Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Фонетика саласы бойынша алған теориялық білімдерін практикада
қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып, білімдерін
бекіту.
- Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
- Алынған жаттығулар арқылы тәрбие жұмысын жүргізу.
Көрнекілігі: теңге, слайдтар
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, кешенді талдау, топтастыру, математикалық талдау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу
ә) түгендеу
- Үй тапсырмасын сұрау
348 – жаттығу
а) қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу
ә) Абайдың бір өлең шумағын жатқа айту
Қайталау сабағы: 1. Сұрақ: Балалар, біз тіл білімінің қандай салаларымен таныстық?
Лексика нені зерттейді? Фонетика нені зерттейді
ІІ. Оқушылар үш топқа бөлінеді
1-топ: Алғырлар 2-топ: Ойшылдар 3-топ: Тапқырлар
1 – бөлім: «Теңге алу» Таңдап теңге алады да, берілген тапсырманы орындайды. (орындаушы топ)
№1 Бірдей дыбыстан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазып, сол әріпке дыбыстық
Талдау жасау.
№2 Қатаң дыбыстан басталатын қазақтың ұлттық киімдерін ата. Ұлттық музыка
аспаптарының атын жазу. Біреуіне дыбыстық талдау жасау.
№3 Дауыссыз дыбыстардан басталатын ертегі кейіпкерлерінің атын жаз. Оның ішінен
Біреуіне дыбыстық талдау жасау.
2 – бөлім: «Жас ғалым» Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау. (шығармашылық топ)
Сөздер: сәукеле, домбыра, айбалта
3 – бөлім: «Жас математик» Берілген сөздерге математикалық талдау жасау
Сөздер: наурыз, көктем, гүлдер
4 – бөлім: «Кім білімді?» «Тасымал» өлеңі оқылады.
«Тасымалды» өттік біз.
Жаздық мысал көп-көп біз.
Деген сөзді «Темір»
Бөлдім былай: Т –
емір
Оған алдым
мен «1»
Деген сөзді «Түлкімен»
Бөлдім былай: Тү –
лкімен
Оған алдым
«2» мен
Деген сөзді «Іргелес»
Бөлдім былай: Ірге –
лес
Бұған алдым
Енді «5»
Сұрақ: 1. Оқушыға неге «1», «2» деген баға қойылды?
- «5» алуының себебі неде?
- Алғашқы екі сөзді қалай бөлсе «5» алар еді?
5 – бөлім: «Кім жылдам?» Тақтада жазылған сөйлемнің ішінен тасымалданбайтын сөздерді
теріп жазу.
«Абай ұлы ақын, терең ойшыл, елжіреген әке, ұлы ұстаз, қайраткер әрі
композитор» М. Әуезов
Тасымалданбайтын сөздер: Абай, ұлы, ақын, әке, әрі
6 – бөлім: «Жаттығулар елінде» (жалпылама)
153 — жаттығу
а) Суреттер топтамасындағы 1,2 — суреттерге қарап әңгіме құрастырып жазу.
ә) Түлкі, үйрек, қоянның мінездерін ашу.
Қорыту: «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны
- Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
- Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
- Шалға қарағанда балада не көп?
- Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
- Ант пен қант, оқ пен тоқ, ерт пен серт деген жұп сөздерде екі ұқсастық және
екі айырмашылық бар екен. Соны тауып дәлелдеші.
- Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар. Олар қалай ұқсас бола алады?
Үйге тапсырма: а) 354 – жаттығу
- дыбыстық талдау
- математикалық талдау
- фонетикалық талдау
Оқушыларды бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларға тиісті бағасын қою, жеңген топты мадақтау, марапаттау.