Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары
Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары
Біз өмір сүріп отырған көп ұлтты елімізде көп тіл меңгерген жеке тұлға қалыптастыру қолға алынып отыр. Өзің оқытып отырған сынып оқушыларын бірнеше жыл қатарынан білім нәріне сусындатып қана емес, алдағы өмір жолына дайындау, соның ішінде мектептің де, мұғалім мен оқушы мәртебесін арттырар ҰБТ сынағына дайындау жолы – бірден – бір үлкен мәселелердің бірі. Даярлық тобынан бастап алған сыныбыңды мектеп бітіргенше оқыту, пән олимпиадасына дайындау және пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолы жылдар бойына жалғасу керек. ҰБТ сынағына барар ұзақ жолда пән мұғалімі өз оқушыларын ойлауға, ойлануға және талдап, таңдай білуге дағдыландыратыны сөзсіз. Неден бастау керек? Қалай бастау керек деген сұрақтар мұғалімді ойландыруы мүмкін Ол үшін, әрине, арнайы қосымша, дидактикалық материалдардың қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен, біз оқытып жүрген оқулыққа ештеңе жетпейді. Сондықтан жоғарғы сынып мұғалімі сағат бөлінген соң, сол сыныптың оқулығымен терең танысуы керек.Іс жүзінде орыс мектебінің оқушылары қазақ тілінен өте жоғары ұпай жинап 100% білім сапасын көрсетеді. 2007 – 2008 оқу жылының қыркүйек айында Б ж ҒМ ұйғарымымен қазақ мектептері орыс тілінен, орыс мектептері қазақ тілінен ҰБТ тапсыратындығы туралы қаулы қабылданды. Міне, осы жылдан бастап біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері аянбай тер төгіп, еңбектерінің жемісін көріп келеді. БҚО ПКБЖИ, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинеті сол жылы Ғ.Қ.Хасановтың осы тақырып аясында шебер сыныбына пән мұғалімдерін жинады. Өзіне сеніп тапсырылған оқушыларын пән бойынша ҰБТ сынағына қалай дайындау жолын өз бетінше ізденіп, еңбектеніп жүрген мұғалімдерге БҚГА ф.ғ. докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасанов керемет нұсқау берді. Семинардың тақырыбы: «Лексикалық тақырыптар бойынша МАБ-қа дайындау әдістері». Сонда менің көп көңіл аударғаным, егер оқушы төрт түрлі талдау (синтаксистік, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық) жолын меңгерсе білім сапасы да, үлгерім көрсеткіші мен ұпай саны да жоғары болары сөзсіз екен. Сонымен қатар, ҰБТ сынағына дайындау жолы үлкен жүйелі жұмысты талап етеді. Сабақтарда да түрлі тестерді қолданамыз. Яғни тест дайындау, оған дайындалу және тапсыру мәселелерінде біраз тәжірибе жинақтап қалдық. Жалпы тест атаулының мәнісіне тереңірек үңіліп, оның қасиет-ерекшеліктерін парықтап, пайымдауға уақыттың өзі мүмкіндік бергендей. Ал қай тірлікті де оқтын-оқтын саралап, санадан өткізіп, зерделеп-топшылап отыру тірлікке айқындылық пен жаңа серпін береді. Мектеп оқулықтарының жиі-жиі өзгеріп отыруы көңілге қаяу ұялатады және бар қайшылықтың төркіні де осында жатыр. ҰБТ-ның мақсаты — мектеп оқушыларының ішінен жоғары оқу орындарына (ЖОО) ең білімді жастарды барынша объективті түрде іріктеп алу. Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің бағасы жалпы ұпай санына қосылғанменен ЖОО түсу барысында есептелмейтіні белгілі, міне, осындай өздері шаршап негізгі пәндерден дұрыс ұпай жинап ала алмай жүрген оқушыға қазақ тілінен дұрыс ұпай жина деп шарт қоюдың өзі ауыр екен. Сондай сәттерде мен мынадай шешім қабылдап, осы бастама арқылы жұмыстандым: Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары. Осы ауылда, осы ортада өсіп білім алып келе жатқан жоғары сынып оқушысы мен кеше ғана көшіп келген оралман баланың тілді меңгеру қабілеті екі түрлі. Осындай жаңадан көшіп келген немесе мектеп ауыстырған баламен жұмыстану үшін төмендегідей жеке жұмыс жоспарын құрдық. 1.Өз бетімен және мұғалім көмегімен тест сауалдарына жауап беру. 2. Оқулықпен жеке жұмыстана білу. 3. Өткен тақырыптарды қайталай білуге уақыт қалдыру. 4. Үй тапсырмасын жіті, толық орындай алу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз ету. 5. Сабақтан тыс уақытта қиын, күрделі сұрақтардың шешімін бірге таба білуге дағдыландыру. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелігі бірлестігінің әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың танымдық қабілетін интерактивтік оқыту жүйесімен жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдермен оқыту» Пән бойынша ОЖІБ сынағына дайындау жолында жүргізілетін іс – шаралар. 2013 – 2014 оқу жылы.
Пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолында жүргізілетін іс – шаралар 2013 – 2014 оқу жылы.
Сіздердің көңілдеріңізге қазақ тілі пәнінен нашар оқитын оқушылармен жүргізілер жұмыс түрлерін ұсынғым келеді. Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады. Жүргізілер жұмыс түрлері.
ҰБТ сынағына дайындық. (тәжірибеден) 1) Әр ҰБТ сынағының қорытындысы шығарылады;
Соңғы 3 жылда пән бойынша ҰБТ сынағынын қорытындысы.
Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша білім сапасы жыл соңында үнемі 100% құрайды. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ сынағын жоғарғы деңгейде көрсетіп жүр. Жыл барысында пән бірлестігіне АББ әдістемелік кабинеті әдіскері қарамағынан бірнеше рет әдістемелік көмек көрсетілді. ҰБТ сынағына 16 оқушы қатысып, өздерінің пән бойынша білімдерін көрсетті. Орташа ұпай 21,9%, Білім көрсеткіші 100%. Осы оқу жылында пән бойынша интернет олимпиадаға қатыстық. ҰБТ сынағына дайындау барысы тек қана тест сауалдарын жауап беру деген сөз емес, жыл басында қаралған, талданған, бекітілген тақырыптық – күнтізбелік жоспарымызға сәйкес жұмысымызды жүргіземіз, мәтін оқып, аударып, талдап, сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындаймыз. Оқулықта берілген мәтінді оқу, талдау, аудару жұмыстары арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілеті артады. Төрт түрлі талдау жолын терең түсінген оқушы 25 сұрақтан 25 жауап алары сөзсіз. 1 – талдау синтаксистік талдау. 2 – талдау морфологиялық талдау. 3 – талдау лексикалық талдау. 4 – фонетикалық талдау.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін олимпиадалық қозғалыстарды олан әрі өркендету үшін Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды Өркендету – жаңарту, жалғастыру, дамыту т.б. Ал, осы жерде қосымша сұрақтар қоюға болады. Мысалы, тест сауалдарында спорт туралы қандай сұрақтар кездесті? Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов сияқты спорт саңлақтары туралы білгендерін ортаға салуға болады. Міне, осылай мәтінде берілген әр сөйлемді талдау және аудару арқылы оқушының қазақ тілі пәнінен білім сапасын көтеруге болады. Талдау барысында көбінесе лексика саласына көп көңіл бөлінеді. Себебі, тест сауалдарында синоним, антоним және омоним болатын сөздерге сұрақтар жиі кездеседі.
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы болса, сол тоғыз сөз табын есте сақтау үшін морфологиялық талдау жүргіземіз. Еліміз – з.е, тәу ж көпше түрі 1 – ж. тәуелсіздік — з е. Алғаннан – ет, есімше, жс. кейін — септеулік шылау. Олимпиадалық – з е . сын есім тудырып тұрған жұрнақ Қозғалыстарды – з е. К ж. Тс ж Одан – есімдік, шығыс септігі Әрі – шылау өркендету үшін – Ұлттық – сын есім, олимпиадалық комитет – құрылды – етістік, етіс, Сонда байқайтыным:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасының көрсеткіші |
Пән бірлестігі мұғалімдері жыл барысында бірлестіктің әдістемелік тақырыбына сәйкес сабақ жоспарларын құрып, сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс – шараларын ұйымдастырды. №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері бірлестігінің мұғалімдері өзге тіл мамандарымен бірлесе отырып 22 – қыркүйек «Тілдер мерекесі» күнін атап өтті. Осы игі іс барысында :
Іс – шара атауы | Мерзімі | Қатысқан сыныптар. | Ұйымдастырушы |
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайыс сабақ | 22. 09. 2012ж | 9 – 11 сыныптар. | Пернебекова АС Даулетбекова Ш М Шагиева Н Т |
Тілдер күніне орай «ҚР Тілдер күні» жаргазеттер байқауы. | 18 – 22. 09 | 7 – 8 сыныптар. | Пән мұғалімдері |
Көркемсөз оқу сайысы | 21.09. | 3 — 4 сыныптар. | Пән мұғалімдері |
Шығармалар сайысы. | 5 – 6 сыныптар. | Пән мұғалімдері |
Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады.
Мектебіміздегі жыл сайын оқу жылының басында ұйымдастырылатын «Ең үздік әдістемелік жоба» атты әдістемелік бірлестіктер сайысына қатысып, мақтау қағазына ие болдық. Бұл сайысқа әдістемелік бірлестік мүшелері бірлестік жетекшісімен бірге «Ұлы аталған көзінің тірісінде» деген жобамен шықты. Өз бірлестігінің ауызбіршілігін, ынтымақтығын көрсете білген әдістемелік бірлестіктердің алдына шыққан бірлестік ұстаздары жыл бойы бекітілген жобамен жоспарға сәйкес жұмыстанды. Жыл барысында Ш.М.Даулетбекова Кембридж университетінің әдістемесін оқытатын үш айлық курстан өтті. Сонымен қатар, барлық пән мұғалімдері «Биақпараттандыру және Синергетика» технологиясы оқуынан өтіп, сертификат алды.
Республикалық «Ақбота» танымдық сайысында 8 – сынып оқушылары Жантлеуова А, Никишин А және Сизова Вероника жүлделі орындарға ие болды. Облыстық Білім Департаментінің бұйрығы бойынша аудандық білім бөлімінің нұсқау хатымен аудан мектептерінде белгілі ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған іс – шаралар ұйымдастырылды. Осындай іс – шаралар біздің мектепте де, қазақ тілі мамандарының жетегімен ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мектептегі саз пәні маманымен бірлесе отырып ақын сөздеріне жазылған әндерді шырқаса, орта буын оқушылары Қадыр ақын шығармаларын жатқа оқыды. 9 – 11 сынып оқушылары ақынның өмір жолына және шығармашылық жолына арналған шығармалар сайысына ат салысып қатысты. Аудан оқушылары арасында оздырылатын пән олимпиадасына оқушыларымыз қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша онкүндікте жүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар жоспары. 2013 – 2014 ож.
Мектебімізде ұйымдастырылатын пән онкүндігі аясында жүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар халқымыздың аяулы ұлы, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыруға бағыттаймыз.
Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке, әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Орыс тілді оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту.Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
№ | Іс – шара атауы | Мерзімі | Қатысатын сыныптар. | Ұйымдастырушы ұстаз. |
Пән онкүндігінің салтанатты ашылуы | 20.01.14ж. | |||
Нәтиже сабақ. «Менің досым,жалғаудың түрлері» | 21.01.14ж. | 3а, 1-сабақ | Утепбергенова АК | |
1 | «Лирик ақын- Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы | 23.01.14ж. | 2 – 4 сыныптар | Муканова А.А. Утепбергенова А.К. Пернебекова А.С. |
2 | «Ақиық ақын- Мұқағали Мақатаев» сынып сағаты.
| 25 01 14ж | 7 – 8 сыныптар | Даулетбекова Ш.М. Жакаева А.Е. |
3 | Мұхтар Әуезов «Көксерек». Ашық сабақ. (әдебиет) | 24 01 14ж | 7 – сынып | Даулетбекова Ш.М. |
4 | Ақын шығармашылығына арналған жаргазеттер сайысы. | Апталық барысында | 7 – 11 сыныптар | Пән мұғалімдері Сынып жетекшілері. |
5 | Мектепішілік сайыс «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев поэзиясын насихаттау.
| 31 01 14ж | 8 – 10 сыныптар | Даулетбекова Ш.М. Шагиева Н.Т. Утепбергенова А.К. |
6 | Ақын шығармаларына байланысты суреттер сайысы. | Апталық барысында | 5 – 6 сыныптар | Шагиева Н.Т. Пернебекова А.С. |
7 | «Мемлекеттік тіл білгірі» мектеп мұғалімдері арасындағы сайыс. | Даулетбекова Ш.М.
|
2013 – 2014 оқу жылындағы №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР «Тілдер күні» мерекесіне орай жүргізілген жұмыстар.
2013 – 2014 оқу жылындағы №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР «Тілдер күні» мерекесіне орай бірнеше іс – шаралар жүзеге асырылды. Бастауыш сыныптарда тіл мерекесіне орай пән мұғалімі Муканова А А ашық тәрбие сағатын ұйымдастырса, 9 – 11 сынып оқушылары үшін көркем сөз оқу жарысы және «Полиглот» танымдық сайысы үш тілде өтті. «Полиглот» танымдық сайысының жеңімпазы кударова Камила, орын Румянцова Маша және орынды Кусаинова Дина иеленді. 10 – сынып оқушылары шығармалар сайысына қатысты. 5 – 8 сынып оқушылары мемлекеттік тілде жаргазеттер шығарды. Мектебіміздің 9 – сынып оқушыларына арнап пән мұғалімдері А К Утепбергенова мен Ш М Даулетбекова «Тілім барда…» атты ашық іс – шара ұйымдастырды. Іс – шара жүргізушілері болып 7 – сынып оқушылары Бестаубаева Альфиур мен Асауов Олжас таңдалып алынды. Мемлекеттік тілде өлең оқып, ән шырқаған 9 – сынып оқушылары өздерінің танымдық қабілеттерін ұштады. Мектеп оқушыларымен жүргізілген іс – шаралар өз жемісін беріп, елімізді мекендейтін барлық ұлт тілдерін сыйлау, қадірлеу, құрметтеу және соның ішінде мемелекеттік тілге деген мақтаныш сезімдері артып, патриоттық сезімдері оянды деп ойлаймын. Мемелекеттік тілде жаргазеттер жарысы және шығармалар сайысы өзінің жетістіктерін көрсетті. Шығармалар сайысына 21оқушы қатысып, Галиева Альбина, Сулейменова Аида, Бисенова Алина және Болесова Катя сынды оқушылардың еңбектері жоғары бағаланды. Мектебіміздің ең жоғарғы 11 – сыныптары үшін «Менің мемлекеттік тілім» атты тәрбие сағатын сынып жетекшілері, әрі қазақ тілі пән мұғалімдері А С Пернебекова мен Н Т Шагиева өткізді. Міне, осындай тынымсыз еңбектің арқасында қазақ тілінен үнемі ҰБТ сынағынан жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрміз.