Мекен үстеу

Тақырыбы:   Мекен үстеу

Мақсаты:

  1. Мекен үстеу туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың байқампаздық іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту,

тілін ұстарту, логикалық ойлауын және ой қорыта білуге дағдыландыру;

  1. Адамгершілік қасиетін дамыта отырып ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, топтық жұмыс;

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Түрі: дәстүрлі.

Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар, т.б;

Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

 

Үй тапсырмасын  тексеру

11-жаттығу. Тиісті үстеуді қойып, жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап.

 

Тақтада

 

тіпті ұшпайды

 

тышқан ұстайды

 

Көзі шамға ұқсайды.

Оқушылар кезектесіп бос орынға сөздерді қояды. Қойған кезде жауабынан үкінің суреті шығады.

Ой қозғау (тақтада үш ұяшық тұрады, оқушылар кезекпен ұяшық таңдайды). Өткен сабақтарды пысықтау.

  1. Үстеу дегеніміз не?
  2. Мезгіл үстеу дегеніміз не?
  3. Есімдік дегеніміз не?
  4. Графикалық диктант

 

 

 

сан есім

сын есім

зат есім

есімдік

 

 

бес   мен  доп  биік

 

Графикалық диктанттың нүктелерін қосамыз. Ай бейнесі шығады. Оқушылар  нүктелерге лазер жарығын жағып отырады.

  • Яғни, балалар, ал қайда жарқырайды?
  • Аспанда.
  • Олай болса, қайда сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеулер дейміз.

 

Тақтаға күн реті жазылып, көркем жазу үлгісі тұрады.

Н н

Нан ардақты асыл тас,

Кәрі, жас одан аттамас

Оқулықпен жұмыс.

13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулерді тап, оларға сұрақ қой (тақтамен жұмыс).

15-жаттығу. Сәйкестендіру тесті.

 

Алға                                    жылжыды.

Төмен                                 қалып қойды.

Артта                                  жүгіріп кетті.

Ілгері                                  қарай жүрді.

(2 сөйлемін дәптерге жазу)

 

16-жаттығу. Сөйлемдер тақтада жазылып тұрады. Оқушылар ретімен шығып, сөйлем мүшелеріне талдайды (ауызша).

 

17-жаттығу. Суретпен жұмыс. Тақтада сурет ілініп тұрады. Сурет бойынша үстеулерді қатыстырып, әңгіме құрайды. (Топпен жұмыс)

 

18-жаттығу. Көру диктанты. Интерактивті тақтада жазылып тұрады.

 

Жоғары шығып, түсер төмен,

Ішінде мен жүріп келем.               (Лифт)

 

(Оқушылар көру диктантын жазып, шешуін табады)

— Біз  лифтімен жоғары-төмен шығып-түсіп жүргенде, менің қолымдағы парақшаларым шашылып қалыпты. Соны тездетіп ретке келтірейікші.

«Адасқан сөздер»

Мекен үстеуді бір бағанға, мезгіл үстеуді бір бағанға реттейді.

Сабақты пысықтау.

 

  Үстеу

 

 

 

Мезгіл үстеу                                        Мекен үстеу

 

Сабақты қорытындылау: Тест тапсырмасы.

Тақтада бір оқушы белгілейді, қалғаны орындарында отырып белгілейді.

Үйге тапсырма: 14-жаттығудан мекен үстеулері бар сөйлемдерді теріп жазу.

    Мадақтау,баағалау.