл бақта неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпеген екен. Сол себептен осы бақта тіршілік иесінің бәрі ұйқыда жатыр.

Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен бізге көмектесші.

Cиқыршы қыз: Мынау  ұйықтап жатқан балапандар, соларға жан бітірсем, олар осы  баққа тіршілік енгізеді.

Сиқыршы қыз таяғымен балапандарды оятады. Балапандар керіліп тұрады,

«Шөжелерім» биін билейді.Амина,Ильнар,Наргиза,Ерасыл,Ақбота

Ханшайым: Сәлеметсіңдерме, кішкентай балапандар. Сендер оянып едіндер,бақтың іші жайнап кетті ғой.

Ханзада: Кішкентай балапандар, айтындаршы, біз ханшайым екеуміз алма ағашын отырғызған едік, алайда ағаш бізге жемісін берер емес, мұның сырын қалай білуге болады?

Айдана:  Оның сырын біз айтайық, ханзада мен ханшайым.

Ақбота: Сендер ағаштарының жеміс бергенің көргілерін келеді, ал біздің ата- аналарымыз, ұстаздарымыз біздің әліппеден алған білімдеріміздің жемісін көргісі келеді.

Ильнар: Біз, 1 «Г» сынып оқушылары

Наргиза: Сол әліппеден алған біліміміз арқылы сендердің ағаштарының жеміс беруіне көмектесеміз.

Акбота:       Жеміске құты тола ма?
Бір — бірлеп теріп алмасаң?
Әп — сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Амина:  Білім де сондай, балалар,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам — шырағың жолыңда.
Ерасыл:  Көлге ойнаған бұлағың
Қайнар көзін көріппең?
Айдана:  Том — том болып кітаптың
Басы болар «Әліппең»

Музыка ойналып, әліппе ортаға шығады:

Әліппе: -Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

«Рахмет саған, Әліппе» әні 
Алибек:
   Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе.
Нұрбек:  Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен
Нұрсұлтан: Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
Мәнсұр:       Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
Абай:            Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
Айдын:        Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын..

Алибек көрініске киінеді. Ұлдар цифрларды алады да дайын тұрады

И.Аружан,Айдана,Алина,Жансая,Ильяс,Диана әріптерді алады
Әліппе:   Менің 40 әріп пен 2 таңбам бар еді, солар қайда екен? Көрінбейді

ғой.

Сиқыршы қыз: Бұл патшалықта барлығы ұйықтап қалыпты.Әріптерде ұйықтап жатқан болар.

Ханзада: Сиқыршы қыз, сен оларды оят.

Сиқыршы қыз таяғымен әріптерді оятады.Әріптер әндетіп, ысылдап, ырылдап ,ыңылдап тұрады.

Әліппе:  Кәне келе қойыңдар,

Мұнда ғажап орын бар.

Әріптермен танысу

Деген қызық тойың бар.

Кәне, қайда әріптер?

Бәрін бері келіңдер.

Айтып шықсын түр-түсін

Сен оларды танып көр.

С-И. Аружан: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.?
А- Айдана:А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә-Алина: Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б-Жансая: Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Р-Ильяс:Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

У-Диана: Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

Қырық екі әріп бар.

И.Аружан,Ильяс киінуге кетеді

«Әліппе» әні        (Ән айтылып жатқанда 2-3 алма іліп қою керек)

Әннен кейін балапандар отырады.

Ханшайым: Қарандаршы, әріптер. Сендер оянып едіндер біздің ағашымыз

жеміс бере бастады.

Ханзада:  Әліппе, бүгін біздің патшалығымыздың ең қадірлі қонағысыз.

Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

Әліппе отырады.

Ханзада:  Өте жақсы болды. Кәне тағы қандай өнерлерін бар ортаға

салындар.

Сиқыршы қыз:  Көрсетеді өнерді

Сахналық шеберді

Аңдар болып ойнайды,

Әртістерден аумайды.

Көрініс «Тіс ауруы» Қолтрауын – Алибек

                                   Қоян – Аружан И.

                                   Аю – Ильяс

                                  Айболит – Аллажар

Көрініс болып жатқанда Анеля , 1-10-сандар және бағалар дайын тұрады

Әліппе:  Еңбек білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз беремін ардақтап,
Математика пәніне

Музыка ойналып, матем. ортаға шығады.
Математика:     Сәлемет пе достарым?
 Анеля                Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.

Ерасыл:         Бір дегенім-білім,
Білім-жарық күнің
Диана:               Екі-дегенім-еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Нұрсұлтан:       Үш дегенім-үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Айла:                 4-дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.
Мөлдір:             5-дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Мәнсұр:             6-дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Нұрбек:             7-дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
Айдын:             8-дегенің –сенім,
Сүйенішің сенің.
Жансая:            9-дегенің талғам, мин
Тура жолға салған.
Абай:                 10-дегенің –Отан,
Отанды сүй ботам.

Мәнсұр,Нұрбек,Айдын,Абай  сахнадан шығып кетеді

Сиқыршы қыз:-Балалар,сендер әлі бағаланбайсындар, бірақ жаңа жылдан

кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу

үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.

Ерасыл:   1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Диана:        2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Нұрсұлтан: 3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Айла:            4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
Мөлдір:        5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Нұрсұлтан, Мәнсұр, Нұрбек,Абай,Айдын,(Аллажар ?)  гусар биіне бас киімдерін киіп тұрады
Ханшайым: Сендердей оқушылар тек үздік оқиды деп сенеміз.Жоғарлат,

математика.

«Сандар» биі     

Әліппе:      Ризамын балалар,
Меңгердің болмадың босқа тер.
Ана тілі атты әпкем бар,
Сендерді жетелеп әкетер.

Музыкамен ана тілі шығады

Ана тілі:    Туған елдің тілімін,
Мөлдір       Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Балалар, сендердің қандай тілектерін бар?

Ән « Бала тілегі»+ орындайтын Амина ( 3 мин 19 сек.)

Ән орындалып жатқанда Бақберген киінуге кетеді

Амина,Диана, Алина,Айла, Жансая «Періштелер» биіне киінеді

Анеля:Біздің сынып тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Он үш қыз, он үш ұл
Күнде түгел санаса.
Сабақтан ешкім қалмайды,
Нашар баға алмайды.
Шаршамайды мұғалім.
Әр бала өнер таңдайды,
Бірі сүйіп спортты,
Бірі сурет салады.
Талабы зор балалар,
Өнерден орын табады.

Айтыңдаршы,достарым, біз қандаймыз?

Ильяс:         Біз – қызықпыз,қызықпыз

Сәл еркелеу бұзықпыз

Біз шеберміз,ақылдымыз

Үлкенге ізетпіз,

Кішіге қамқоршымыз

Өнерліміз,

Жанып тұрған шырақпыз

И.Аружан:  Елімізді өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін,

Аналарға бас иетін

Елтаңбасымен еңселі

Туымен тұғырлы

Әнұранмен айбатты

Бірге:           Біз қазақ елінің болашағымыз!

Ән «Қазақ жастары» орындайтын Бақберген

Ән орындалып жатқанда Анеля періштеге киінеді

Сиқыршы қыз: Ханзада мен ханшайым, сендердің патшалықтарын көркейіп

келе жатқан секілді.Алма ағашы да жеміс бере бастады.

Бірақ ағашқа нәр беру үшін менің періште қыздарымды

шақырайық.

«Періштелер» биі

 Қыздар су құйғышпен билегенде,ағашты айналдырып қою керек

Ханзада:   Қандай керемет, рахмет сендерге балалар.Рахмет Әліппе.

Ханшайым:   Ағашымыз неше жылдан бері бермеген жемісін берді.Ал

сендер,балалар, білім жемісін көрсете білдіңдер.

Әліппе:      Мен де балаларға өте ризамын.

Айналайын , балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар!

Хормен:     Қош, қош Әліппем!
Әліппе кетеді.

Ерасыл:    Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Айла:         Әліппемен қош айтысып қаламыз,
                    Енді қолға Ана тілін  аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

Ханзада қолындағы жарлығын оқиды

Ханзада: Мен мынадай жарлық жариялаймын:

Бүгіннен бастап менің патшалығым «Әліппе» патшалығы атансын

және барлық әріптер осы патшалықтың тұрғындары болсын. Алма

ағашының,білімнің жемістерін бірге көрейік.

Патша сарайының мандайшасында « Әліппе патшалығы» деген жазу пайда болады.

Балалар екі қатар болып тұрады

С.Қ.:              Ажырамай мектептен бір елі Сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік Мұрат Бакенұлы өзінізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

 Директор сөз сөйлейді.

Туш .  Дипломдарын табыстайды.

Ш.С.:               Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар ата-аналар!

Ата-аналар сөз сөйлейді

 Ән « Оқуда озат боламын»  Хор

Әннің аяғында ұстінен шарлар тұседі,хлопушкалар атылады.