Диктант «Қарлығаш би»
8-сынып Қазақ тілі | |
Сабақ тақырыбы | Диктант «Қарлығаш би» |
Жалпы мақсаттар | Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау. Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету. |
Оқыту нәтижелері | Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады. |
Негізгі идеялар | Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі. Төле би – қалың ел сыйлаған, аруақты би. «Қарлығаш би» атымен де танымал. Түркі тектес халықтарға ортақ би. |
Дереккөздер,сілтемелер | «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар С.С.Бралина 2011ж . |
Ынтымақтастық атмосфера тудыру | Мұғалім жазбалары |
Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа- райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды? | |
Тұсаукесер | Ø Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Ø Мәтінге кіріспе сұрақтар беру. Ø Қазақ би- шешендері |
Мағынаны тану | Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары. Қарлығаш би Алдынан Шайхан Тәуір көрінді.Шайхан Тәуір тасас ынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес-он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Баяғы Тәуеке ханның тұсында қазақтың үш Жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек,қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді Төле би Рысқұловтан екі жүз жыл бұрын армандаған, әрекет қылған…Ташкентте он екі жыл билікқұрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой. Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді.Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таңғалған.С өйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би» деп атайды екен.Демек, онда қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш құстың қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз. (146 сөз) (Ш.Мұртаза)
|
Жазу кезеңі Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру. | |
Қосымша тапсырмалар | Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою. |
Ой толғаныс | Не себепті қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды? |
Қайталау ережелері Шшендік сөздерден 6 сөйлем жазып,сөйлем мүшесіне талдау | |
Бағалау | Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету |