Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.
Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.
Есімдіктің түрлері:
Жалпылау (определительные) есімдіктері:бәрі,бүкіл,барлық,түгел,-все
Мысалы: Барлық оқушы сыныпқа кірді.
Болымсыздық( отрицательные) есімдіктері:ешкім,ештеңе,ешқашан,ешбір,ешқайда-нигде
Мысалы: Ешкім уақытында келген жоқ.
Жаңа сөздер:
қопару-раскапывать шашу-раскидать
қорлау-издеваться тегістеу-выровнять
таңғалу-удивиься қажетті-необходимый
себебі-причина зейін-внимание
Жер-ана
(Матушка-земля)
Бейбіт балабақша ішінде жер қопарып ойнап жүр еді,бір қария:
-Әй,балам,Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.
Таңғалған Бейбіт
-Менің анам үйде,аты Зейнеп,-деді.
-Балам,онда сол Зейнеп анаңнан сұра,түсіндіреді,-деп қария
кете берді.
Бейбіт үйге келіп анасынан Жер-ана туралы сұрады.
-Балам-ай,ол кісі саған дұрыс айтқан.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз өмір жоқ.Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі.Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады…
Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен кейін барып,бақшаға барып,ашып ойнаған топырақты тегістеді.
Үй жұмысы: Тірек сөздердің көмегімен «Қыс» туралы ауызша әңгімелеу.
Қыс-зима,айлар-месяца,суық-холодно,ауа райы-погода,күндер-дни, қысқа-короткий,мереке-праздник,болады-бывает
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Есімдік (Местоимение)
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жер-ана
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, жаңа ұғымдардан түсінік беру, cөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормаларымен таныстыру.
Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын, тіл мәдениеті туралы түсініктерін дамыту, ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін білуі туралы түсініктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, жерін құрметтеуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
- Үй жұмысы.Тірек сөздердің көмегімен «Қыс» туралы ауызша әңгімелеу. Қыс-зима,айлар-месяца,суық-холодно,ауа райы-погода,күндер-дни, қысқа-короткий,бывает-болады.
III.Жаңа сабақ. Есімдік. Жер-ана
Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.
Есімдіктің түрлері:
Жалпылау (определительные) есімдіктері:бәрі,бүкіл,барлық,түгел-все
Мысалы: Барлық оқушы сыныпқа кірді.
Болымсыздық( отрицательные) есімдіктері:ешкім,ештеңе,ешқашан,ешбір,ешқайда-нигде
Мысалы: Ешкім уақытында келген жоқ.
Мәтінмен жұмыс:
а)Сөздік жұмыс.
ә) Мәтінді мәнерлеп оқу.
б) Мәтінді мәнерлеп оқыту.
в) Топпен жұмыс. (ілеспе аударма)
Жаңа сөздер:
қопару-раскапывать шашу-раскидать
қорлау-издеваться тегістеу-выровнять
таңғалу-удивиься қажетті-необходимый
себебі-причина зейін-внимание
Жер-ана
(Матушка-земля)
Бейбіт балабақша ішінде жер қопарып ойнап жүр еді,бір қария:
-Әй,балам,Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.
Таңғалған Бейбіт:
-Менің анам үйде,аты Зейнеп,-деді.
-Балам,онда сол Зейнеп анаңнан сұра,түсіндіреді,-деп қария
кете берді.
Бейбіт үйге келіп анасынан Жер-ана туралы сұрады.
-Балам-ай,ол кісі саған дұрыс айтқан.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз өмір жоқ.Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі.Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады…
Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен кейін барып,бақшаға барып,ашып ойнаған топырақты тегістеді.
Алдын ала қазақтың ұлттық бұйымы-қоржынмен таныстыру.
а)Тақтамен жұмыс.( мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, сөйлем құрау,
мәтіндегі есімдіктер: сенің,менің,сол,ол,бәріміз,онсыз,әр)
ә)Табылған есімдіктер арқылы жалғау түрлерін қайталау. («Сиқырлы қоржын» ойын элементтерін қолдану)
IV.Сабақты бекіту: Сөйлемдерді аудару арқылы есімдігі бар сөйлемді табу,ережені пысықтау.
1.Мұғалім сабаққа кірді. 2.Есімдік дегеніміз не?
2.Асан бес дәптер сатып алды. 3.Есімдіктің түрлерін ата.
3.Асылдың әдемі көйлегі бар. 4.Жер-ана тіркесінің мағынасы
4.Бәріміз мектепке келдік.
V.Үйге тапсырма: а) Жазбаша аударма.
ә) Мәтінді рөлге бөліп оқу.
б) Сөздік жаттау
VI.Оқушыларды бағалау