Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі
Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау.
Сайысқа үш кластан алынған 3 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты. Әділ қазылар алқасы.
2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.
3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
4 кезең. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.
5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
6 кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады.
7 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
І топтың сұрақтары:
- А.Байтұрсынов кім?
- Неміс елінде айтылатын қазақ әнінің авторы кім?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім?
- Жүз жасаған ақын?
- «Шаһар» сөзінің синонимі?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Тұрлаусыз мүшелерді ата?
- М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
- Әл-Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған?
- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
- «Ақылды» сөзінің түбірі?
- Абайдың қанша қарасөзі бар?
- Ата Заң күні қашан?
- Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
ІІ топтың сұрақтары:
- «Бес Арыс» деген кімдер?
- Жалғаудың неше түрі бар?
- Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
- Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
- Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
- Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
- Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
- Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
- «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
- Білім және Ғылым Министрі кім?
- Қазақстан жерінен өткен жол.
- «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
- Әнұранның авторларын атап бер.
ІІІ топтың сұрақтары:
- Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған үш бәйтерек кімдер?
- Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау қай жылы басталды?
- Қазақ халқының тұңғыш романисі?
- «Оян қазақ» кімнің шығармасы?
- Түркістан қазақ халқының қандай қаласы?
- Жаза алмайтын атақты ақын кім?
- Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз?
- Абайдың туған жылы.
- Абайдың қандай өлеңдері бар?
- ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?
- Құлагер кімнің аты?
- ҚР-ның рәміздерін ата.
- Әл-Фараби өмірге келген қала.
- «Домбыра» өлеңін кім жазған?
- Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.
4 кезең. «Елші» Мәтінді оқып, аударыңдар.
Сотни тысяч слов в нашем языке, он на первое место я бы поставил тир слов: хлеб, труд народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Это самое сущность нашего строя. И эти корни так прочнопереплелись, что ни разровать их, ни разделить никогда. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.
5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»
Сұрақтар: І топқа
- Нағашы деген кім?
- Құдайы тамақ беру деген не?
- Ұлттық киімдерді атап бер.
- Бет ашар туралы не білесің?
- сырға салу деген не?
- Ұлттық ойындарды атап бер.
ІІ топқа
- Айт мейрамы туралы не білесің?
- Құда, құдағи дегендер кімдер?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Шілдехана деген не?
- Қымыз қалай жасалады?
- Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
ІІІ топқа
- Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
- Құда шақыру деген не?
- Ақсүйек қандай ойын?
- Тұсау кесу деген не?
- Қандай туыстық атауларды білесің?
- Ораза деген не?
6 кезең. «Сен не істейсің?»
- Жаңа сойылған қойдың еті, ішек, тұз, сарымсақ, ағаш пен жіп, пышақ сияқты заттар пайдаланып, сен не істер едің?
- Майда еттартқыштан өткізілген ет, оқтай-тақтай, жуа, ұн, су, май сияқты заттарды пайдаланып, сен не істер едің?
- Ет, жуа, ұн, тұз, су, леген, тақтай, пышақ болғанда, сен не істер едің?
7 кезең. «Тапқырлық»
Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
- Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
- Бал тамған тілден … (у тамған).
- Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты … (сөз бұзар).
- Жақсы сөз — … (жарым ырыс)
- Қаһарлы сөз … (қамал бұзар)
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің … (тілі ортақ).
- Жақсы байқап сөйлер, жаман … (шайқап сөйлер).
- Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
- Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
- Тіл қылыштан … (өткір).
- Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
- Тілден артық … (қазына жоқ).
- Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі … (ой өсіреді).
- Жыланның уы тісінде, Адамның уы … (тілінде).
- Ең ащы да тіл, ең … (тәтті де тіл).
- Өнер алды — … (қызыл тіл).
- Айтылған сөз — … (атылған оқ).
- Жылы-жылы сөйлесең, жылан … (інінен шығады).
- Басқа пәле — … (тілден).
- Білім кілті — … (тіл).
- Тілге құрмет — … (елге құрмет).
«Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыздың соңы ән мен күйге, биге айналады. Жеңімпазда ранықталып, сыйлықтар тапсырылады.